2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Атырау қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының  

2024 жылғы 11 қазандағы

№3 қаулысына қосымша

 

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Атырау қаласы

 мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу

мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 6-тт., 22-б.)

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

 

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкім

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

 

                                                                                   (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

 

 (17-б. 2-т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 2024  жылғы      8 қарашада сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдын бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну, 2024 жылғы 1 қазанға

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

2024 жылғы 11 қазанда басталады және                              2024 жылғы 13 қарашада сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                              (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(14-б. 8-тт., 16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

 

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 13 қарашада сағат 18.00 -ден кейін басталады және 2024  жылғы 7 желтоқсанда  сағат 00.00-де аяқталады

 

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкім

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 17 қараша

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 22 қарашадан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 5-7 желтоқсан

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті сайлау комиссияларына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

 

28. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей                                                                    

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

 

29. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

30. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
11 октября 2024