2024 жылғы 31 наурызда Атырау облысының 3 сайлау округтерінде (Исатай ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 9 кандидаттың барлығын тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.
Тіркелген 9 кандидаттың 3-уі саяси партиялар, 6-уы өзін-өзі ұсынған. Оның 8-і ер адам, 1-уі әйел адам.
6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3-уі партия қатарында жоқ.
Орташа жас – 38 жасты құрайды.
Барлық кандидаттың жоғары білімі.
Кандидаттардың 6-уы мемлекеттік мекемелерде, 2-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1-уі саяси партия қызметкері болып табылады.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
Сілтемелер: