Атырау облысы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың нәтижесі
(мерзімі 2024 жылғы 25 сәуірден бастап 6 мамырға дейін)
2024 жылғы 14 мамырдағы №6 конкурстық комиссияның шешімімен:
- Ермекова Күнсұлу Болатқызы Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы (бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны, 2024 жылғы 7 қарашаға дейін) бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына ұсынылсын.
- Уалиев Арман Танатарович Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастыру-құқықтық мәселелер, спортты дамыту және спорттық ғимараттарды бақылау бөлімінің бас маманы бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына ұсынылсын.
- Бегисинов Сейтжан Куспанович Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастыру-құқықтық мәселелер, спортты дамыту және спорттық ғимараттарды бақылау бөлімінің бас маманы бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына ұсынылсын.
- Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы қаржы-шаруашылық бақылау бөлімінің бас маманы бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған жалпы конкурсқа қатысушылар болған жоқ.