Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Іс-шараны орындау мерзімі

Ескертпе

1

Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысының 26 тармақшасында ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен немесе алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген жағдайда тексеру тәртібін көздемейді. Лауазымды тұлғаларға жоғарыда аталған себептерді анықтауды өз бетінше және өз қалауы бойынша тексеруге мүмкіндік беруі тәуекел тудыруы мүмкін.

Қаулының 12 тамақшасында  Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

Тізімдерді қандай «өзге де ұйымдар» ұсынуға құқылы екендігі белгісіз. Ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін "басқа" терминінің орнына әлеуметтік көмек алу үшін қандай ұйымдардың тізімдер беруге құқығы бар екенін көрсету керек, сонымен қатар тізімдерді беру шарттары мен мерзімдерін анықтау керек. Нәтижесінде, қандай да бір сипаттамаларды құқықтық нормаға сәйкес деп санаған кез келген лауазымды адам өз қалауы бойынша шешім қабылдауы мүмкін.     

2.Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады делінген. Машина сағатын есептеу методикасы жоқ.Қазіргі таңда бөлім қызмет көрсету актісіне қол қою және  қызметіне қаржыны төлеумен шектеліп отыр. Жұмыс барысында бөлімнің қызмет көрсеттін ұйымдарды бақылау мүмкіндігі жоқ.Қызметті көрсету актісінде қызмет алушының уақыты (барған уақыты, қайтқан уақыты, барған пункті көрінеді) алайда бармаған жерді көрсетіп оған қол қойылуы  мүмкін.

3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі-Кодекс) және «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 ҚР Үкіметінің қаулысына және Қорғаншылық тағайындау және мүліктеріне мәміле жасау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу және қағидаларын бекіту;

4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен Сәйкестік туралы декларацияның (бұдан әрі – Декларация) нысаны бекітілген, Декларациядан сәйкестігін анықтауға регламент бекітілмеген, сол себепті бас тартуға немесе бекітуге  негіздері жоқ,  іс-әрекеттер регламентінің болмауы мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады. Бөлімде сәулет, қала құрылысы саласына сәйкес келетін білікті мамандар (инженер, құрылысшы, сәулетші және т.б.) жоқ болуына байланысты тәуекел туындауы мүмкін.

Атырау облысы әкімі аппаратына және «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департментіне ұсыныс хат жолдау

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

2

Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ Заңының  22-бабының 2-тармағында Тапсырыс беруші ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен  бастап бес жұмыс күні ішінде 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес тиісті  шешімдердің  бірін қабылдайды делінген. Бұл дегеніңіз  конкурс жарияланғанға дейін  үш жұмыс күнді, әлеуетті өнім  берушілерге  жауап  қайтаруға бес жұмыс күнді, яғни барлығы күнтізбелік он күннен аса  уақытты     алып, осының салдарынан келісім шартқа отыру мерзімі кешеуілдейді немесе  қайта конкурс өткізіледі. Бұл, өз кезегінде жұмыстың  мерзімінде  және  сапалы орындалуына, сондай-ақ қаржының  уақытылы игерілуіне кедергісін келтіріп,   сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда  болуына әкеп  соғуы мүмкін.

2. ҚР Инвестициялар және даму министрі м.а 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 165-тармағында жергілікті атқарушы орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет ресурстарында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей:

«жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңы, ауылішілік, ауданаралық (қалалық, облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына тиісті облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына тарайтын баспа басылымдары арқылы конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялайды делінген».

Атырау облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыныс хат жолдау;

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс хат жолдау

 

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

3

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

1. Мердігер мекемемен мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізген кезде мердігер мекемеге жалпы сомадан аванс ретінде 30% төленеді. Сол авансты алып алған соң, мердігер мекеме жұмысын бастап болмайды немесе мүлдем бастамайды. Сол себепті, бөлімнің қаржылық балансында дебиторлық берешек жиналып қалады. Авансты бірден төлемеу немесе мердігер тарапынан жұмысты бастап, жүріп жатқандығы туралы дәлелдеме құжаттары ұсынылған соң, белгілі бір мерзім өткен соң ғана төлем жүргізу мәселесін қарастыру. Яғни, заң талаптарына өзгеріс енгізуді қажет етеді.

