№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының                  1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Мақат ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 5 наурызға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, Мақат ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Мақат тынысы» аудандық газетінде және Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                           Р.Мақсотов

 

Хатшы                                                                                           М.Уәли

Дата публикации
29 января 2025