Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тізбесі

№

Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекел

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс

Атқарылған шаралар

Ескертпе

1

«Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

Негізінен есептен шығарылып отырылған бюджеттік мекемелердегі физикалық, моральдық тозуынан жарамсыз болған мүліктер.Сондықтан  пайдаланып отырған бұйрықтың атауын өзгертуге

Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына            №06-06-01-03/2456 17.10.2023.ж хат жолданды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721бұйрығының атауын өзгертуге

2

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрықтың 4 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген.

Сұранысқа ие мамандардың тізбесін тиісті әкім аппараты, мекемелер уәкілетті органға ұсынады. Мысалы: орта мектептен 1 математика пәнінің мұғалімі қажет деп сұраныс беріледі. Осы мектепте бұрыннан жасайтын математика пәнінің мұғалімі өтініш береді. Бұл жағдайда қандай шешім қабылдаймыз? Заңдылыққа нақты тізбенің жолын көрсету;

Атырау облысы экономика және қаржы басқармасына                  №06-06-01-03/2366 06.10.2023.ж хат жолданды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 6.11.2014.ж №72 бұйрығына өзгеріс енгізуге

3

Қағиданың 4 тармақ, 2 тармақшасында: «Тұрғын үй сатып алуға бюджет түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды»,-деп көрсетілген.

Қағиданың 4 тармақ, 2 тармақшасында көрсетілген ақпаратты тексеру үшін «Cabinttmio.otbasybank.kz»  тиісті ақпараттарды  қарастыру мүмкіндігін беру;

 

 

4

Қағиданың 6 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген. Ал 6 тармақта  сұранысқа ие мамандардың тізбесінде қызмет алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі делінген.

Егер қызмет алушының мамандығы бекітілген тізбеде болмаса, онда бас тарту негіз көрсетілмеген.

Қағиданың 1 қосымшасының 9 тармағында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеріне толықтырулар енгізу;

 

 

 

5

Қағиданың 1 қосымшасының 9 тармағы 2 ,3 тармақшаларында  заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту деп көрсетілген.

Қағиданың 6 тармағы бойынша көрсетілген құжаттарында «соттылығы туралы анықтама» көрсетілмеген. Сондықтан бұл бас тартуға негізсіз немесе тапсыратын құжаттардың тізбесін кеңейтуге;

 

 

6

«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

1,2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік тапсырыспен Инватакси қызметі.

 

«Инватакси» қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне және машинаның бір сағаттық есептеу методикасының қағидасын енгізу;

 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына №06-06-04/1381 санды хат 20.10.2023 ж. жолданды

 

7

Мүгедектігі бар адамдарға қорғаншылыққа аудан әкімдігінің қаулысын даярлау, анықтама беру.

Мүгедектігі бар адамдарға қорғаншылық тағайындау және мүліктеріне мәміле жасау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу және қағидаларын бекіту туралы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына №06-06-04/1381 санды хат 20.10.2023 ж. жолданды

 

8

Мүгедектігі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына объектілердің сәйкестігіне декларацияны жасау.

Мүгедектігі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына объектілердің сәйкестігіне декларацияны жасауды, сәулет, қала құрылысы саласына жүктеу туралы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына №06-06-04/1372 санды хат 17.10.2023 ж. жолданды

 

9

«Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №108 өкімінің 3 жыл мерзімге шектеу қойған, қазіргі таңда осы өкімнің күші жойылғаны туралы заңды құжат шықпай отыр.

Осы тәуекелдің шешу жолын анықтау үшін облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдау қажет.

11 қазан күні Облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына №06-06-06-04-3/287 санды хаты жолданды.

Облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасынан 18.10.2023 жылы     №06-01-03-14-1/1244 санды жауап хат келген болатын, хатта «Құқықтық актілер туралы» Заңының          60 бабының                        4-тармағына сәйкес, азаматтардың нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру үшін белгілі бір қызмет саласында реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуді сұрайды.

