ҚР азаматтары басқа елге тұрақты тұруға көшкен жағдайда олар зейнетақы жинақтарын ала алады ма?

Иә. Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс тұрақты тұруға кеткен, Қорда міндетті, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МЗЖ, МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.

           БЖЗҚ-ға құжат тапсырудың 3 тәсілі бар:

  1. Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік төлқұжатыңызбен және банктік шот туралы мәліметтеріңізбен өзіңіз келе аласыз.
  2. Қор кеңсесіне шетелге тұрақты тұруға кететін адамның өкілі (сенім білдірілген тұлға) құжаттар топтамасымен жүгіне алады.
  3. Қажетті құжаттарды БЖЗҚ облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.

           БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып алдын ала тексеруге болады. 

           Құжаттарды алған кезде БЖЗҚ Қазақстанның мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен өтініш берген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарының не шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхатының не уәкілетті қазақстандық орган берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуы және олардың жарамдылығы туралы мәліметтерді сұратады.

           Егер бұл құжаттар жарамсыз болса, БЖЗҚ зейнетақы төлемін 10 күн ішінде жүзеге асырады.

          Зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болса да, зейнетақы жинақтарының төлемі тек сол алушының ғана банктік шотына аударылатынына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтары төлемін заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына аударуға жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруды рәсімдеуші адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына немесе басқа адамдарға бере алмайды.

           Мәлімет үшін хабарлаймыз, БЖЗҚ сайтында құжаттарды БЖЗҚ-ға беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған.

 

Дата публикации
15 октября 2024