Атырау облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

  1. 2024 жылғы 31 наурызда Атырау облысында 3 сайлау округтерінде (Исатай ауданында - 2, Құрманғазы ауданында - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

    Сайлау науқанының барысында барлығы 9 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 3 - уі саяси партиядан, 6 - ын өзін-өзі ұсынылды.

    Ұсынылған кандидаттардың ішінде 8 – ер адам және 1 – әйел адам бар.

    6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3 – уі партия қатарында жоқ.

    Орташа жас - 38 жасты құрайды.

    Барлық кандидаттар жоғары білімді.

    Кандидаттардың 6-уы мемлекеттік мекемелерде, 2-уі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1-уі саяси партия  қызметкері болып табылады.

    2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық кандидаттарды тіркеді.

    Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

    Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

     

    Сілтемелер

    1. Исатай ауданның
  2. Құрманғазы ауданның
Дата публикации
05 марта 2024