№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

№3 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы                          28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                      14-бабының 2-3) тармақшасына, 1-тармағының 4) тармақшасына,                        101-бабының 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №3 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған №3 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған Құрманғазы аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық "Serper" газетінде жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                         Б.Бралиев 

 

Хатшы                                                        Г.Рахматуллина

 

Дата публикации
31 января 2024