|
№ |
Мемлекеттік мекеменің атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Қабылдаған іс-шаралар |
|
1 |
Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы |
ҚР Бюджет кодексінің 97-бабының 6-бөлігінде және ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» (бұдан әрі-№540 қағиданың) 21- тармағы 6) тармақшасында мемлекеттік мекеме жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы қамтамасыз етеді деген талабы және ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.03.2015 жылғы №229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (Құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларды жүзеге асырудың қағидаларының» (бұдан әрі-№229 Қағида) 12-тармағы 1) тармақшасының «Тапсырыс берушінің қаржыландыру, есепке алу және есептілік саласында, заңнамалаық актілерде немесе шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіпте нақты орындалған жұмыстарды қабылдау және оларға ақы төлеуді қамтамасыз етеді» деген талаптар сақталмау мүмкін. Орындалмаған жұмыстар үшін қаражат аударылуымен мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа тәуекел туындайды.
|
Ай сайын Басқарма қызметкерлері орындалған жұмыстардың ұсынылған актілерін тексеру мақсатында нысандық жұмыстардың сәйкестігін тексеру үшін нысандарға барады. |