| Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 19-қосымша | ||||||||||
| 2024 жылғы 4-тоқсан және 12-ай бойынша Qlik талдамалық жүйесінің деректері негізінде анықталған ТОП-3 өзекті проблемалар жөніндегі есеп Атырау облысы әкімдігі | ||||||||||
| № п/п | Мемлекеттік органдардың атауы | ТОП-3 мәселе/саны/% | ТОП-3/саны/ алдыңғы кезеңнің % | Өзекті мәселелердің өзгеру серпіні | Өтініш берушілер көтеретін проблемаларды шешу жөніндегі шаралар | |||||
| (2024 ж, 4 тоқсан-10114) | (2024 ж, 3 тоқсан-10986) | |||||||||
| Өтініштердің барлығы | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ||||
| А | Атырау облысы әкімдігі | 10114 | Жер және жерді пайдалану мәселесі - 1726/17,06% | Білім беру мәселесі- 1491/14,74% |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселесі – 1221/12,07% |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселесі – 1549/14,10% |
Жер және жерді пайдалану мәселесі - 1519/13,82% | Білім беру мәселесі- 1159/10,55% |
ТОП-1 Жер және жерді пайдалану мәселесі (2024ж, 3 тоқсан– 1519 2024ж, 4 тоқсан- 1726) өсім 13,62%; ТОП -2 Білім беру мәселесі– (2024ж, 3 тоқсан- 1159 2024ж, 4 тоқсан -1491) өсім 25,19%; ТОП -3 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселес- (2024ж, 3 тоқсан- 1549 2024ж, 4 тоқсан- 1221) төмендеу 21,17%; |
ТОП-1. Жер және жерді пайдалану мәселесі - 1726/17,06%. 2024 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл сайын бекітіліп отырған жоспарына сәйкес өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатырған 90 мың га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда облыста 92 мың га құрайтын пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 77 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде 85,2 мың га жайылым 1,9 мың егістік, 4,9 мың басқа алқабы болып саналады. Бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. 2024 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің конкурс арқылы 68,5 мың гақұрайтын 170 жер учаскелері табысталып отыр, ал жалпы саны 289 жер 109,6 мың га конкурсқа ұсынылды. Жалпы 2024 жыл бойынша облысымызда аукцион 69,7 га құрайтын 41 жер табысталды. Тұрғын үй құрылыыс үшін жер учаскесін алу. 2024 жылы облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 163 мың астам азамат тіркелген (Оның ішінде, облыс орталығы Атырау қаласы бойынша 129 мың астам азамат) және осы мақсатта 572 жер учаскесі табысталды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінің саны 2016 жылы -98300, 2017 жылы - 107833, 2018 жылы - 111764, 2019 жылы - 115309,2020 жылы - 117864, 2021 жылы - 122185, 2022 жылы - 137178, 2023 жылы - 148145, азамат тұрды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2016 жылы-826, 2017 жылы -2455, 2018 жылы – 1177, 2019 жылы-789, 2020 жылы- 1488, 2021 жылы – 2716, 2022 жылы - 1955, 2023 жылы – 1455, 2024 жылы 572 жер учаскесі табысталды. ТОП-2. Білім беру мәселесі - 1491/14,74%. Апатты мектептер. №. Апатты мектептер. Қабылданған шаралар. 1.Индер ауданының Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінің құрылысы жүргізілуде.Аяқталу мерзімі – 2025 жыл. 2.Атырау қаласы №10 С.Мұқанов атындағы орта мектебі 2024 жыл – ЖСҚ-ны жасақтау 3.Атырау қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі ске асырылу уақыты 2024-2025 жж. 4.Атырау қаласы М.Ломоносов атындағы орта мектебі.2024 жыл – ЖСҚ-ны жасақтау 5.Махамбет ауданы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп.2024 жыл – ЖСҚ-ны жасақтау 6.Атырау қаласы Үш тілде білім беретін №30 мектеп-гимназиясы.2024 жыл – ЖСҚ-ны жасақтау 7.Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының орта мектебі.2024 жыл – ЖСҚ-ны түзету Үш ауысымды мектептер. №. Үш ауысымды мектептер. Қабылданған шаралар. 1..№2 орта мектеп.Атырау қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында 2000 орындық мектептің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді, №2 орта мектебінің мәселесін ішінара шешті. Атырау қ., Ж.Елеусова, 69 көш. мекенжайы бойынша 2000 орындық орта мектеп құрылысын салу арқылы шешу көзделген. 