Өтініштердің статистикасы

Атырау облысы жергілікті атқарушы

органдарында 2024 жылдың

қорытындысы бойынша

жолданымдармен жұмыс туралы

 

Өтініштердің статистикасы

 

  2024 жылы  жергілікті атқарушы органдарға балығы 48 833 жолданым келіп түскен (2023 ж- 39104),  24,8 % -ға өскен.

Өтініштердің түрлері бойынша: арыз – 30361, шағым – 2033, сұрау салу,үн қосу, хабарлама - 11559, ұсыныс – 4880.

Жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштер саны:

Атырау қаласы әкімдігі - 7212 (32,0%);

Облыстық басқармалар бойынша - 8732 (38,7%);

Аудандар бойынша - 3997 (17,7%);

Облыс әкімі аппараты - 2619 (11,6%).

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері анықталды:

ТОП-1:  Жер қатынастары - 6052 (12,4%); ТОП -2: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық - 5330 (10,9%); ТОП -3: Білім беру - 5227 (10,7%); ТОП -4: Төтенше жағдайлар - 3095 (6,3%); ТОП -5: жеке қабылдау - 2403 (4,9%).

Сондай-ақ, тәуекелдер карталарын қалыптастыру нәтижесінде 2024 жылы 84  жүйелі мәселелер анықталды. Оның ішінде, өзекті ТОП-5 мәселелер:

ТОП-1:  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 32 (38,09%);

ТОП -2: Құрылыс – 8 (9,52%);

ТОП -3: Ауыл шаруашылығы – 8 (9,52%);

ТОП -4: Тұрғын үй бөлу – 6 (7,14%);

ТОП -5: Еңбек дауы - 4 (4,76%).

Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер:

Заң талаптарына сәйкес түсінік берілді -60, оң шешілді -20, қарастыруды тоқтату – 1, назарға алынды – 2, орындалу үстінде – 1.

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы

2024 жылдың 12 ай бойынша Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 1558 қабылдауы ұйымдастырылып, 4921 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 816 өтініш оң шешілді, 3912 өтінішке заң талаптарына сай түсінік беріліп, қалған 193 өтініш қазіргі уақытта қаралуда.

Қабылдау нәтижесімен 14 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 199 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы

Ағымдағы жылы АҚО-на келген азаматтардың саны – 17474 (облыстық, қалалық және аудандық АҚО-ларда), оның ішінде: кеңес алғандар саны - 14257,  МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны- 3217, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 14052.

Дата публикации
27 января 2025