Алдағы жылдары жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қалай өзгереді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:
ЖМЗЖ-ны біртіндеп енгізу, сондай-ақ, оны салық салынатын табыстан шегеру жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдету үшін қарастырылған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, ЖМЗЖ барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін дүниеге келгендер үшін төленеді. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу қызметкердің зейнетке шыққаннан кейінгі зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.