Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің                                   2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида)                                  17-қосымшасымен «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілген.

Аталған Қағиданың мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 2-тармағындағы мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерінің мемлекеттік және ресми тілдердегі нұсқасында сәйкессіздік болып отыр.

Яғни, Қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасында – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, ал ресми тілдегі нұсқасында тек «Электрондық үкіметтің» веб-порталы деп көрсетілген.

Сонымен бірге, Қағиданың 1 - қосымшасымен бекітілген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының                                 2 - тарауының, 3-тармағында «Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді» делінген. Бұл ретте, ауданның босалқы жерінде орналасқан жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш аудан әкіміне, ал елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартуға өтініш ауылдық округ әкімдеріне қабылдануы тиіс. Алайда, Қағидада көрсетілетін қызметті беруші тізіміне ауылдық округтер әкімдері енгізілмеген.  

Баяндалған негізінде, облыс әкімдігі «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының мемлекеттік және ресми тілдердегі нұсқаларын сәйкестендіруге және «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына көрсетілетін қызметті беруші тізіміне ауылдық округтер әкімдерін енгізу.

          

 

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыным хат жолдау

2023 жылғы                                     8 қарашадағы № 06-01-01-16-16/8683 ұсыным жолданды

 

2

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық облыс орталықтарында «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» мысалында жергілікті IT-hub ашу қарастырылған.

Алайда, «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» коммерциялық ұйым болып табылады және облыс орталықтарында филиалдарын дамытудың нормативтік құқықтық құжаттары жоқ. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларында IT-hub-қа үй жайды жалдау, жабдықтау бойынша жіктеуші қарастырылмаған. Сонымен қатар жергілікті IT-hub-қа қойылған нақты нормативті талап жоқ.

Smart City концепциясын талқылау бойынша өңірлермен кездесу Хаттамасы

17 қазан 2023 жылғы №359-ХТ хаттамасы.

 

Дата публикации
22 декабря 2023