Балаларымның "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қосылғаны туралы ақпаратты қалай тексере аламын?

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізіміне енгізілгендігі туралы ақпаратты кәмелетке толмаған тұлғаның ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарыңызға жауаптар алуға болады.

Сондай-ақ, ата-аналар әрбір балаға есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы жеке кабинетінен тексере алады.

2024 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтар нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) түскен қаражатты БЖЗҚ интернет-ресурсындағы және  "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинет арқылы дербес тексере алады.          

Дата публикации
21 ноября 2024