10

«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы жер учаскесінің кескінін өзгерту бойынша  жасырын қызмет көрсетіледі. Жер учаскесінің кескінін өзгертуге жер пайдаланушылары округ әкіміне өтініш жазады (сызбаларымен қоса). Округ әкімдері ұсыныспен  бөлімге жолдайды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі ұсыныс негізінде тиісті мекемелерден келісім алу үшін жолданады. Мекемелерден келген келісім негізінде жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын жасақтауға қорытынды беріледі. Келісім берілмеген жағдайда бас тарту хабарламасы жолданады. Жер пайдаланушымен окуруг әкімімен және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен байланыс орнату мүмкін. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдауды ұсынады.

сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдау

Облыстық жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды

13.10.2023ж

№06-06-01-02/2442

 

11

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы жер учаскесін екіге бөлу бойынша жасырын қызмет көрсетіледі. Заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштерді округ әкімдері аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімге ұсыныпен жолдайды. (жер актісі, жер учаскесінің екіге бөлу сызбасы) Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі түскен ұсынысты тиісті мекемелерден келісім алу жолданады. Мекемелерден келген келісім негізінде жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын жасақтауға қорытынды беріледі. Келісім берілмеген жағдайда бас тарту хабарламасы жолданады. Жер пайдаланушымен округ әкімімен және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен байланыс орнату мүмкін. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдауды ұсынады.

Жоғарыда аталған қызметтер бойынша қағидаға енгізу үшін жоғары органға  ұсыныс жолдау.

сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдау

Облыстық жер қатынастары басқармасына ұсыныс хат жолданды

13.10.2023ж

№06-06-01-02/2442

 

12

«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

1) Аудандық ішкі саясат  бөлімінде  2023 жылға 5 әлеуметтік тапсырыс өткізу жоспарланған. Оның ішінде «Іскер ана» жобасы жоспарда көрсетілген мерзімде өткізілмеген;

2) Аудан бойынша проблемалық  мәселелерге қатысты және аудан жетістіктерін насихаттау мақсатында қысқаметражды роликтер байқауы жоспарда көрсетілген мерзімде өткізілмеген;

3) Білікті теологтарды тарта отырып профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қызметі бағыты бойынша жоспарланған мерзімнен кеш өткізілген.

 

Себебі, бөлімдегі осы салаға жауапты маман жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа кетуіне орай,  орнына жауапты маман уақытында белгіленбеген. Соның салдарынан, уақытыныда өткізілуі тиіс шаралар мерзімінде өткізілмей, қаржы уақытында игерілмеген.

2024 жылға өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілген шараларды келісім шартта көрсетілген мерзімге сәйкес өткізу.

 

Орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін бөлімнің жауапты қызметкерлерімен ағымдағы жылы 20 қыркүйекте түсіндіру шаралары өткізілді.

 

 

13

-E-otinish сайтына жауапты маман жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа кеткеннен кейін орнына жауапты маман уақытында белгіленбеген.

Жауапты маманды бекітіп, бұйрық шығару.

 

Жауапты маман бекітіліп, бұйрық шығарылды

 

14

Бөлім бойынша бөлім басшысымен 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында 74 бұйрық қабылданған, оның ішінде 4 бұйрықтың негіздемелері көрсетілмеген.

Бақылауға алу, түсінік жұмыстарын жүргізу.

 

Орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін бөлімнің жауапты қызметкерлерімен ағымдағы жылы 20 қыркүйекте түсіндіру шаралары өткізілді.

 

15

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V ҚРЗ Заңының 22-бабының 2-тармағында Тапсырыс беруші ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күшінен бастап бес жұмыс күні ішінде 1), 2), 3) дегеніңіз конкурс жариялағанға дейін үш жұмыс күнді, яғни барлығы күнтізбелік он күннен аса уақытты алып, осының салдарынан келісім шартқа отыру мерзімі кешеуілдейді немесе қайта конкурс өткізіледі

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізе отырып, көрсетілген бес жұмыс күнді қысқарту жолдары үшін  облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыныс хат жолдау

 

 

1) Ағымдағы жылы 17 қазанда     №06-06-01-01/2457 санды шығыс хатымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және қоммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізу үшін ұсыныс хат жолданды.

