Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі

р/с№

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы

ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді; жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жөнінде аудан әкімі мен әкімдігінің, ауданның атқарушы органдарының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады; құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз етеді; т.б.

1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша ақпараттық жүйелердің тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы

2.

Аудан әкімі аппаратының жалпы және қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бугхалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу; аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, мемлекеттік мекемеде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады; әкімнің, әкімдіктің аудан әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етеді, «Қызмет бабына пайдалану құжаттары» таңбасымен корреспонденцияны тіркейді; т.б.

2. Мемлекеттік сатып алу жариялау кезіндегі құқық бұзушылықтар

3.

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Бөлім жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды. Бөлім атынан бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін қадағалайды. Бөлімнің қаржылық мерзімдерге сәйкес бюджетін жоспарлап, жоспарға сәйкес игерілуін ұйымдастырады, т.б.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
24 қарашадағы №511 «бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау

4.

Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Бөлім жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Бөлім атынан бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін қадағалайды; Бөлім қызметкерлерін кадрлық дайындау, біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыруын жүзеге асырады т.б.

Мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылықтар

5.

Исатай аудандық құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі

Бөлімге қажетті қаражаттың қаржылық жоспарларын уақытылы жасақталып бекітілуін және оның тиісті органдарға тапсырылуын ұйымдастырады. Бухгалтерлік есеп және есептеу жұмыстарын үйлестіреді, заңға сәйкес төлем құжаттарын дұрыс толтырып және уақытылы төленуін қадағалайды, ай сайынғы әлеуметтік төлем, еңбекақы, зейнетақы қоры, салық төлемдерінің уақытылы төлеудің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік сатып алу бойынша заңға сәйкес конкурс жариялау, келісім шарттар жасақтау жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылықтар

6.

Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

Бекітілген құрылыс құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын, құрылыс тәртібінің, құрылыс салу ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру; Әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша Мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылау; Орындалған жұмыстардың сапасына техникалық қадағалауды жүзеге асыру; Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, конкурстық комиссияның шешімі негізінде тиісті бағдарламалар бойынша аудандық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаржы көлемі шегінде қызметтер мен жұмыстарды орындаушылармен шарттар жасасу; Құрылысы немесе реконструкциясы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу.

Мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаражаттың толықтай игерілмей қалуы

7.

Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Бөлім жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Бөлім атынан бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін қадағалайды; Бөлімнің бюджетін жоспарлап, жоспарға сәйкес игерілуін ұйымдастырады, т.б.

Бөлімде бас маман есепші штат бірлігі жоқ

8.

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Бөлім жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Бөлім атынан бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін қадағалайды т.б.

Бөлімде бас маман есепші штат бірлігі жоқ

9.

Исатай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік сатып алу келісім-шартының орындалуына бақылау жүргізеді; Бөлімнің бюджетін жоспарлап, жоспарға сәйкес игерілуін ұйымдастырады; Бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды құрама есепке алу, бақылау жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады т.б.

Мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылықтар

10.

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Бөлімнің жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды. Бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін қадағалайды. Бөлім жұмысшы органы болып табылатын комиссиялар мен кеңестердің жұмыстарын ұйымдастырады. Бөлімнің қаржылық мерзімдерге сәйкес бюджетін жоспарлап, жоспарға сәйкес игерілуін ұйымдастырады т.б.

Бөлімде есепші маманы жоқ

 

Мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылықтар

11.

Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Бөлім жұмысын жоспарлап басшылық етеді, жұмысын жан-жақты ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру, талдау жүргізу; ауылшаруашылығы өндірісінің, жер ресурстарын пайдалану, экологиялық жағдайды және балық шаруашылығы саласын дамытудың сараптамасын дайындалуына бақылау жасайды. Аймақтық индустриалды-инновациялық дамыту және импорт алмастыру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру; ауданның ауыл шаруашылық меншігіне жататын егін, мал шаруашылығы жұмыстарына, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануда қайта жаңғырту, ағымдағы жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші ретінде қадағалау қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде бас маман есепші штат бірлігі жоқ

 

Бюджет қаржысын бөлімге отырғызып, округтерге аударып отыру

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/270 бұйрығымен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларының
 17-тармағында көрсетілетін қызмет бойынша

 

Дата публикации
17 ноября 2023