Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Атырау облысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке қабылдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Облыс әкімі аппаратына 2020 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2565 өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстырғанда (2019 ж -2256) 13,6 %-ға артып отыр:
Жеке тұлғалардан - 1096 (2019 ж - 1909);
Заңды тұлғалардан - 1336 (2019 ж - 200);
Ұжымдық арыз - 132 (2019ж - 146);
АНМ -1 (2019 - 1).
Келіп түскен өтініштердің 501-і облыс әкімі аппаратымен қаралып, заңға сәйкес жауаптар берілді. 2038 өтініш құзырлы мемлекеттік органдардың қарауына жолданған, 26 арызданушының мәселесі оң шешілді (тұрғын үймен көмек, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және басқа да мәселелер).
Сонымен қатар, тікелей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне арызданған 109 азаматтың және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне арызданған 19 азаматтың өтініштері облыс әкімдігіне құзыреттілік бойынша қарау үшін жолданып, заң аясында арызданушыларға жауаптары берілді.
Атырау облысы әкімідігінің азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсесіне жеке мәселелерімен хабарласқан 1000-нан аса азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңестер беріліп, мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіліп отыр.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанынан халықтың өзекті мәселелеріне жауап беруге арналған 109 орталығына 304 446 азаматтар және 112 жедел байланыс call-орталығына 353 121 азаматтар хабарласып, қызметтер көрсетілген.
Тұрғындардың мәселелерін ашық түрде қарау және қанағаттандыру мақсатында «Атырау облысының әкімдігі» телеграм-чат каналы онлайн форматта жұмыс жасап келеді. Тұрғындар тарапынан келген сұрақтарға тиісті мекеме қызметкерлерімен жауаптар беріліп отырады.
2020 жылдың 9 айында облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 155 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімімен 9 қабылдау өткізіліп, 114 азамат жеке қабылданды.
Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.