Өтініштердің статистикасы
Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «е-өтініш» ақпараттық жүйесіне 2023 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 23926 өтініш тіркелген. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 15,9%-ға артып отыр (2022ж. 9 айында -20656).
Өтініштердің түрлері бойынша келіп түскені: арыздар – 19680, шағымдар -1047, ұсыныстар -1633, хабарлама-1542, үн қосу -24.
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 15621 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны -9223, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданғаны -6398.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі «Qlik» модулі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті ТОП-5 мәселелері қаралды:
ТОП-1: Жер және жерді пайдалану – 6859 (28,6%);
ТОП -2: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық - 2720 (11,4%);
ТОП -3: Білім беру - 2047 (8,5%)
ТОП -4: еңбек қатынастары – 1597 (6,79%);
ТОП -5: құрылыс – 1146 (4,87%).
Жүйелік шешімдер, тәуекелдер картасы
Сонымен қоса, 2023 жылдың 9 айы бойынша өтініштерді контент-талдау негізінде, тәуекелдер карталарын қалыптастыру, жүйелі мәселелерді анықтау бойынша жұмыстар атқарылып, қорытындысы бойынша 69 өзекті мәселелер анықталды. Оның ішінде, келесі мәселелер анықталды: коммуналдық шаруашылық -19, тұрғын үймен көмек – 9, құрылыс -6, экология және табиғат қорғау -9, білім беру -5, еңбек дауы -4, спорт -2, жол құрылысы -3, энергетика -2, ономастика -3, кәсіпкерлік -2, бұралқы иттер жөнінде -1, дін істері -1, әлеуметтік көмек – 2, жер – 1.
Азаматтарды жеке қабылдау және фронт-кеңсе жұмысы
2023 жылдың 9 айы бойынша облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде 603 қабылдау ұйымдастырылып, 3162 азамат жеке қабылданды. Қабылдау үстінде өтініш иелеріне мәселелері бойынша заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 1464, мемлекеттік органдарға өтініш иелерінің мәселесін қарау үшін тапсырма жолданғаны – 1698.
Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 480 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 299 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 24 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 68 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік беріліп, 392 азаматтардың мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен жеке кездесулері шеңберінде облыс әкімімен 120 азамат жеке қабылданды.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1248 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй - 251, денсаулық - 106, әлеуметтік көмек - 37, білім - 83, жұмыспен қамту-46, жерді пайдалану-26, жол салу-39, кәсіпкерлік-32, мәдениет-15, балық шаруашылығы-9, ауыл шаруашылығы-4, қаржы-3, құрылыс-3, тағы да басқа мәселелер бойынша -594. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.