|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекел |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Атқарылған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
«Қалалық қаржы бөлімі» ММ |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34-тармағына (4-абзац), егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады. Алайда, аталған тармақта тендерге қатысушымен шарт жасау және жасамау мүмкіндігі де рұқсат етіледі. Бұл мәселені құрылтайшы өз мүдделерінен шығып шеше алады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34 – тармағы 4 абзацын алып тастауға қатысты ұсыныспен хат жолдау.
|
8.11.2023 жылы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа шығыс нөмірі 06-02-13-05-5/1263 хаты ұсыныс ретінде жолданды |
|
|
2 |
«Қалалық қаржы бөлімі» ММ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасымен жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын кеңейту арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуін қамтамасыз ету бойынша нормалар бекітілді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заңның 7-бабы 4-тармағының, 18-1 бабының нормаларына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне иелік етеді және басқарады. Алайда, Заңның 10-бабымен жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру тәртібі реттелмеген. Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру рәсімін жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне жүгінуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру тәртібі реттелмеген. Өз кезегінде, республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары облыс әкімдігіне жүгінуі қажет. Бұл мәселені аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс әкімдіктері өз мүдделерінен шығып шеше алады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
|
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабына өзгеріс енгізуге қатысты ұсыныс хат жолдау.
|
8.11.2023 жылы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа шығыс нөмірі 06-02-13-05-5/1263 хаты ұсыныс ретінде жолданды |
|
|
3 |
«Қалалық қаржы бөлімі» ММ |
Мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 76,77,119-1,119-2,119-3, 120-баптарымен көзделген жағдайларда жол беріледі. Қолданыстағы заңнама нормаларымен өзге жағдайларда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру көзделмеген. Бұл ретте, облыстың жергілікті атқарушы органдарының атына мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз негізінде беру туралы көптеген өтініштер келіп түседі.
|
Жоғарыда баяндалғанның негізінде қазіргі уақытта мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға немесе сенімгерлік басқаруға беруге ұқсас мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру туралы Қағидаларды заңнамалық деңгейде әзірлеудің өткір қажеттілігі бар.
|
8.11.2023 жылы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа шығыс нөмірі 06-02-13-05-5/1263 хаты ұсыныс ретінде жолданды |
|
|
4 |
«Қалалық қаржы бөлімі» ММ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №207 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына және Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің бірыңғай әдістемесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №636 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар жыл сайын мемлекеттік мүлік тізіліміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Активтер мен үй-жай алаңын түгендеу жүргізу есебін» және қаржылық есептілікті ұсынуға міндетті. Сонымен қоса, ҚР заңнамасында жоғарыда аталған есептілікті ұсынбағаны үшін мемлекеттік ұйымдағы лауазымдық тұлғалардың жауапталығы көзделмеген. |
Қазақстан Республикасындағы Заңнамасындағы осы олқылықты жою үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне есептілікті ұсыныбағаны үшін жауаптылықты анықтау бойынша мәселені бастамашылық ету туралы хат жолдау қажет.
|
8.11.2023 жылы Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа шығыс нөмірі 06-02-13-05-5/1263 хаты ұсыныс ретінде жолданды |
|
|
5 |
«Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ |
Түрлі гироскутерлер, балалар машиналары, балалаға арналған түрлі құрылғыларды жалға беру арқылы, ешқандай рұқсат құжатсыз ақылы қызмет көрсету әрекеттері орын алып келеді. Осы жұмыстарды реттеуші нақты құқықтық актілер жоқ. Заңсыз қызметтерді реттеу үшін бөлім қызметкерлері түсіндіру- рейдтік жұмыстарға шығады. Түсінік жұмыстарын жүргізу барысында кәсіпкерлік иесі мен мемлекеттік мекеме өкілі арасында сөз байласулар сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне алып келеді. |
Қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттеу туралы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне» өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.
