«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №12 және №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Атырау қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 29 қаңтардан 28 ақпанға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 5 наурызға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Атырау қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» қоғамдық-саяси газеттерінде және Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төраға орынбасары А.Давлетов
Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы А. Арыстанова
Атырау қаласы
2024 жылғы 29 қаңтар
№3