Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі

р/с №

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1

Мақат аудандық құрылыс бөлімі басшысы

Жалпы басшылық

Өкілеттілігінің кең болуы

2

  Бас маман

Бөлімге жүктелген мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік және атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша ұсыныстар дайындау. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын сала бойынша нормативтік-құқықтық акітелрде көзделген мерзімде мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында» жариялануы мен өткізілуін қамтамасыз ету. Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссиялардың жұмысын заңнама талаптарына сәйкес өткізілуін ұйымдастыру және бақылау. Мемлекеттік сатып алу конкурстарының техникалық сипаттамаларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік сатып алу және іс жүргізу секторының қызметтін ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу эұмысын ұйымдастыру (заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарау, құжаттарды дайындау), конкурс отырысының уақытылы, сапалы және заңды түрде өткізілуін қадағалау. Мемлекеттік сатып алу «Веб портал» бағдарламасымен жұмыс.

Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2 тармағы мен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 174 тармағының бір-біріне қайшылығы.

3

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы

Жалпы басшылық

Өкілеттілігінің кең болуы

4

Бас маман

«Е-қызмет», «ЕҚАБЖ», «Е-Лицензия» бағдарламалары бойынша барлық жұмыстарды атқару

2020 жылғы 1 қазандағы №301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары бекіту туралы» бұйрықтың

4-қосымшасы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінеде өтініш, қажет болған жағдайда бюджеттік кадастырлық (бағалау) кұн арасындағы  айырмаға тең соманы төлеу қажеттігі көрсетілген, яғни өтініш берушіден қызмет беруші артық құжат талап ете алмайды. Алайда, мемлекеттік жағдайда, өтініш берушінің жер учасксі ортақ меншікте  болған жағдайда өтініште  бұл мәліметтер көрсетілмей, қортынды шешімінің қате шығуына себеп болады

5

Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы

Жалпы басшылық

Өкілеттілігінің кең болуы

6

Бас маман

Машина трактор паркінің техникалық пайдалану Ережелері бойынша нормативтері мен стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы машиналарына жыл сайынғы техникалық бақылау жүргізу, тиісті құжаттарын беру мен машиналарды тіркеу және есепке алу жұмыстарын реттейді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын, тракторларды және олардың базасында құрастырылған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге құқық беретін емтихан қабылдауды, куәлік беру, мемлекеттік тіркеу нөмерін беру, жыл сайын өткізілетін техникалық байқауды ұйымдастырады және оны қамтамасыз етеді.

Трокторларды және олардың базасында  жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизімдерді, монтаждаған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелорациялық және жол-құрылысы машиналары мен мехонизмдерін, жүріп өтіу мүміндігі  жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл-шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 30 наурызда №4-3/269 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында  қызмет алушы өтінімді «Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі арқылы ұсынғанмен, барып қарау арқылы машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысыумен жүргізіледі. Аталған қызетті көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындау мүмкін, сол  себепті “Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен мехонизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрлысы машиналары мен мехонизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу” мемлекеттік көрсетілген қызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып, жеке кәсіпкерлік орнаға беру ұсынылады.

Талдау жүргізу барысындағы қолданыстағы норматифтік-құқықтық актілерде, оның ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы  министірің рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты салалы бұйрықтарының талаптарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін.

7

Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы

Жалпы басшылық

Өкілеттілігінің кең болуы

8

Бас маман

2022 жылдың 16 мамыр айынан бастап «Енбекші көшіп келушіге рұқсаттар бер және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіліп келеді. ҚР Қаржы министірінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №158 бұрығына  сәйкес енбекші  көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті бөлім арқылы берілуде. Адайда аталған бұйрыққа өзгеріс енгізілмеген, яғни еңбекші көшіп келушілер рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті ішкі істер органы арқылы салық органына беріледі деп көрсетілген.

Еңбекші көшіп келушілерді жұмыс берушілер үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға байланысты емес еңбек қызметінің жүзеге асырған жағдайда  жергілікті атқарушы орган еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүзеге асыратыны түсінікті, алайда еңбекші көшіп келулер үй шаруашылығында, емес басқа қызметтерді атқаратындығын тексеруді кім жүргізетіні ашып көрсетілмеген

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №158 бұйрығына өзгерістер әлі енгізілмеген

9

Бас маман

Бөлемде сот шешіміне  әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматықа аудан әкімдігінің қауылсы негізінде ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңға сүйене отырып, қорғаншы тағайындау жұмыстар атқарады. Алайда бұл мемлекеттік көрсетілген қызметтер реестрін енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі. Сондай-ақ қорғаншы тағайындау үшін нақты қандай құжаттарды тапсырау керектігі көрсетілмеген.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңға сүйене отырып жасалуда, алайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестіріне енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі

10

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы

Бөлім басшысының бұйрығымен тағайындалатын қызметшілерді тағайындау, босату, еңбек демалысын беру бұйрықтарын заңнамалар талаптарына сәйкес қабыладу. Олардың қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақталуын. Жеке істері мен еңбек кітапшаларының заңнмалар талаптарына сай толтырылуын және олардың сақталуын қадағалайды, қамтамасыз етеді.

Мақат ауданының ішкі саясат бөліміне қарасты «Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын қызметке қабылдар кезінде 250.00 нысанды жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсыру міндеттелді. Тапсырмаған жағдайда бұл сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекел туындау мүмкін.

11

Бас маман

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Еркін жоспарлау,бәсекелестікті шектеу(техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету», сатып алудың конкурстық емес тәсілі,формальды негіздер бойынша өтінімдерді қабылдамау, балдарды дұрыс есептемеу, сатып алудың күшін жою, Тапсырыс беруші мен жабдықтаушының сөз байласуы кезінде бағалардың демпингі), шартты орындау кезінде сәйкестікке бақылау жүргізбеу, жалған актілер бойынша ТЖҚ сәйкес келмейтіндерді қабылдау және оларға ақы төлеу мүмкіндігі

Дата публикации
17 ноября 2023