|
Нормативтік құқықтық актлерге өзгеріс енгізу туралы Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хат жолданды.15 қараша 2023 жыл №06-02-01-16-7/7554
|
|
|
6 |
«Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ |
арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу уақытында техникалардың орналасу орындарына бару арқылы жүргізілетіндіктен, осы орайда сыбайлас жемқорлық туралы сөзбайласулар болу ықтималдығы жоғары. |
арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына, техникаларды қарау кезінде техникалық инспектор қызметкері бару жөніндегі бөлігіне комиссия құрамымын бару жөнінде өзгеріс енгізуді ұсыну |
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына 2023 жылдың 11 қарашасында №06-02-02-01-11/1198 хат жолданды |
|
|
7 |
«Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ |
техникалық инспекция саласында 4 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша бөлімге қызмет алушылар көп келеді (арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) техникалық байқаудан өткізу. |
Бөлімге қағаз жүзінде түсетін арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) мемлекеттік қызметін электрондық форматқа бейіндеп жасақтап, автоматтандыру;
|
|
|
|
8 |
«Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ |
- Қала көлеміндегі ескерткіштерді авторлық куәлік негізінде емес, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізу үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына тиісті өзгерістерді енгізу. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының талаптары сақталмай көрнекі ақпараттар ілінген жағдайда жеке тұлғаны және сол көрнекі ақпаратты жасауға, дайындауға бағдар берген жарнама агенттігін жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау (немесе реттеу жүйесін енгізу). |
Жоғары тұрған органга ұсыныс жолдау |
2023 жылдың 8 қараша күні Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына №02-06-26-1-12/686 санды хаты жолданып, ұсыныс берілді
2023 жылдың 8 қараша күні Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына №02-06-26-1-12/686 санды хаты жолданып, ұсыныс берілді.
|
|
|
9 |
«Қалалық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ |
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» жөніндегі мемлекеттік қызметіне |
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына өзгерістер енгізілді |
|
|
10 |
«Қалалық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ |
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметіне |
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына өзгерістер енгізілді |
|
|
11 |
«Қалалық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ |
Ауыл шаруашылығы мақсатында конкурстарды ұйымдастыру, өткізуді электронды жүргізу |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру. |
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды. |
|
|
12 |
«Қалалық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ |
Жалға алу және сатып алу – сату шарттарын жасаған уақытта электрондық парақшада дайындап ұсынуға (ЖСН номерлері арқылы және электрондық қолтаңбасымен қол қоюға), шарттарда көрсетілген қаражат көздерін төлеген уақытта байлап көрсету (привязка). |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 47, 49 баптарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру. |
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды. |
|
|
13 |
«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ |
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету |
11.04.2023 ж. №06-02-15-3/995 Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Исаковқа хат жолданды |
Нәтижесі күтілуде |
Өтінішті қабылдау және мемлекттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Көрсетілетін қызмет беруші; 2) Кент, округ ауылдық округ әкімі; 3)«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Алайда, «Электрондық үкімет» веб-порталында өтініш қабылдау қызметі «Сіз таңдаған Департаментте іс-шаралар жоқ" жоқ деген қате шығуына байланысты мемлекеттік қызмет көрсету қол жетімсіз болып отыр. |
|
14 |
«Қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ |
ҚР Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 23 қаңтардағы №148 бұйрығының 5 тармағы әкімшілік жауапкершілігінен босату негіздеме ретінде алу заңдылығы |
Жоғарыда тұрған Басқармаға хат жолдау |
Хат жолданды 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №06-02-23-01-7/2/353 |
|
|
15 |
«Қалалық құрылыс бөлімі» ММ |
1) ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мердігер мекемемен мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізген кезде мердігер мекемеге жалпы сомадан аванс ретінде 30% төленеді. Сол авансты алып алған соң, мердігер мекеме жұмысын бастап болмайды немесе мүлдем бастамайды. Сол себепті, бөлімнің қаржылық балансында дебиторлық берешек жиналып қалады. Авансты бірден төлемеу немесе мердігер тарапынан жұмысты бастап, жүріп жатқандығы туралы дәлелдеме құжаттары ұсынылған соң, белгілі бір мерзім өткен соң ғана төлем жүргізу мәселесін қарастыру. Яғни, заң талаптарына өзгеріс енгізуді қажет етеді.
|
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізуді қажет етеді
|
Жоғары тұрған орган облыстық құрылыс басқармасына заң талаптарына, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 07.11.2023 жылы № 06-02-03-02-2/875 ұсыныс хат жолданды |
|
|
16 |
«Қалалық құрылыс бөлімі» ММ |
2) Мердігер мекеме тарапынан жұмыс тоқтап қалған жағдайда, бөлім тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына ескерту мақсатында хат жолданады. Алайда, шағын бизнесті қолдау және қорғау талабына сәйкес аталған мекемемен мердігерге қатысты шара қолдануға кедергі туындайды. Осы орайда, бюджеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс жасайтын мердігер мекемелерге қатысты заң талаптарын күшейту ұсынылады |
ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне толықтырулар енгізіп, осы орайда, бюджеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс жасайтын мердігер мекемелерге қатысты заң талаптарын күшейту ұсынылады.
