Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және             2-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 25 ақпанға Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға

  Б. Бралиев

 

Хатшы

  Г. Рахметуллина

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауылы

17 қаңтар 2024 жыл

№

 

 

 

Дата публикации
17 января 2024