2. Мердігер мекеме тарапынан жұмыс тоқтап қалған жағдайда, бөлім тарапынан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына ескерту мақсатында хат жолданады. Алайда, шағын бизнесті қолдау және қорғау талабына сәйкес аталған мекемемен мердігерге қатысты шара қолдануға кедергі туындайды. Осы орайда, бюджеттен бөлінетін қаражатпен жұмыс жасайтын мердігер мекемелерге қатысты заң талаптарын күшейту ұсынылады.

3.Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған конкурстар кезінде Әлеуетті өнім берушілерді негізсіз рұқсаттар беріп, конкурс жеңімпаз етіп анықтауы мүмкін. Сол себепті, Әлеуетті өнім беруші ұсынған құжаттарды Мемлекеттік сатып алу Заңнамасына сәйкес қарап, белгілі мерзімде құжаттарын толықтыруға қайтару немесе рұқсат бермеу заңдылығын қарау;

4.Келесі мәселе тұрғындардан түсетін арыз шағымдар бойынша. Бір Тұрғыннан «Е-өтініш» арқылы бір күнде он бес дана арыз түсетін жағдайлар да бар. Арыз мәтіні бір сарынды, тек әрбір мемлекеттік органға жазылған. Алайда, арызда аталып отырған мәселесі біздің бөлім құзырында қаралатын болғандықтан, барлық мекемелерден бізге жолданады. Заң аясында қаралып, арыз иесіне сол 15 арызына бір мәтінде жауап жазылады. Бірақ, осы орайда, тұрғын тарапынан: «Мен Сіздің бөлімге емес, ел басшысынан бастап, облыс әкімі, құқық органдарына жазып отырмын, Сіздің жазған жауабыңыз маған қажет емес»- дегендей наразылық білдіріледі. Заң талабына сәйкес толтырылатын келісім акті, әкімшілік акт сияқты құжаттарға тұрғын бөлімге келуден бас тартқандықтан қол қойдыртуға мүмкіндік болмай, қызметкердің заң талабына сәйкес жұмыс жасауына кедергі тудырылады.

Атырау облысы Әділет департаментіне, Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыныс хат жолдау

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

4

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімі

1. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде «ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың келісуші уәкілетті органдарының тұжырымдары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба» көзделген. Яғни, қызмет алушы осы аталған органдардан келісімін құжаттарға қоса тігіп өткізеді. Сондықтан, қызметтің бизнес-процесінде жер қатынастары саласының орындаушысы «ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі және келісу нәтижелері бойынша оларды қорытындылайды» деген бөлігі қайталама жұмыс болып табылады деп санаймыз. (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі қағидасының 2 тараудың 4-тармағына сәйкес өтініш және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін жер комиссиясына дейін ұсыну міндеттелген. Осыған сәйкес, қызмет алушы өз қаражат есебінен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін әзірлейді. (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.20 ж. № 301 бұйрығы)

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолдау

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

5

Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы  №17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын  және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы 34-тармағына (4-абзац), егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады.

Алайда, аталған тармақта тендерге қатысушымен шарт жасау және жасамау мүмкіндігі де рұқсат етіледі. Бұл мәселені құрылтайшы өз мүдделерінен шығып шеше алады.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасымен жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларын кеңейту арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуін қамтамасыз ету бойынша нормалар бекітілді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заңның 7-бабы 4-тармағының, 18-1 бабының нормаларына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне иелік етеді және басқарады.

Алайда, Заңның 10-бабымен жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру тәртібі реттелмеген.

Осыған байланысты, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлігін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру немесе керісінше беру рәсімін жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне жүгінуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру тәртібі реттелмеген.

Өз кезегінде, республикалық меншіктен мүлікті жергілікті өзін-өзі басқарудың меншігіне беру барысында жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары облыс әкімдігіне жүгінуі қажет.

Бұл мәселені аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс әкімдіктері өз мүдделерінен шығып шеше алады.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қағидалардың 15 тармағына сәйкес, мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға үш данада жасалған актілерді күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік заңды тұлға басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия мынадай құжаттарды қоса бере отырып, келісуге жібереді.

      1) Комиссия хаттамасы;

       2) авария жағдайында - тиісті лауазымды адам жасаған және бекіткен оқиға актісінің немесе оқиға болған жерді қарау хаттамасының көшірмесі;

       3) дүлей зілзала жағдайында - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың, апаттардың себептерін тексеру актісінің көшірмесі.

Алайда, жабдықтың және басқа мүліктің ақаулары, кемшіліктері, ақауларына қатысты шынайы деректерді ұсынбау мәселері туындайды.   Уәкілетті органның жауапты тұлғасы бұл мәселені өз мүдделеріне сүйене отырып шеше алады.

4. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 76,77,119-1,119-2,119-3, 120-баптарымен көзделген жағдайларда жол беріледі.

Қолданыстағы заңнама нормаларымен өзге жағдайларда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға беру көзделмеген.

Бұл ретте, облыстың жергілікті атқарушы органдарының атына мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға коммуналдық меншік объектілерін өтеусіз негізінде беру туралы көптеген өтініштер келіп түседі.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №207 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларына және Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің бірыңғай әдістемесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №636 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар жыл сайын мемлекеттік мүлік тізіліміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Активтер мен үй-жай алаңын түгендеу жүргізу есебін» және қаржылық есептілікті ұсынуға міндетті.

 Сонымен қоса, ҚР заңнамасында жоғарыда аталған есептілікті ұсынбағаны үшін мемлекеттік ұйымдағы лауазымдық тұлғалардың жауапталығы көзделмеген.

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына, облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсыныс хат жолдау

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

6

Махамбет ауданы әкімі аппараты

1. НҚА-ды әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

Ал, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 67-бабы (Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 12.03.2021 жылғы ҚР Заңымен алып тасталған.

Осы орайда, жергілікті атқарушы органдардың НҚА жобаларын әзірлеу процесін оңтайландыру мақсатында қолданыстағы заң жобаларына тиісті өзгерістерді енгізу арқылы НҚА-ды әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы»
ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) деген сөздерді алып тастау қажет.

2.НҚА әзірлеуде «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында (әрі қарай – Ашық НҚА) жария талқылау үшін 10 жұмыс күн, Ашық НҚА-да орналастырылғаны туралы хабарламаны алған кезден бастап қоғамдық кеңесте ұсынымдар ұсыну үшін 10 жұмыс күн, кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын НҚА жобаларына сараптамалық қорытындысын ұсыну үшін 10 жұмыс күн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін 10 жұмыс күн, Әділет органдарында келісу үшін 10 жұмыс күн және т.б. өзгеше мерзімдер көзделген.

Бұған қоса, «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабының 6-тармағына сәйкес, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесі қарағанға дейін интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Алайда, әзірлеуші орган ретінде НҚА жобаларын әзірлейтін кейбір атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларында мерзімді баспасөз басылымдарын сатып алу көзделмеген.

Ал, «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 32-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, прокурорлық қадағалау актілеріне: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы жатады.

Осы заңның 33-бабының 3-тармағына сәйкес, Прокурордың наразылығы күнтізбелік он күн ішінде тиісті органның немесе лауазымды адамның қарауына жатады, ал 36-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұсыну онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, лауазымды адамның немесе органның – күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде қарауына жатады.

Осымен, прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы НҚА-ның заңдылығына тексеру жүргізе отырып, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде наразылықтар келтіреді және тиісінше ұсыныстар енгізеді.

Осы орайда, НҚА жобаларын әзірлеу процесіндегі мерзімдер мен прокурорлық қадағалау актілерінің орындалу мерзімдері сәйкес келмейді.

Ал, Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау ҚР заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

НҚА қабылдаудың тиімділі мен жеделдігін арттыру және нормашығармашылық процесін оңтайландыру мақсатында әзірленетін НҚА-ды ҚР Заңдарында белгіленген тәртіппен сараптамалық қорытындылар алу немесе келісу процестерін, оның ішінде мерзімдерін қысқарту арқылы оңтайландыру қажет.

3. Қазақстан Республикасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурстардың жүргізілу тәртібі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 40 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүргізіледі.Қағида бойынша жалпы ережелер, конкурсты өткізу тәртібі, конкурс комиссиясын қалыптастыру, ішкі конкурс, жалпы конкурс, кандидаттың лауазымға орналасуы және шағым жасау тәртібі айқындалған.

Алайда, мемлекеттік органдардағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын ол босаған уақыттан бастап жариялануы қажеттігі жөнінде мерзім көзделмеген.

Бұл өз кезегінде «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш орналасатын кандидаттардың қызметке орналасуын кешеуілдетеді және басшылық лауазымдарға артықшылықтар берілуіне, соның салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне баруына жол ашуы мүмкін.

Осыған орай, мемлекеттік органдарда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын ол босаған уақыттан бастап белгілі бір мерзім ішінде конкурс жариялануын нормативтік құқықтық актіде белгілену қажет.

