|
р/с№ |
НҚА құрылымдық бөлігі |
НҚА қолданыстағы редакциясы |
НҚА құрылымдық бөлігі |
Өзгерістің ұсынылатынредакциясы |
Негіздеме |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 қаулысында: қосымшада: «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: |
||||||
|
1 |
14-тармақтың 13) тармақшасы |
сот органдарында әкім мен Аппараттың мүдделерін білдіру және қорғау, әкім мен Аппараттың атынан талап арыз және талап арызға қарсы пікір беруге, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық шағым келтіруге, әкім мен Аппараттың атынан барлық процессуалдық әрекет жасау;
|
14-тармақтың 13) тармақшасы |
сот органдарында әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың мүдделерін білдіру және қорғау, әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың атынан талап арыз және талап арызға қарсы пікір беруге, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық шағым келтіруге, әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың атынан барлық процессуалдық әрекет жасау; |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес қосымша функцияларды жүктеу мақсатында |
|
|
|
14-тармақтың 15) тармақшасы |
облыстық құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат, мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялар, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиялар қызметін қамтамасыз ету; |
14-тармақтың 15) тармақшасы |
облыстық құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб, бірыңғай конкурстық комиссия және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия қызметін қамтамасыз ету; |
||