Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша 315-бап Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу. Осы көрсетілген бапта әкімшілік жаза бөлімінде, әкімшілік жазаға тартушы маманға таңдау беріліп тұр (ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады). Әкімшілік жаза жасаған тұлғаға ескерте алады немесе санаты бойынша әкімшілік айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолдану бойынша алгоритмде жасақталмаған.

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетінен көрсетілген мәселе бойынша,  қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.

Басқарма тарапынан 15.12.2023 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне хат жолданды.

 

2

Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Заңы бойынша,Лицензиялау нормаларын бұзу464-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік жаза бөлігінде (лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

Көрсетілген нормалар өндіріп алу түрін таңдаудың нақты критерийлері болмаған кезде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасау мүмкін деп пайымдаймыз.

 

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетінен көрсетілген мәселе бойынша,  қалай іс әрекет жасау жөнінде алгоритм сұрату.

Басқарма тарапынан 15.12.2023 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитетіне хат жолданды.

 

Дата публикации
15 декабря 2023