|
№
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
1 |
Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөліміне жұмысына ішкі талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Басқарма - оператор болып белгіленген. Өнім беруші операторға мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы электрондық есепті ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінің кешіктірмей жібереді. Оператор (Басқарманың жауапты тұлғасы) ұсынылған есепті 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, құжаттардың толықтығын, балалардың қатыспау дәлелді себептерін, электрондық табелін тексереді. Алайда, нормативтік – құқықтық актілерге сүйене отырып, оператор өнім берушінің ұсынған есебіне сәйкес, қызмет орнына барып, шығармашылық үйірмеге қатысушыларды тексеріп, электронды табельдің толтырылуын қадағалауға ешқандай әрекет ете алмайды. Себебі бекітілген тиісті заңды қағида болмай отыр. Осыған байланысты, аталған қағидада көрсетілген кейбір заң талаптары арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын жағдайлар байқалды. |
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс беру |
09.08.2023ж, №06-01-16-03-3/792)
|