|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекел |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Атқарылған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87 -бабына өзгеріс енгізу |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінен төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеуі және төлемеуі әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса – лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі мемлекеттік еңбек инспекторларының лауазымды адамға немесе ұйымға (заңды тұлғаға) әкімшілік жаза қолдану таңдауы бар. |
2023 жылғы 14 тамызда №06-01-22-01-6/704 хатымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне ұсыныс жолданды. |
|
|
2 |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64-1 бабын нақтылау арқылы өзгеріс енгізу. |
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64-1-бабына сәйкес, жасалған әкімшілік құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды ауызша ескертумен шектеліп, әкімшілік жауаптылықтан босата алады. |
2023 жылғы 14 тамызда №06-01-22-01-6/704 хатымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне ұсыныс жолданды. |
|
|
|
3 |
ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 5-тармағына келесі редакцияда «бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздеріне еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде белгіленген іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу» - деп өзгеріс енгізу. |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс енгізу |
2023 жылғы 14 тамызда №06-01-22-01-6/704 хатымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне ұсыныс жолданды. |
|
|
|
4 |
Басқарманың мемлекеттік қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс және профилактикалық жүргізу кезінде жұмыс берушілермен қарым –қатынас жасауының өзі сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады. |
ҚР Еңбек және Кәсіпкерлік кодекстерінің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарын қатаң сақтау. |
Тұрақты түрде. |
|
|
|
5 |
Еңбек инспекторлары жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу нәтижесімен қорытынды дайындауы, заңсыздықтарды жою жөнінде тиісті Нұсқама беруі, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруы, яғни лауазымды тұлға ретінде шешім қабылдаудың өзі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
ҚР Еңбек,Әкімшілік құқық бұзушылық және Кәсіпкерлік кодекстерінің ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарын қатаң сақтау. |
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен Кәсіпкерлік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері және соңғы Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша оқыту семинары Атырау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің мамандарының қатысуымен 17.08.2023 өткізілді. |
|