Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

14-тармақтың 13) және 15) тармақшалары келесі редакцияда мазмұндалсын:

«13) сот органдарында әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың мүдделерін білдіру және қорғау, әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың атынан талап арыз және талап арызға қарсы пікір беруге, сондай-ақ апелляциялық және кассациялық шағым келтіруге, әкімнің, Аппараттың және облыстық басқармалардың атынан барлық процессуалдық әрекет жасау;

15) облыстық құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау, Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб, бірыңғай конкурстық комиссия және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия қызметін қамтамасыз ету;».

  1. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Облыс әкімі                                                                                 С. Шәпкенов

Дата публикации
04 марта 2024