|
Жоғары тұрған орган облыстық құрылыс басқармасына заң талаптарына, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 07.11.2023 жылы № 06-02-03-02-2/875 ұсыныс хат жолданды |
|
|
17 |
«Қалалық құрылыс бөлімі» ММ |
3) Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған конкурстар кезінде Әлеуетті өнім берушілерді негізсіз рұқсаттар беріп, конкурс жеңімпазы етіп анықтауы мүмкін. Сол себепті, Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды Мемлекеттік сатып алу Заңнамасына сәйкес қарап, белгілі мерзімде құжаттарын толықтыруға қайтару немесе рұқсат бермеу заңдылығын қарау.
|
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізуді қажет етеді
|
Жоғары тұрған орган облыстық құрылыс басқармасына заң талаптарына, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 07.11.2023 жылы № 06-02-03-02-2/875 ұсыныс хат жолданды |
|
|
18 |
«Қалалық құрылыс бөлімі» ММ |
4) Өнім беруші мен Тапсырыс беруші арасындағы жасақталған келісім шарт негізінде уақытылы жұмыстары жасақталмаған жағдайда сотқа талап арызбен жүгінгенмен, кейбір жағдайларда сот шешіміне сәйкес, мердігер мекеме тарапы жеңімпаз деп танылады.
|
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне толықтырулар енгізіп, Тапсырыс беруші қолданыстағы заңнамаға сәйкес өнім берушіні 30 күнтізбелік күн ішінде сотқа жүгініп, жозықсыз қатысушы деп тану мәселесі қарастырылса және жозықсыз деп танылған мекемеге бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс нысандары бойынша жарияланатын мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуға шектеу қою ұсынылады |
Жоғары тұрған орган облыстық құрылыс басқармасына заң талаптарына, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 07.11.2023 жылы № 06-02-03-02-2/875 ұсыныс хат жолданды |
|
|
19 |
«Қалалық құрылыс бөлімі» ММ |
5) Жасалған жұмыстарды қабылдау-табыстау актісіне негізсіз қол қою мәселесі.
|
Қабылдау-табыстау актісін жауапты мамандар мен бөлім басшысының қабылдауымен жүргізілгеннен кейін ғана мемлекеттік сатып алу порталында электронды қол қою мәселесі ұсынылады. |
Жоғары тұрған орган облыстық құрылыс басқармасына заң талаптарына, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде 07.11.2023 жылы № 06-02-03-02-2/875 ұсыныс хат жолданды |
|
|
20 |
«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ |
Қала және қалаға қарасты елді мекендердің жол құрылысын, жол белгілерін, жаяу жүргіншілер жолы, жол жүру қауіпсіздігін қамтитын нысандары бөлім тарапынан уақытында тексерілмейді. |
Бөлімге арнайы автокөлікпен қамту және жол тексеретін қосымша құрылғылар (курвиметр, тахеометр, ретрорефлектометр, склерометр, невилер, теодит т.б.) қамту |
Атырау қаласы әкім аппаратына ағымдағы жылдың 28 қараша күні №06-02-24-03-11/292 санды хат жолданды. |
|
|
21 |
«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ |
Бөлімде жер қазу жұмыстарына рұқсат беру ордері қолма-қол негізде, бетпе-бет қарым қатынасқа түсу арқылы іске асырылады. |
Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі арқылы жүзег асыру |
Атырау қаласы әкім аппаратына ағымдағы жылдың 28 қараша күні №06-02-24-03-11/292 санды хат жолданды. |
|
|
22 |
«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ |
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заң талаптарын өз деңгейінде қолданбағаннан туындап отыр |
Мамандарды біліктілік арттыру оқытуларына жіберу және жоғары тұрған уәкілетті органдарға тәжірбие алмасуға жіберу |
Атырау қаласы әкім аппаратына ағымдағы жылдың 28 қараша күні №06-02-24-03-11/292 санды хат жолданды. |
|