4.Қазақстан Республикасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу үшін аталған Қағидаға сәйкес конкурстық комиссия қалыптастырылады. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін қалыптастырады.

Алайда, қалыптастырылған сұрақтардың тізімінен конкурстық комиссия мүшелері үміткер кандидаттарға өз таңдаулары бойынша белгілі бір сұрақтарды қоя алады.

Осыдан тараптардың қалыптастырылған сұрақтар бойынша алдын-ала жоспар құрып алуы арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауы ықтимал.

Осы орайда, қалыптастырылған сұрақтар тізімін арнайы электрондық жүйеге көшіріп, үміткер кандидаттарға қойылатын сұрақтарды конкурстық комиссия мүшелеріне электрондық жүйе (автоматты түрде) арқылы таңдап беруді жүзеге асыру қажет. Соның нәтижесінде, «Б» корпусының бос немесе уақытша бос лауазымына лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес біліктілігі жететін кандидат орналаса алады.

5.Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгені барлығына белгілі. Кодекстің негізгі бағыты әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу болып табылады. Кодекстің 4-бабының 1-тармағының 16) тармақшасында жолданым – әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым, ал 32) тармақшасында сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші жатқызылады.

Сондай-ақ, Кодекстің 87-бабының 1-тармағына сәйкес «хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Яғни, Кодексте жеке және заңды тұлғалардан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғаларға түсетін жолданымдар мазмұнына қарай жолданымның нақты қай түріне жатқызылатыны нақты көрсетілмеген.

Осыған орай, жеке және заңды тұлғалардан түскен жолданымдардың мерзімінде қаралуын әрі сапалы шешім қабылдануын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды болдырмау және қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын төмендетпеу мақсатында Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет.

6. Кодекстің 73-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.     Яғни, жолданым бойынша қабылданатын шешімге әкімшілік рәсімге қатысушы өз ұстанымын білдіру мақсатында әкімшілік органда, бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары, ақпараттық жүйелерді пайдалану және өзге де байланыс тәсілдері арқылы тыңдау жүргізіліп, тыңдау хаттамасы рәсімделеді.

Тыңдау хаттамасын рәсімдеу тәртібі Кодекстің 74-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген. Сондай-ақ, осы баптың 4-тармағына сәйкес тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындауға және қол қоюға тиіс.

Алайда, Кодексте төрағалық етуші мен хатшының нақты қандай лауазымды адамдардың болуы қажет екендігі көрсетілмеген және міндеттелмеген.

            Сондай-ақ, осыған ұқсас тыңдау хаттамасының хатшысы жолданымды негізгі орындаушы (жинақтаушы әкімшілік органның қызметкері) немесе жолданымдағы мәселенің сипаты бойынша қосалқы орындаушы (мәлімет беруші әкімшілік органның қызметкері) екендігі де белгісіз.

            Бұл өз кезегінде, лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің тыңдау хаттамасының төрағасы немесе хатшысы болу жауапкершілігінен жалтаруға алып келеді.

            Осыған орай, әкімшілік рәсімге қатысушылар әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру мақсатында сапалы тыңдау жүргізу, сондай-ақ, лауазымды тұлғалар мен орындаушы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, тыңдау хаттамасының төрағасы мен хатшысын нақты белгілеу қажет.

7.Кодекстің 90-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

            Осыған сәйкес, жеке және заңды тұлғалар өздерінің шешілмей жүрген мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауларында баяндауға құқылы.

            Жеке және заңды тұлғалар өздерінің мәселелері бойынша жеке қабылдауға кіру үшін алдын-ала мемлекеттік органдарға бару арқылы жазылуы қажет. Яғни, жеке қабылдауға жазылу әлі күнге дейін жазбаша нысанда жүргізіледі.

Бұл өз кезегінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекетітк орган қызметкерлерімен жеке қабылдау күніне дейін алдын-ала байланысуына жол ашады. Соның салдарынан жеке және заңды тұлғалардың кейбір шешілмей жүрген күрделі мәселелері мемлекеттік орган басшысының назарына жетпей қалып жатады. Осыған орай, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган қызметкерлерімен тікелей байланысын болдырмау және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Кодекске өзгерістер енгізіп, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауына жазылу процесін электрондық жүйеге енгізу қажет.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне, Атырау облысы Әділет департаментіне ұсыныс хат жолдау

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

 

Дата публикации
16 ноября 2023