Өтініштердің статистикасы

Атырау облысы бойынша 2024 жылы

1 тоқсаны бойынша жеке жәнезаңды тұлғалар

өкілдерінің өтініштерімен атқарылған жұмыс туралы

 

Өтініштердің статистикасы

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 1 тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 10615 өтініш тіркелді. Өткен жылғыұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 30,1%-ға артып отыр(2023ж 1 тоқсан -8159).

Өтініштердің түрлері бойынша: арыз-6748, шағым-459, сұрау салу -965, ұсыныс -1112, хабарлама-1231 және үн қосу- 13.

Ең көп өтініш Атырау қаласы әкімдігінің еншісінде – 3871(36,5%);Басқармалар бойынша - 4060 (38,2%);Аудандар бойынша – 1563 (14,5%);Облыс әкімі аппараты – 1121 (10,6%).

Әлеуметтік осал топтар қатарынан өтініш берушілер саны – 1745.

Оның ішінде, зейнеткерлер-665, көп балалы отбасылар-344, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-316, жұмыссыздар-262, көп балалы аналар-137, атаулы әлеуметтік көмек алушылар-21.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі «Qlik» модулі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері анықталды:

ТОП-1:  Жер және жерді пайдалану -1523 (14,3%);ТОП -2:Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық - 1169 (11%); ТОП -3:Білім беру - 1091 (10,3%); ТОП -4: еңбек қатынастары – 642 (6%);ТОП -5: құрылыс – 525 (4,9%).

Жүйелік шешімдер, тәуекелдер картасы

Сонымен қатар, Өтініштерді контент-талдау негізінде, тәуекелдер карталарын қалыптастыру нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 28 жүйелі мәселелер анықталды. Оның ішінде,

Азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері қаралды:

ТОП-1:  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -12 (42,8%);

ТОП -2: Құрылыс – 2 (7,14%) ;

ТОП -3: Білім беру - 2 (7,14%);

ТОП -4: Еңбек дауы – 2 (7,14%).

ТОП -5: Денсаулық сақтау – 2 (7,14%).

Басқа да мәселелер -8 (28,64%).

Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер:

Заң талаптарына сәйкес түсінік берілді -19,оң шешілді -8,қарау үстінде -1.

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы

2024 жылдың 3 айы бойынша Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдересепті кезеңде 350 қабылдау ұйымдастырылып, 1253 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесімен 170 өтініш оң шешілді, 860 өтініш иесіне заң талаптарына сай түсінік берілді, қалған 223өтініш қазіргі уақытта қаралуда.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 72 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 39 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 5 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 56 азаматқа заңға сәйкес түсінік беріліп, 11 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар беріліп қаралуда.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы 336 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй - 102, денсаулық - 26, әлеуметтік көмек - 15, білім - 6, жұмыспен қамту - 32, жерді пайдалану-11, жол салу-3, кәсіпкерлік-4, құрылыс-6, спорт -3, табиғат -2, тағы да басқа мәселелер бойынша -126.  Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.

Дата публикации
16 апреля 2024