Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Тракторларды және олардың базасында  жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизімдерді, монтаждаған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелорациялық және жол-құрылысы машиналары мен мехонизмдерін, жүріп өтіу мүміндігі  жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл-шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 30 наурызда №4-3/269 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында  қызмет алушы өтінімді «Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі арқылы ұсынғанмен, барып қарау арқылы машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысыумен жүргізіледі. Аталған қызетті көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындау мүмкін, сол  себепті “Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен мехонизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрлысы машиналары мен мехонизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу” мемлекеттік көрсетілген қызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып, жеке кәсіпкерлік орнаға беру ұсынылады.

Талдау жүргізу барысындағы қолданыстағы норматифтік-құқықтық актілерде, оның ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы  министірің рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты салалы бұйрықтарының талаптарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін.

Атырау облысы

бойынша Әділет департаментініе

және Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсыныс жолдау

Атырау облыстық ауылшаруашылығы басқармасына 2023 жылдың 23 қазан күні №06-08-03-01-9/2837 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

2

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ

2020 жылғы 1 қазандағы №301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары бекіту туралы» бұйрықтың

4-қосымшасы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінеде өтініш, қажет болған жағдайда бюджеттік кадастырлық (бағалау) кұн арасындағы  айырмаға тең соманы төлеу қажеттігі көрсетілген, яғни өтініш берушіден қызмет беруші артық құжат талап ете алмайды. Алайда, мемлекеттік жағдайда, өтініш берушінің жер учасксі ортақ меншікте  болған жағдайда өтініште  бұл мәліметтер көрсетілмей, қортынды шешімінің қате шығуына себеп болады.  

Атырау облысы

бойынша Әділет департаментіне, Атырау облысы жер қатынастары басқармасына

ұсыныс жолдау

Атырау облысы жер қатынастары басқармасына 2023 жылдың 23 қазан күні №06-08-05-02-35/1085 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

3

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ

Мемлекеттік сатып алу туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2 тармағы мен мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығының 174 тармағының бір-біріне қайшылығы.

Атырау облысы

бойынша Әділет департаментініе

ұсыныс жолдау

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына 2023 жыл 24 қазанда №06-08-02-03-9/2848 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

4

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

2022 жылдың 16 мамыр айынан бастап «Енбекші көшіп келушіге рұқсаттар бер және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетіліп келеді. ҚР Қаржы министірінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №158 бұрығына  сәйкес енбекші  көшіп келушілерге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті бөлім арқылы берілуде. Адайда аталған бұйрыққа өзгеріс енгізілмеген, яғни еңбекші көшіп келушілер рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәліметті ішкі істер органы арқылы салық органына беріледі деп көрсетілген.

Еңбекші көшіп келушілерді жұмыс берушілер үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға байланысты емес еңбек қызметінің жүзеге асырған жағдайда  жергілікті атқарушы орган еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүзеге асыратыны түсінікті, алайда еңбекші көшіп келулер үй шаруашылығында, емес басқа қызметтерді атқаратындығын тексеруді кім жүргізетіні ашып көрсетілмеген

Атырау облысы

бойынша Әділет департаментініе

ұсыныс жолдау

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2023 жыл 24 қазанда №06-08-04-01-8/1236 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

5

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Бөлемде сот шешіміне  әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматықа аудан әкімдігінің қауылсы негізінде ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңға сүйене отырып, қорғаншы тағайындау жұмыстар атқарады. Алайда бұл мемлекеттік көрсетілген қызметтер реестрін енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі. Сондай-ақ қорғаншы тағайындау үшін нақты қандай құжаттарды тапсырау керектігі көрсетілмеген.

Атырау облысы

бойынша Әділет департаментініе

ұсыныс жолдау

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2023 жыл 24 қазанда №06-08-04-01-8/1236 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

6

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

Мақат ауданының ішкі саясат бөліміне қарасты «Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын қызметке қабылдар кезінде 250.00 нысанды жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсыру міндеттелді. Тапсырмаған жағдайда бұл сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекел туындау мүмкін.

Бөлімінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына 2023 жылдың 23 қазан күні №06-08-07-02-16/254 санды хатпен ұсыныс жолданды

 

Дата публикации
17 ноября 2023