Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

«Атырау облысы Құрманғазы ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

ҚР-ның Еңбек Кодексінің 139 бабының 1 тармағы негізінде Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты  аудандық және ауылдық мәдени мекеме басшыларын қызметке конкурссыз тікелей қабылдап отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                   2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде, ауданның мәдениет саласының басшылық және азаматтық қызметшілер құрамын конкурс өткізу тәсілімен жұмысқа қабылдау

Аудан әкімінің 2023 жылғы 19 қазандағы №06-07-01-01-19/2896 хатымен «Атырау облысы Құрманғазы ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысына конкурс тәсілімен жұмысты жүргізу тапсырма берілді

 

2

«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен» жекешелендіру құқығысыз (кейін сатып алу құқығысыз) табысталады делінген

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 және 13 бабына сәйкес, бірнеше санаттағы азаматтар түрғын үй (пәтер) жекешелендіруге (сатып алуға) құқылы.

Сондықтан ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұжырымдаманы Заңға сәйкестендіру қажет.

Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А.Кенжебековке 2023 жылдың 17 қазандағы №06-07-01-03-1/2865 санды хатымен ұсыныс жолданды

 

3

«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексінің                  49-1-бабында.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі

3  тармағында: Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне келіп түскен кезден бастап сегіз жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.

 

4.тармағында: Елді мекеннің  шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органына келіп түскен кезден бастап он алты жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады – делінген.

 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының                 4-қосымшасына сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасында: Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі               13 (он үш) жұмыс күні болып белгіленген.

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексінің    49-1-бабында.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі

3  тармағында: Елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне келіп түскен кезден бастап            он алты жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады деп  -өзгертуге

4.тармағын: өзгеріссіз қалдыруға

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары М.Хасановтың 2023 жылдың             17 қазан күні №06-07-01-03-1/2869 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы   министрлігіне ұсыныс беру туралы хат жолданды.

 

4

«Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу бойынша қызметтер   «Тракторларды және олардың базасында  жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизімдерді, монтаждаған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелорациялық және жол-құрылысы машиналары мен мехонизмдерін, жүріп өтіу мүміндігі  жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл-шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 30 наурызда №4-3/269 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында  қызмет алушы өтінімді «Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі арқылы ұсынғанмен, барып қарау арқылы машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысыумен жүргізіледі. Аталған қызметті көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындау мүмкін, сол  себепті “Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрлысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу” мемлекеттік көрсетілген қызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып, жеке кәсіпкерлік ортаға беру ұсынылады.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы  министрінің рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты салалы бұйрықтарының талаптары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік көрсетілітенқызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып, жеке кәсіпкерлік ортаға беру ұсынылады.

 

Атырау облысы

ауыл шаруашылығы басқармасына 04.10.2023ж.               №06-07-01-04-1/2701 ұсыныс хат жолданды

 

5

«Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

1. Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша. Құжаттар қабылдау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығының 3-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» қағидасында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №197 бұйрығы  2- қосымшасы «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасында қарияның жалғызбасты екендігін растайтын құжат сұрату көрсетілмеген. Алайда, аталған қызметті тағайындау барысында тиісті органдардан қарияның жалғыз басты екендігін дәлелдейтін құжаттар қосымша сұратылады.

2. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы  29 маусымдағы №263 бұйрығының 1-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қария қарттар үйіне орналастыруға уәкілетті органға өтінішпен жүгінген кезде, сұратылатын құжаттар тізілімінен бөлек, өтініште ұсынған мәліметтерін нақтылау және қаулы жобасын құқықтық сараптамадан өткізу барысында «Неке және отбасы» Кодексін негізге ала отырып, тиісті органнан қарияның үйленгендігі немесе балаларының бар-жоғын анықтау мақсатында анықтама сұратылады. Аталған анықтама осы уақытқа дейін аудандық  АХАТ бөлімімен беріліп келді, қазіргі таңда ол анықтама АХАТ бөлімімен берілмейтіндіктен, жеке нотариустерден алынып отыр.

1.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығының 1-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» қағидасына, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2020 жылғы 28 мамырдағы №197 бұйрығы 2- қосымшасы «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына қарияның жалғыз басты екендігін дәлелдейтін анықтаманы қосуға.

 

2.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығының 1-қосымшасы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартының қажетті құжаттар тізіміне егде жастағы өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын қариялар үшін отбасы жағдайы (үйленгендігі, балалары туралы мәлімет) туралы анықтама қосуға ұсыныс етіледі.

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2023 жылы           19 қазан №06-07-01-04-1/2898 хат жолданды

 

Дата публикации
16 ноября 2023