№4 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының                    1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №4 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға ауданының шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 5 наурызға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Қызылқоға ауданы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы «Қызылқоға» аудандық газетінде және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                          М. Муканов

 

Хатшы                                                                                           Е. Ульжабаев

Дата публикации
29 января 2025