2.№3 мектеп-гимназиясы.Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында 2000 орындық мектептің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді, №3 мектеп-гимназиясының мәселесін ішінара шешті. Атырау қаласының «Ақ шағала» шағын ауданынан 2000 орындық мектептің құрылысын салу жоспарланған.ЖСҚ жасақталған, 250 орындық жапсаржай құрылысын салу жоспарланған. 3.№16 мектеп-лицейі Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында 2000 орындық мектептің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді, №16 мектеп-лицейінің мәселесін ішінара шешті. Мектеп әкімшілігі ішкі ресурстарды қолдану (қосымша кабинеттер ашу) арқылы үш ауысымдық мәселесін шешті. Қазіргі уақытта, оқушалар екі ауысымда оқуда. ЖСҚ жасақталған, алдағы уақытта үш ауысымдық мәселесін болдырмау үшін 250 орындық жапсаржай құрылысын салу жоспарланған. 4.№17 мектеп-гимназиясы.Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында 2000 орындық мектептің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді, №17 мектеп-лицейінің мәселесін ішінара шешті. Атырау қаласының «Драматеатр» аумағынан 2000 орындық мектептің құрылысын салу жоспарланған. ЖСҚ жасақталған, 250 орындық жапсаржай құрылысын салу жоспарланған. 6.№22 орта мектеп.2021 жылы Атырау қаласының «Береке» шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды, жаңа мектеп ішінара №22 мектептің мәселесін ішінара шешті. Атырау қаласы №24 орта мектептің жанынан 500 орындық қосымша ғимараттың құрылысын салу арқылы мәселені жанама шешу жоспарланған. 7.№24 орта мектеп.Атырау қаласы №24 орта мектептің жанынан 500 орындық қосымша ғимараттың құрылысын салу жоспарланған. 8.№39 орта мектеп.«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Атырау қаласының «Жұлдыз-2», «Жұлдыз-3» шағын аудандарында 900 орындық, мектептердің құрылысын салу 9.№32 орта мектеп.«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Атырау қаласы «Водников» шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы салынып, қолданысқа берілді, мәселе ретімен шешілуде. Атырау қаласы «Тасқала-2» ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. 10.Тауман Амандосов атындағы орта мектеп «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Атырау қаласы «Водников» шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы салынып, қолданысқа берілді, мәселе ретімен шешілуде. Атырау қаласы «Тасқала-2» ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. 11. Еркінқала орта мектебі.Атырау қаласы «Еркінқала-2» ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы. Білім беру саласындағы бекітілген «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Атырау облысында 2023-2025 жылдар аралығында 12 мектептің құрылысы жоспарланған. 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы салынып, қолданысқа берілді. Білім беруді цифрландыру жұмыстары. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру автоматтандырылды indigo.kz, EGOV порталы барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдары ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы электрондық жолдама алды, балаларды мектепке қабылдау автоматтандырылды, бұл автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 90%-ға төмендеуіне алып келді және Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етті. Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері туралы. Қазіргі кезде облыс көлемінде 208 мемлекеттік мектеп бар. Аталған мектептердің барлығы 13 867 бейнебақылау камерасымен қамтылған. Мектептерде дабыл түймесі мен турникеттер толықтай камтылған. Білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында білім алушылар қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген және күнделікті бақылауға алынған. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік білім беру ұйымдары қосымша 1567 бейнебақылау жүйелерімен (оның ішінде мектеп-1070, балабақша-497) жарақтандырылған.Білім беру мекемелерін қосымша техникалық жабдықтау жүйелерімен (бейнебақылау камераларымен) жарақтандыру жөніндегі ақпаратты тоқсан сайын берілетін хабарлайды. Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу. Кадр тапшылығына жол бермеу мақсатында жергілікті жастардың оқуына қолдау көрсетілетін болады. Қазіргі таңда өңірлік квоталар мәселесі жолға қойылған. Облыс әкімімен 2017 жылдан бастап ауылдық жерде тұратын жастарды, аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды және дарынды оқушыларды қолдауға арналған өңірлік квоталар бөлініп келеді. Облысымызда тапшы мамандықтар тізімі мен ЖОО қабылдау талаптарына сай сұраныс жасақталды. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 151 грант бөлінді. Оның ішінде, педагогикалық мамандықтарға-46, медициналық мамандыққа-83, дінтану мамандығына-11, ветеринария мамандығына-1, туризм және сервис мамандығына -10 грант бөлінді. ТОП-3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселесі - 1221/12,07%. 1.Тұрғын үйкезегі. Жалдау ақысының бірбөлігін субсидиялау мәселелері. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың сәуір айынан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске қосылып, «Отбасы банк» АҚ-ы арқылы жалдау төлемдерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнде келіп түскен өтінімдердің ішінде 540 адамға төлемдер жүзеге асырылуда.Тұрғын үймен қамту бағытында бірқатар өңірлік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның бірі «Атырау жастары» ипотекалық бағдарламасы бекітіліп, жергілікті бюджет есебінен 1,0 млрд.теңге қаражат бөлінді. Алғашқы бағдарлама аясында 103 жас маман тұрғын үймен қамтылды. Бағдарлама аясында Денсаулық сақтау саласы, Білім беру саласы, Мәдениет саласы, Спорт, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары, Бұқаралық Ақпарат Құралдары, Әлеуметтік сала, Коммуналдық қызметтер/мекемелер, Төтенше жағдай министрлігінің/төтенше жағдай департаментінің қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, ішкі істер органдарының, прокуратурасының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының құқық қорғау органдарының өзге де қызметкерлері, «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «Қазпочта» АҚ қызметкерлері үшін жекебаспанаалу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік беріледі. Ағымдағы жылы 2,0 млрд.теңге қаражат бөлініп, бүгінгі таңда 48 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.Соныменқатар «Бақытты отбасы - Атырау» бағдарламасы өңірлік бағдарламасы бекітілді. 2. Ауыз сумен қамту. Бүгінгі күні облыс халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 99,8% (709 100 адам) құрайды. Оның ішінде Атырау және Құлсары қалаларында 100% (390,6 мың адам), ауылдарда – 99,7 % (318,5 мың адам).2024 жылы Қоңыраулы Аққора, Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан ауылдарында су желісін жүргізу жұмыстары аяқталды. Исатай ауданы Өркен, Махамбет ауданы Жалгансай ауылындағы су тазарту имаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. 14 ауылда су тазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда (Исатай ауданы Томан, Қаратүбек, Құрманғазы ауданы – Котяевка-Кудряшова, Махамбет ауданындағы - Талдыкөл, Ақтоғай, Таңдай, Ескі Сарайшық, Сарайшық, Ақжайық, Алға, Бейбарыс, Есбол, Сарытоғай, Ортақшыл). 3.Газбен қамту. Қазіргі таңда, Атырау облысының газбен қамтылу деңгейі 99,9% құрайды.Ағымдағы жылы Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдарын газбен қамту жұмыстары аяқталды . 4. Электрмен жабдықтау. Атырау облысы әкімдігімен елді мекендерде электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл Мақат ауданы Мақат ауылындағы құрылыс жұмыстары аяқталды. Атырау қ., Ақкөл, Сары-өзек елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Томан ауылында іске-қосу реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, Самал, Нұрсая мөлтек аудандарын тұрақты электр желісімен қамту үшін «Нұрсая» 110кВ ҚС дейін 110кВ-ӘЖ қайта жаңғыртумен «Самал» 110кВ ҚС салу» үшін құрылыс жұмысттары ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап іске асырылуда. Жобаның аяқталуы 2025 жыл. |