Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Қазақстан Республикасының заңнамасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы   № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына ұқсастығы бойынша беру тәртібі, ресімі регламенттелетін рәсімі Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидалары жоқ.Заңнамада көрсетілген құқықтық олқылық мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру жөніндегі екіұшты тәсілге әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеуге қатысты ұсыныстар енгізу.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне хат дайындалуда

Джаксыгалиев Б.

2

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңы2-бабының 1-тармағымен мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлікке бөлінетіні анықталды.Осыған байланысты, мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені (қайта тіркегені) үшін нөлдік ставка коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді (қайтатіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін де қолданылуға тиіс.Құқықтық актілер ережелерінің аталған қайшылығы мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін бюджет қаражатын жұмсауға әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық тәуекелін білдіреді.

Қазақстан Республикасының  Цифрлық даму, инновациялар және  аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін нөлдік мөлшерлемені белгілеуге қатысты Қазақстан  Республикасы  Ақпарат және коммуникация  министрінің  2018жылғы  27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген Жылжымайтын мүлікке құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  саласындағы  тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін  қызметтердің) бағаларының  15-тармағына толықтыру енгізуге қатысты  ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының  Цифрлық даму, инновациялар және  аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігіне, Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігіне хат дайындалуда

Джаксыгалиев Б.

3

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 31-тарауында мүлікті өтеусіз пайдалануға берудің жалпы тәртібі, онымен пайдалануы  бөлігіндегі жауапкершіліктің ерекшеліктері және шартты бұзу үшін  негіздер ғана айқындалған. Бұл ретте, бүгінгі күнге заңнамалық актілерде мемлекеттік мүлікті өтеусіз  пайдалануға  беру  рәсімін  реттейтін нақты ережелер айқындалмаған. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдаланудың бекітілген  үлгілік шарты жоқ.Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру рәсімінің нақты алгоритмінің болмауына байланысты, аталған мән-жайларды лауазымды тұлғаның өз мүддесіне сүйене отырып шешуі бөлігіндегі сыбайлас жемқорлық  тәуекелінің туындауына әкеп соғуы мүмкін деп есептейміз.

Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдаланудың үлгілік шартын бекіту жөніндегі мүмкіндікті қарастыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының ҰЭМ-не жүгіну

 

Джаксыгалиев Б.

4

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Бас мердігерлердің негізгіжұмыс көлемін орындаудыЖСҚ-да көзделгеннен төменбағамен қосалқы мердігерлерге беру тәжірибесі бар. Әрі қарай,қосалқы мердігерлер жұмысты уақтылы және сапасыз орындап немесе басталған нысандарды аяғына дейін жеткізбей өз аймақтарына кетіп қалып жатады, бұл ұзақ сот процестеріне әкеп соғады. Бұл өз кезегінде, жұмыстардың сапасыз орындалуына және нысанды тапсыру мерзімдерін

бұзуға әкеп соғады.

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржыминистрінің 2015 жылғы 11желтоқсандағы №648  бұйрығының  530-тармағына  өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты келесі редакцияда жазу: «Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен бірінен аспауға тиіс. Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп

орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді  көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады».

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 2023 жылдың 05 қазанында №06-01-03-14-1/8603хат жолданды.

Тулепова С.

5

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Мемлекеттік сатып алу саласында нарықты монополияландыру фактілері және мемлекеттік сатып алу көлемдерінің тең бөлінбеуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдірінің туындау қаупі бар.

ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648бұйрығының 283-2-тармағына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысты келесі редакцияда жазу: «Әлеуетті өнімберушініңТЖҚ сатып алужүзеге асырылатыноблыстың, республикалықмаңызы бар қалалардыңжәне астананыңшекараларында тиістіәкімшілік-аумақтық бірліктеболуы түріндегі конкурстықбаға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылғанжағдайларда қолданылады:

1) құрылыс-монтаждаужұмыстары;

2)техникалық-экономикалық негіздемені,жобалау-сметалық (үлгілікжобалау-сметалық)құжаттаманы және қалақұрылысы жобаларынәзірлеу жөніндегіжұмыстарды;

3)объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды;

4)техникалық қадағалау және (немесе)жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

5) заңның 16-бабының 7 тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық (аукциондық)құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндежүзеге асырылады».

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне 2023жылдың 05қазанында №06-01-03-14-1/8603  хат жолданды.

Тулепова С.

6

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-4 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, «камералдық бақылау нәтижелері бойыншаанықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.» - делінген. Алайда, уәкілетті органмен қарсылық қарау мерзімі заңнамада белгіленгеннен мерзімнен ұзап жатады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттардың кешіктіріліп жасақталуына, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жоспарға сәйкес, белгіленген мерзімде тапсырылмауына әкеп соғады.

 

 

Қарсылықты қарау мерзімін он жұмыс күніне дейін қысқарту туралы ұсыныстар жолдау.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынысхат жолдануда.

Тулепова С.

Дата публикации
25 декабря 2023