 

 

16

Бөлім арқылы жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарын жауапты мердігерлер өзіне жүктелген міндеттемелерді толық және мерзімінде орындай алмауы салдарынан жұмыстың сапалы орындалуына, сондай-ақ қаржының уақытылы игерілуіне кедергісін келтіріп,сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

2) Облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына хат жолдау

1) Ағымдағы жылы 17 қазанда     №06-06-01-01/2457 санды шығыс хатымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және қоммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына өзгерістер енгізу үшін ұсыныс хат жолданды.

 

17

«Қызылқоға ауданы әкімі аппараты» ММ

1) еріктілер жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыстар атқарғаны үшін қызметтеріне ақы төлеу мәселесінің шешілмеуі

 

 

1) Атырау облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасына ұсыныс хат жолдау

 

 

1) Атырау облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Е.Қажкеновке ағымдағы жылдың 12 қазанында №06-06-01-04/2424 санды хатымен орын алатын төтенше жағдайлар, оның ішінде дала өрті, су тасқыны және т.б. жағдайлар бойынша еріктілерді жұмылдыру белсенділігін арттыру үшін оларды қаржыландыру үшін ұсыныс хат жолданды.

 

18

2) Бюджеттік жоспарда жоспарланбаған қаражатқа алдын-ала мемлекеттік сатып алу өткізу, қаражаттың келесі айда берілетінін біле тұрып, алдыңғы айда мемлекеттік сатып алу өткізу

2) Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыныс хат жолдау

1) Ағымдағы жылы 24  қазанда №06-06-01-04/2518 санды шығыс хатымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және қоммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа ұсыныс хат жолданды.

 

19

3) Мемлекеттік сатып алу порталында конкурстың өткізілу мерзімі 1 ай мерзімді қажет етеді. Сол себепті тапсырысшы тәуекелділік танытып жарияланатын тауардың басқа кодын (КТРУ) тауып, баға ұсыныстарына сұраным тәсілі арқылы өткізіп уақыт үнемдейді. Баға ұсыныстарына сұраным тәсілінің өткізілу мерзімі 5 күнді, яғни 1 аптаны қажет етеді.

2) Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына ұсыныс хат жолдау

2) Ағымдағы жылы 24  қазанда №06-06-01-04/2518 санды шығыс хатымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және қоммуналдық меншік басқармасының басшысы М.Мұқасовқа ұсыныс хат жолданды.

 

20

«Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

1)  «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12 тармағында:

Бухгалтерлiк және статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүргiзедi, сондай-ақ:

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстар актісіне;

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (базалық-индекстік әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға;

осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес орындалған құрылыс жұмыстары (ресурстық әдіс бойынша) мен шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды» делінген.

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тапсырыс беруші авторлық және техникалық қадағалау қызметінің бюджет қаражаты есебінен тартады.

Авторлық қадағалауды жобаға сәйкес жұмыстардың жүргізілуін бақылайтын жобаны әзірлеуші жүзеге асырады.

Техникалық қадағалауды аккредиттелген ұйым орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, құнын, қабылдап алынуын және объектілерді пайдалануға беруді қоса алғанда, жобаны іске асырудың барлық сатыларында жүзеге асырады.

Бұл ретте техникалық қадағалауды орындалған жұмыстардың көлемін есептеу және олардың сапасын тексеру үшін барлық қажетті құралдары мен жабдықтары бар аттестатталған сарапшылар жүргізеді.

Бөлім яғни Тапсырыс беруші аккредиттелген ұйым болып табылмайды, өз штатында аттестатталған сарапшылары жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексеру жүргізу және олардың көлемдерін есептеу үшін құрал-жабдықтар қаралмаған.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер болған кезде, жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.

Іс жүзінде барлық жағдайларда жауапкершілікке тек бөлім қызметкерлері тартылатынын, ал техникалық және авторлық қадағалау өкілдері іс бойынша елеусіз қалатынын ерекше атап өткен жөн.

Бөлім қызметкерлерін жауапкершілікке тартудың, және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің себебі Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актісіне қол қоюы болып табылады («Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына ( 3-1-қосымша).

