«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Мәслихат төрағасы                                                        М. Хайруллиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау облыстық мәслихаттың
2025 жылғы «___» ________

№ ___ шешіміне

қосымша

 

Атырау облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 16 қазандағы

№ 250-ІV шешімімен бекітілді

 

 

          «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы»

атағын беру қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.
  2. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – Атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметін, олардың қабілетін, дарыны мен бастамашылығын қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.

 

  1. Атақты беру тәртібі

 

  1. Атақ облыс ( қала, аудан) алдындағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде мемлекеттік наградалары бар немесе кемінде 30 жыл еңбек өтілі бар тұлғаларға:

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне өздері қызмет атқарған кезде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін;

қоғамдық қызметтегі, аймақтың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін;

денсаулық сақтауды, спортты, ғылымды, техниканы, ауыл шаруашылығын, әдебиетті, өнерді және қызметтің басқа да түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін;

өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сонымен қатар білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқаны үшін;

тәуелсіз егемен Қазақстанның ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, тұтастығын сақтаудағы жемісті еңбегі үшін.

  1. Атақ тұлғаларға осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген талаптарды есепке алмағанда егер оған облыстың (қаланың, ауданның) мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе Атырау облысының (қаласының, ауданының) дамуына қосқан ерекше үлесі, соның ішінде елдегі және шет елдердегі Атырау облысының (қаласының, ауданының) кескін келбетін көтеруге қосқан үлесі үшін берілуі мүмкін.
  2. Атақ беру туралы қолдаухатты кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің еңбек ұжымдары ұсына алады. Қолдаухат облыс (қала, аудан) әкіміне тиісті жылдың 1 тамызына дейін жіберіледі.

Қолдаухатта кандидаттың өмірбаяндық негізгі мәліметтері, оның облыс (қала, аудан) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегін сипаттайтын дәлелді құжаттары қоса тіркеліп, сонымен қоса:

1) мінездеме, кандидаттың өмірбаяны, мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;

2) жиналыс шешімінің хаттамасы;                                               

3) соттылығы, әкімшілік жаза туралы мәліметтер;

4) кандидаттың көлемі 6х9 сантиметр (2 дана) фотосуреттері беріледі.

  1. Атағын беру туралы өз кандидатураларын ұсынған адамдардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.

Үміткерлерде бұрын берілген ұқсас атақтардың болмауы атақ беру үшін шарт болып табылады.

  1. Қолдаухаттарды облыс (қала, аудан) әкімі құрған тиісті комиссиялар қарайды. Комиссия төрағасы облыс (қала, аудан) әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлға болуы тиіс. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) және тақ болуға тиіс.
  2. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  3. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
  4. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынысты тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, оны қабылдамауды ұсынады.
  5. Атақты облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша жыл сайын тиісті мәслихатпен облыс бойынша, облыс қалалары мен аудандары бойынша сәйкесінше бестен артық емес азаматқа беріледі.

Атақты беру туралы мәселені қарау және шешім қабылдау Атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырыла алады.

Атақ беру Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесіне орайластырылады.

  1. Атақ берілуі мүмкін емес:

1) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

2) сот арқылы іс-әрекетке қабылетсіз немесе іс-әрекетке қабылеті шектеулі деп танылған тұлғаларға;

3) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға.

 

  1. Төсбелгі мен куәлікті беру тәртібі

 

  1. Атаққа ие болған тұлғаға облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы салтанатты түрде тапсырады.

Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.

  1. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау, облыс (қала, аудан) мәслихатының аппаратына жүктеледі.
  2. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

 

  1. Атақтан айыру негізі

 

  1. Атаққа ие болған тұлға облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихаттың шешімі бойынша мына жағдайларда одан айрылады:

1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

2) үлкен қоғамдық көзқарас туғызатын теріс әрекеттер жасаған жағдайда.

  1. Осы Қағидаларының 15-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айрылған тұлға Атаққа беруге қайта ұсынылмайды.

 

          Председатель маслихата                                                   М. Хайруллиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Приложение
к решению Атырауского областного маслихата
от «___» ________ 2025 года

№ ___

 

Утверждены
решением Атырауского областного маслихата
от 16 октября 2009 года

№ 250-ІV

 

 

Правила присвоения звания

«Почетный гражданин области (города, района)»

 

  1. Общие положения

 

  1. Настоящие Правила присвоения звания «Почетный гражданин области (города, района)» (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и регламентируют порядок присвоения звания «Почетный гражданин области (города, района)».
  2. Присвоение звания «Почетный гражданин области (города, района)» (далее – Звание) является одним из важных моральных стимулов, выражением общественного признания плодотворной деятельности заслуженных граждан, их способностей, дарования и инициативы.

