«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Махамбет ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 5 наурызға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, Махамбет ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Жайық шұғыласы» аудандық газетінде және Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төраға орынбасары А.Сисенов
Махамбет аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшы М.Қабдол