Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Қазақстан   Республикасы   Қаржы   министрінің   2015     жылғы     11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасындағы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасындағы  Біліктілік утралы мәліметтердегі  6-тармағы бойынша әлеуетті өнім беруші растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алаындарға ұқсас (сол сияқты) көрсетілген қызметтер тәжірбиесінің болуы туралы мәліметтерді толтырады.

Алайда мемлекеттік сатып алудың конкурстық комиссия мүшелері  автомобиль жолдарын салу (реконструкция), жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау қызметіне  өткізілген сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің тәжірибесін есептеу барысында  автомобиль жолдары салалары бойынша емес  әлеуетті өнім берушілердің  жалпы барлық тәжірибесі ( су, газ, ғимарат және т.б) есептелініп келеді.

 

Қазақстан   Республикасы   Қаржы министрінің   2015     жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасындағы 154-тармағына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс беру.

 

2023 жылғы 15 желтоқсандағы №06-01-20-03-9/1405 санды жолданды

 

2

«Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде қажетті құжаттардың бірі қызмет көрсету үшін білікті персонал мен қызметтердің болуын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну болып табылады. автобустар мен шағын автобустарды рейс алдындағы техникалық байқаудан өткізу (Автомобиль көлігі саласындағы жоғары немесе орта білім туралы).

  Көбінесе көрсетілетін қызметті алушы «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» сияқты мамандығы көрсетілген білім туралы дипломның көшірмесін ұсынады. Бірақ диплом бойынша, оның қосымшасынсыз осы маманның қай салада, автомобиль көлігі немесе теміржол көлігі саласында оқығанын анықтау мүмкін емес. Бұл қызметті дұрыс көрсету үшін осы тізімді толықтырып, қосымшамен бірге білім туралы дипломды ұсыну қажет екенін анықтау қажет.

 

біліктілік талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығына түзетулер енгізу туралы ҚР Көлік министрлігінің Көлік комитетіне хат жолдау.

 

2023 жылғы 15 желтоқсанда №06-01-20-03- 1/1406 санды жолданды

 

Дата публикации
15 декабря 2023