|
№ |
Мемлекеттік орган немесе ұйым атауы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекел |
Тәуекелді жою бойынша ұсыныс |
Атқарылған шаралар |
Ескертпе |
|
1 |
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы |
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіндегі жергілікті мемлекеттік басқару органының функцияларына бірқатар өзгерістер енгізілуіне орай, Ережені өзгерту қажет |
Облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген Басқарма ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Облыс әкімдігі қаулысының жобасы дайындалуда |
|
|
2 |
Нотариатта куәландырылған өсиетке ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттер теңестірілетіндігі көрсетілген. Алайда, медициналық ұйымның жауапты мамандарымен бұл әрекеттің жүзеге асырылу механизмі уәкілетті орган актілерімен реттелмегендіктен бұл рәсім іс жүзінде жүзеге асырылмау қаупі бар |
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде уәкілетті органға ұсыным енгізу |
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен ұсыным хат жолданды |
|
|
|
3 |
азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша Кодексте міндеттер жүктелгенімен, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамағаны үшін тудырған салдар үшін азаматтарға жауаптылық көзделмеген. Мәселен, жүкті әйелдер 12 аптаға дейін есепке тұру қажет болса да, генетикалық тексеру мерзімін асырып келу, есепке уақтылы тұрмау, дәрігерлердің берген емдері мен кеңестерін орындамау салдарынан өзіне ғана емес, ішіндегі нәрестеге де кері әсерін тигізеді. Оған қоса, есепке тұрмай немесе есепке тұрса да уақтылы қаралмай, дәрігерден қашып жүретін болашақ аналар да жоқ емес. Ондай кезде құқық қорғау органдарына дейін жүгінетін кездер болады. |
денсаулығын сақтау саласын реттейтін кодекске бұл нормаларды қосу қажет. |
|
||
|
4 |
қағидаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығын парағын немесе анықтамасын берумен байланысты көрсетген мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша шағымды тек мемлекеттік көрсетілетін қызметтц беруші мен оны алушы табылады. Алайда, бұл екі тараптан шағымдар көп түспейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізу қажет. Алайда, бүгінгі күні медициналық көмекті ұйымдастыру бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың жұмыс берушілері, яғни үшінші тараптан берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағының негізділігін анықтап беру туралы хаттар саны есепсіз (әсіресе полиция қызметкерлеріне қатысты). Бұл өз кезегінде, аталған қағида талаптарының үшінші тұлғалар тарапынан сақталмауына және мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін, яғни, бағынысты медициналық ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметті тексеру өзге уәкілетті органмен жүргізілуі тиіс |
«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша жұмыс берушілерге де шағым түсіру құқығын беру жөнінде өзгеріс енгізу және аталған қағиданың 3-тарауына шағымды қарайтын әкімшілік орган ретінде жоғары тұрған әкімшілік органды алып тастап, орнына медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органды қосу қажет, сонымен қатар 3-тарауда көрсетілген шағымды қарайтын органдарға меншік нысанына қарамастан тексеруге уәкілеттілік беру жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ұсыным енгізу |
|
||
|
5 |
Медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия және қосымшалар беру туралы функция Басқармадан әлдеқашан алынғанына қарамастан, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі «Е-лицензиялау» порталы арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыру және азаматтарды әскерге шақырудан босату қызметтері бойынша әскерге шақыру жөніндегі медициналық комиссиясының мүшесі, емхана дәрігерінің атынан электронды цифрлық қолтаңба арқылы келісім беріп келеді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыру қаупі бар |
«Е-лицензиялау» порталы арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыру және азаматтарды әскерге шақырудан босату қызметтері бойынша жауапты мамандарды заңнамалық тұрғыда айқындап, қызмет бойынша өтніштерді өздері қарап, қорытындыға жауапты маманның ЭЦҚ қоюын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс беру |
|