Жоба «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешіммен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»атағын беру қағидасында:

11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

« 11. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы салтанатты және жариялық жағдайында облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасымен мен облыс (қала, аудан) әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.».

  1. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
22 января 2024