 

  1. Порядок присвоения звания

 

  1. Звание присваивается лицам, имеющим государственные награды и общий стаж работы не менее 30 лет и связан с областью (городом, районом) не менее 10 лет в знак особых заслуг перед областью (городом, районом) и за:

вклад в социально-экономическое развитие региона государственным, политическим и общественным деятелям, проявившим себя в сфере государственного управления и самоуправления;

достижения в общественной деятельности, в развитии духовного и интеллектуального потенциала региона, активную деятельность по защите прав и законных интересов граждан, благотворительную деятельность и милосердие;

вклад в развитие здравоохранения, спорта, науки, техники, сельского хозяйства, литературы, искусства и других видов деятельности;

вклад в формирование у подрастающего поколения чувства патриотизма и гражданственности, а также в совершенствование и повышение качества образования;

плодотворную работу по укреплению межнационального согласия и стабильности, сохранение целостности независимого суверенного Казахстана.

  1. 4. Звание может присваиваться лицам за особые заслуги в развитии Атырауской области (города, района), в том числе за повышение имиджа Атырауской области (города, района) в стране и за рубежом без учета требований указанных в пункте 2 настоящих правил, если за него проголосовало не менее двух третей от общего числа депутатов присутствующих на сессии маслихата области (города, района).
  2. Ходатайство о присвоении Звания могут инициировать трудовые коллективы предприятий, учреждений, организаций и общественных объединений. Ходатайство направляется акиму области (города, района) до 1 августа соответствующего года.

В ходатайстве указываются основные биографические данные кандидата, краткое описание его достижений и заслуг перед областью (городом, районом) с подтверждающими документами, а также прилагаются:

1) характеристика, автобиография кандидата, перечень имеющихся государственных и иных наград;

2) протокол решения собрания;

3) сведения о судимости, административном взыскании;

4) фотографии кандидата размером 6х9 сантиметра (2 штуки).

  1. 6. Ходатайства о присвоении Звания, поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры самостоятельно, не рассматриваются.

Условием для присвоения Звания является отсутствие у претендентов присвоенных ранее аналогичных званий.

  1. 7. Ходатайства рассматриваются соответствующими комиссиями, созданными акимом области (города, района). Председателем комиссии должно быть лицо, не ниже заместителя акима области (города, района). Количество членов комиссии должно быть не менее 5 (пяти) и нечетным.
  2. 8. Решение комиссии принимается большинством голосов. В случае равенства голосов решающим является голос председателя комиссии.
  3. 9. Решение комиссии носит рекомендательный характер, оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами и направляется акиму области (города, района).
  4. 10. Звание ежегодно присваивается соответствующим маслихатом по представлению акима области (города, района), не более чем пяти гражданам по области, по городам и по районам области соответственно.

Рассмотрение вопроса и принятие решения о присвоении Звания может осуществляться в отсутствии представляемого к Званию лица.

Присвоение Звания приурочивается к Национальному празднику Республики Казахстан.

  1. 11. Звание не может быть присвоено:

1) лицам, имеющим судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию;

2) лицам, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

3) лицам, имеющим административное взыскание, которое не погашено или не снято в установленном законодательством порядке на момент представления к Званию.

 

  1. 3. Порядок вручения удостоверения и нагрудного знака

 

  1. 12. Нагрудный знак и удостоверение Почетного гражданина области (города, района) вручаются акимом области (города, района) и председателем соответствующего маслихата в торжественной обстановке лицу, удостоенному Звания.

Удостоверение Почетного гражданина области (города, района) подписывается председателем соответствующего маслихата.

  1. 13. Изготовление нагрудных знаков и удостоверений к ним возлагается на аппарат маслихата области (города, района).
  2. 14. Финансирование затрат на изготовление нагрудных знаков и удостоверений к ним, осуществляется за счет соответствующего местного бюджета.

 

  1. 4. Основания лишения звания

 

  1. 15. Лицо, которому присвоено Звание, лишается его по решению соответствующего маслихата по представлению акима области (города, района) в случаях:

1) вступления в законную силу обвинительного приговора суда;

2) совершения негативных проступков, вызвавших большой общественный резонанс.

  1. 16. Лицо, лишенное Звания по основаниям, предусмотренным пунктом 15 настоящих Правил, не может быть повторно выдвинуто на присвоение Звания.

 

 

Дата публикации
09 января 2025