Өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес бірінші санаттағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері – азаматтардың мынадай санаттарын:

     - мүгедектерді;

     - мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

     - зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

     - балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

     - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

     - белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

     - аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

     - наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

     - қандастарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

 

Сонымен қатар, ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге жергілікті атқарушы органдарға арнаулы комиссияның қарауына:

      1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;

      2) ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;

      5) ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

___________________________
(уәкілетті органның атауы)

___________________________
(жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы)

мекенжайы:______________________,
телефоны: _____, факс: _____,
электрондық пошта мекенжайы:_____________.

      Нысан

Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

 

_____________________________________________________________________________

(жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

БСН____________________________________________________________________

      (бұдан әрі – өтініш беруші) атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, көрсетілген құжатты берген органның атауы, лауазымның атауы)

     

Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өтініш беруші жүзеге асыратын қызмет түрлері:

      а).......;

      б).......;

      ....... .

 

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін басшылыққа ала отырып,

      _______________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

    

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тануды сұраймын.

Өтініш беруші өтініште және оған қоса берілген құжаттарда өзі ұсынған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі ( _____ парақта).

      20__ ж. "___" _______________

 

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның басшысы)/уәкілетті адам

 
_______________
(қолы)

 
___________________________
(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)

 



 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

 

      Нысан

Өтініш беруші қызметкерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі

 

Азаматтар санаты

Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады)

1

2

Мүгедектер

мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктердің көшірмелері;
мүгедек балаға қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеуді растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері;
мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі ("мүгедек бала" санатын белгілеу)

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа келмегенге дейін бес жыл ішінде)

зейнетақы куәлігінің көшірмесі

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

адасып кеткен (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі;
ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы хаттама көшірмесі;
баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдырып кету туралы актінің көшірмесі;
жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме;
сотталғанның жеке ісі

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама

Аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің дәрігерлік қорытындысы

Қандастар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

 

Өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтер ________________________________________________________________________________

(жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан

20__ж. "___" _______________ жағдай бойынша

 

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге

1

2

3

4

 

Барлық қызметкерлер

   

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер, оның ішінде

   

1.

мүгедектер

   

2.

мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

   

3.

зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде)

   

4.

балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

   

5.

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

   

6.

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

   

7.

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

   

8.

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

   

9.

қандастар

   

10.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер

 



Дата публикации
20 ноября 2023