Атырау облысы жергілікті атқарушы
органдарында 2024 жылдың
9 айы қорытындысы бойынша
жолданымдармен жұмыс туралы
Өтініштердің статистикасы
2024 жылдың 9 айында 1-ТӨ статистикалық есебіне сәйкес 36 543 жолданым келіп түскен. Олардың 28 553-і қаралған, оның ішінде әкімшілік рәсім тәртібімен қаралғаны - 19 070, оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралғаны – 9 483, (әкімшілік акт қабылданғаны- 13 363 оның ішінде, 7 262 - қолайлы акт қабылданған, 6 101 – ауыртпалық салатын акт, 6 797 - қайта жолданған, 1 463-қарастыру тоқтатылған).
Жүйелік шешімдер, тәуекелдер картасы
Өтініштерді контент-талдау негізінде,тәуекелдер карталарын қалыптастыру нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 74 жүйелі мәселелер анықталды. Оның ішінде,
Азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері қаралды:
ТОП-1: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -27 (36,48%);
ТОП -2: Құрылыс – 7 (9,45%);
ТОП -3: Ауыл шаруашылығы – 6 (8,10%);
ТОП -4: Тұрғын үй бөлу – 5 (6,75%);
ТОП -5: Еңбек дауы - 5 - 3 (4,05%);
Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы
2024 жылдың 9 ай бойынша Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кезеңде 939 қабылдауы ұйымдастырылып, 2978 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 429 өтініш оң шешілді, 2122 өтінішке заң талаптарына сай түсінік беріліп, қалған 2427 өтініш қазіргі уақытта қаралуда.
Қабылдау нәтижесімен 10 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 116 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.
Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы
Ағымдағы жылы АҚО-на келген азаматтардың саны, оның ішінде: 9838 (облыстық, қалалық және аудандық АҚО-нда)
Кеңес алғандар саны: 8408
МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны: 1430
АҚО-нда тіркелген өтініштердің саны: 8596