Өтініштердің статистикасы

Атырау облысы бойынша 2023 жылы

жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің

өтініштерімен атқарылған жұмыс туралы

 

Өтініштердің статистикасы

Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 39 104 өтініш тіркелді. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 19,5%-ға артып отыр (2022ж. - 32718).

Өтініштердің түрлері бойынша: арыз - 27 395, шағым - 1 884, сұрау салу - 3 585, ұсыныс - 3 426, хабарлама - 2 745 және үн қосу-69.

Ең көп өтініш Атырау қаласы әкімдігінің еншісінде – 13869 (35,5%); Басқармалар бойынша -13 791 (35,3%); Аудандар бойынша – 7635(19,5%); Облыс әкімі аппараты – 3809 (9,7%).

Әлеуметтік осал топтар қатарынан өтініш берушілер саны – 6340.

Оның ішінде, зейнеткерлер-2392, көп балалы отбасылар-1203, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-1023, жұмыссыздар-1013, көп балалы аналар-438, атаулы әлеуметтік көмек алушылар-271.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі «Qlik» модулі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері анықталды:

ТОП-1:  Жер және жерді пайдалану - 8685 (22,2%); ТОП -2: Білім беру - 4169 (10,7%); ТОП -3: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық - 3772 (9,6%); ТОП -4: еңбек қатынастары – 2552 (6,5%); ТОП -5: құрылыс – 1662 (4,3%).

            Жүйелік шешімдер, тәуекелдер картасы

          Сонымен қатар, өтініштерді контент-талдау негізінде, тәуекелдер картасына сай жүйелі мәселелер анықталып, ҚР Президенті Әкімшілігініе 94 өзекті мәселелердің қарау нәтижелері бойынша ақпарат жолданды. Оның ішінде, өзекті ТОП-5 мәселелері:

          ТОП-1:  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық -29 (30,8%);

          ТОП -2: Экология және табиғат қорғау – 12 (12,7%) ;

ТОП -3: Тұрғын үймен қамту- 12 (12,7%);

ТОП -4: Құрылыс – 7 (7,44%);

ТОП -5: Білім беру – 6 (6,38%).

Заң талаптарына сәйкес түсінік берілді -71, оң шешілді -23.

Азаматтарды жеке қабылдау жұмысы

2023 жылдың 12 айында Атырау облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер есепті кезеңде 790 қабылдау өткізіп, 4204 азаматты жеке қабылдады.

Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылы облыс әкімімен 189 азамат жеке қабылданды.

Қабылдаулар нәтижесімен 523 өтініш оң шешілді, 3200 өтініш иесіне заң талаптарына сай түсінік берілді, қалған 481 өтініш қазіргі уақытта қаралуда.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1525 азамат өтініш білдіріп, кеңес алды. Олардың: тұрғын үй - 320, денсаулық - 123, әлеуметтік көмек - 50, білім - 100, жұмыспен қамту-60, жерді пайдалану-35, кәсіпкерлік-38, мәдениет-18, балық шаруашылығы-5, ауыл шаруашылығы-4, қаржы-5, құрылыс-4, спорт-7, тағы да басқа мәселелер бойынша -756. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2024