2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Махамбет аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Махамбет аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 29 қаңтардағы

№2  қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған,

№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

шығып қалған Махамбет аудандық мәслихаты депутатының

орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округінің шекарсы мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

                                                                               (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылғы 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Махамбет аудандық мәслихаты (әрі қарай аудандық мәслихат) депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2025 жылдың 29 қаңтарда басталады және 28 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына                    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2025 жылдың 29 қаңтарда басталады және 5 наурызда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                     (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                        (104-б. 6-1-т. 1) тт., 16-1-б. 6) тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6) тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                            (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде)

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Махамбет ауданы әкімдігі және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 5 наурызға дейін   

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

2025 жылдың 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағаттан кейін басталады және 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет ауданының әкімдігі және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

 

 

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Махамбет ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 9 наурыз

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2025 жылғы 14 наурыздан бастап

                                                                     (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

 

 

                                           

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 наурызға дейін

   (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

 

 

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 27 наурыз - 29 наурыз

(37-б. 3-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) тт., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                          (108-б. 1-т.)

 

28. Аудандық мәслихат депутатының сайлау қорытындыларын анықтау

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей 

(14-б. 9) тт., 44-б. 2-т,. 108-б. 2-т.)

 

29. Аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) тт., 44-б. 4-т. 2) тт.)

 

30. Шығып қалған аудандық мәслихат депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                           

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) тт., 46-б. 3-т., 1) тт., 112-б. 1-т.)

 

 

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
29 января 2025