Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерін сайлау бойынша дауыс беруді бастау туралы

2023 жылғы 5 қарашада Исатай және Қызылқоға аудандары әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

Аудандық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 07.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 34 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Ең ірі 19 сайлау учаскесінде (1000-нан астам сайлаушы) ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, сайлаушылар тізіміне кірмеген, бірақ сайлау учаскесінің аумағында тұратын мекенжай мәліметтерін тексеру үшін сервис ұйымдастырылды.

Сайлаушылар тізіміне 34 497 азамат енгізілді.

Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайда өткізіледі.

Исатай ауданы

Қызылқоға ауданы

Дата публикации
05 ноября 2023