Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы

 

 

 АТЫРАУ

ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 

 

 

АКИМ

АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

ӨКІМ

 

 

РАСПОРЯЖЕНИЕ

 

201__   жылғы  __________                                                                    №  ____________________

 

 Атырау қаласы                                                                                                         город Атырау                                                                                                              

 

 

 

Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға

арналған мемлекеттік аудит және

қаржылық бақылау объектілерінің

тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 18-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес:

  1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес Ішкі аудит қызметінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесі бекітілсін.
  2. Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Жеңісбекұлына жүктелсін.
  4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Облыс әкімі                                                                                         С.Шәпкенов

 

Дата публикации
27 декабря 2023