Өңір халқымен төтенше жағдай және коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне қатысты өзара әрекеттестік, қолжетімділік, ашықтық пен жариялылық орнату аясында, олардың өзекті сұрақтарына жауап беруге арналған «109» (операторлар саны-24) және «112» (операторлар саны-17) жедел байланыс call-орталықтары қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытқа дейін «109» қызметіне 141 718, «112» қызметіне 280 000 адам қоңырау шалған және ол бойынша тиісті шаралар алынған.
Сондай-ақ, «Атырау облысының әкімдігінің» телеграм-чат каналы онлайн форматта жұмыс жасауда. Ал, ол өз кезегінде тұрғындардың мәселелері бойынша нақты уақыт режимінде сұрақтарын қоюға және оған шұғыл түрде жауап алуға жасалған мүмкіндік. Қазіргі таңда чат қолданушыларының саны – 21 150 азаматтан асқан.
Облыс әкімі аппаратына 2020 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1545 өтініш келіп түсті, 2019 жылмен салыстырғанда (2019 ж -1504) 2,7 %-ға артып отыр.
Келіп түскен өтініштердің 599-ы облыс әкімі аппаратымен қаралып, заңға сәйкес жауаптар берілді, 946 өтініш құзырлы мемлекеттік органдардың қарауына жолданған, 28 арызданушының мәселесі оң шешілді (тұрғын үймен көмек, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, пәтер жөндеу, оқу ақысын төлеу мәселелері).
2020 жылдың 6 айында облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 114 азамат жеке қабылданды. Оның ішінде, облыс әкімімен 5 қабылдау өткізіліп (1-і онлайн түрінде), 92 азамат жеке қабылданып, 3 азаматтың мәселесі оң шешілді.
Сондай-ақ, Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері бойынша барлығы 665 азамат жеке қабылданып, 27 азаматтың мәселесі оң шешілді, 568 азаматқа заң шеңберінде түсініктер берілді.
Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтардың өтініштерін есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.