Бұл ретте Тапсырыс берушінің осы үшін арнайы тартылатын техникалық қадағалау қызметінің құрылыс-монтаж жұмыстары (бұдан әрі-ҚМЖ) көлемі мен сапасы үшін жауапкершілік туралы дәлелдері қабылданбайды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер болып табылмайды және тексеруші органдар үшін қызығушылық тудырмайды.

Мысалы, құны 1 млрд.теңге құрайтын нысандар бойынша техникалық қадағалау қызметі орта есеппен 20,0 – 40,0 млн. Теңгені құрайды. Сәйкесінше техникалық қадағалаушының еңбекақысы тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік қызметшіден 2-3 есе жоғары алады. Алайда, нақты тәжірибеде тапсырыс берушіге жауапкершілік артылады.   Салыстырмалы түрде аз жалақы алатынын (мемлекеттік қызметкерлер 200-ден 300 мың теңгеге дейін (штаттан тыс қызметкерлер 110-130 мың теңгеге дейін) атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №229 бұйрығының 12-тармағы 4-тармақшасына, бюджеттік инвестициялық жобаларды салу кезінде Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісіне (3-1-қосымша) қол қоюды алып тастауын және оған орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтамаға (4-1-қосымша) қол қоюды ғана қалдыру жөнінде өзгеріс енгізуді ұсынады.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 20.10.2023 жылы №06-06-02-1-6-/542 хат жолданды.

 

21

 

2) Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 104-1-бабында Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық  көрсетілген.  «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық әсердің болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1-бабы Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін, яғни лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қаралған.

Бұл ретте, аталған жауапкершілікке тартылмас үшін, ай сайынғы жоспарланған қаржыны игеру үшін тиімсіз пайдалану тәуекелі бар.

2) Бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін, яғни ай сайынғы жоспарланған қаржыны әр тоқсанға бөліп қарастыру бойынша заңнамалық құжат қабылдау қажет етеді.

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміне 23.10.2023 жылы №06-06-02-1-6/543  хат жолданды

 

22

 

Әлеуетті өнім берушілер жұмыстардың орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда, міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда шарттың жалпы сомасынан, ал міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындаған) жағдайда міндеттемелер сомасынан 0,1 пайыз мөлшерде тұрақсыздық айыбын өндіру және келісім шарттың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы қаралған.

Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 152-бабына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім берушілердің тұрақсыздық айыбы өндіруге ескерту хаттары беріліп келеді.

Сонымен қатар, Шарт бойынша жұмыстарды қасақана кешіктірген әлеуетті өнім берушілер ескерту хатқа сәйкес өз еркімен төлемей, тапсырыс берушінің сот органдарына талап арыз берілуін күтеді. Себебі: Көп жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздарға берілген қарсы пікірлерде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 297-бабына сілтеме жасалып, тұрақсыздық айыбы 80 пайызға дейінгі мөлшерде азайтылып, сот арқылы шешуге мүмкіндіктер пайдаланады. Бөлім тарапынан мұндай сот шешімдеріне аппеляциялық шағым жасау кезінде жоғары тұрған органнан келісімдер алу қаралған.

Бұл өз кезегінде, қызмет барысында Мемлекеттік сатып алу туралы екі жақты шарттың міндеттерімен құқықтарын талап етуге кедергілер туғызуда.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында, әлеуетті өнім берушімен жасалған келісім шартқа, әсіресе құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) шартқа, электронды өндірістік жұмыстардың кестесін енгізу. Бұл, кестеге сәйкес жекелеген жұмыстарды кешігіп орындаған кезде, автоматты түрде тұрақсыздық айыппұлды есептеуге және ұстап қалуға мүмкіндік береді.

- Сот арқылы тұрақсыздық айыбы өндірілген әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан кезде балдық жүйесіне шектеулер енгізуді, ал, заң нормаларын сақтаған әлеуетті өнім берушіге басымдық беруді

Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына 23.10.2023 жылы №06-06-01-02/2504 хат жолданды.

 

Дата публикации
16 ноября 2023