Құрметті әріптестер!
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сіздерді Республика күнімен құттықтайды!
Мереке қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған әріптестеріміз: Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұқанов Мақсот Сайполұлын «Құрмет» орденімен, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шотпақов Сағынғали Нысанбайұлын «Ерен Еңбегі үшін» медалімен және Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Аманжулова Айнұр Мұратқызын ҚР Президентінің «Құрмет грамотасымен» марапаттарымен құттықтаймыз!
Барлық әріптестерімізге еңбектері үшін ризашылық таныта отырып, зор денсаулық, қызметтеріне табыс, мол бақыт және амандық тілейміз!
Құрметпен, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы