| Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне 19-қосымша | ||||||||||
| 2023 жылғы 3-тоқсан және 9 ай бойынша Qlik талдамалық жүйесінің деректері негізінде анықталған ТОП-3 өзекті проблемалар жөніндегі есеп Атырау облысы әкімдігі | ||||||||||
| № п/п | Мемлекеттік органдардың атауы | ТОП-3 мәселе/саны/% | ТОП-3/саны/ алдыңғы кезеңнің % | Өзекті мәселелердің өзгеру серпіні | Өтініш берушілер көтеретін проблемаларды шешу жөніндегі шаралар | |||||
| (2023 ж, 3 тоқсан-7975) | (2023 ж, 2 тоқсан-7837) | |||||||||
| Өтініштердің барлығы | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ТОП-1 | ТОП-2 | ТОП-3 | ||||
| А | Атырау облысы әкімдігі | 7975 | Жер және жерді пайдалану мәселелері -2061/25,8% | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселесі – 933/11,6% |
Білім беру- 854/10,7% | Жер және жерді пайдалану мәселелері - 2421/30,9% | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй беру мәселесі – 974/12,4% |
Білім беру/ 545/ 7,0% |
ТОП-1 Жер және жерді пайдалану (2023ж, 3 тоқсан – 2061 2023ж, 2 тоқсан -2421) төмендеу 14,8%; ТОП -2 Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық (2023ж, 3 тоқсан- 933 2023ж, 2 тоқсан -974) төмендеу 4,2 %; ТОП -3 Бідім беру (2023ж, 3 тоқсан - 854 2023ж, 2 тоқсан -545) өсім 56,6%; |
ТОП-1. Жер қатынастары, жерді пайдалану мәселелері; 2023 жылы 9 айы қорытындысы бойынша облыс көлемінде 98697,20 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 185 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. оның ішінде 98115,9 га жайылым, 40 га шабындық, қалған 541,3 өзге де жерлер санаты болып саналады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Сондай-ақ қайтарылған жерлер облыстың босалқы жер қорына қайтарылып, жоспарлы түрде ауыл шаруашылығы мақсатына конкурс арқылы жаңа айналымға шығарылатындығын каперге береміз. 2023 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің конкурс арқылы 53 932,5 га 123 жер учаскелері табысталып отыр. Жалпы 2023 жылдың 9 айы бойынша облысымызда 2 аукцион өткізіліп жалпы көлемі 35,07 га құрайтын 68 жер учаскесі 86 878 183 теңгеге өткізілді. Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 142873 астам азамат тіркелген (Оның ішінде, облыс орталығы Атырау қаласы бойынша 111526 азамат) және осы мақсатта 760 жер учаскесі табысталды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінің саны 2016 жылы- 98300, 2017 жылы -107833, 2018 жылы – 111764, 2019 жылы115309,2020 жылы- 117864, 2021 жылы-122185 азамат тұрды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2016 жылы-826, 2017 жылы -2455, 2018 жылы – 1177, 2019 жылы-789, 2020 жылы- 1488, 2021 жылы – 2716 жер учаскесін,2023 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 760 табысталды Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 81- тармағын орындау шеңберінде «Халық пен бизнестің ақпаратқа ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы бірыңғай ұлттық дерекқорды құру» көзделгенін, сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 32-тармағын орындау шеңберінде «Ақпараттық жүйелерді (МЖК ААЖ, ЖМТ МДБ) (бұдан әрі – БМЖМК АЖ) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі әзірленді. Осыған орай республикасылық деңгейде «жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың бірыңғай тізілімі» жасақталып іске қосылуда. Яғни азаматтар үйде отырып –ақ электронды тәсілмен жер учаскесін алу кезегіне тұра алады. Егов порталы арқылы жүзеге асырылуда. Шекара бойынша. 05.03.2018 ЭҚАБЖ МО (7.21.2 нұсқасы) Жол картасына сәйкес Атырау облысының қала, аудандардың елдімекендердің бас жоспарына сәйкес 126 елді мекеннің шекарасы толықтай жасақталды. 9 айы қорытындысы на сәйкес «Е-өтініш» жүйесі арқылы 175 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркеліп заң талаптарына сәйкес уақытылы қаралып өтініш иелеріне жауап жолданды. ТОП-2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; 1.Тұрғын үй кезегі. Жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау мәселелері. Облыс бойынша тұрғын үй кезегінде – 29 665 азамат тіркелген. Ағымдағы жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 211 адам үймен қамтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың сәуір айынан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске қосылып, «Отбасы банк» АҚ-ы арқылы жалдау төлемдерін субсидиялауға өтінімдерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнде келіп түскен өтінімдердің ішінде 200 адамға төлемдер жүзеге асырылуда.Тұрғын үймен қамту бағытында бірқатар өңірлік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның бірі «Атырау жастары» ипотекалық бағдарламасы бекітіліп, жергілікті бюджет есебінен 1,0 млрд.теңге қаражат бөлінді. Алғашқы бағдарлама аясында 100-ге жуық жас маманды баспанамен қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 73 адам үймен қамтылды. Қалған азаматтар жылдың соңына дейін қамтылады. Жаңа жоба аясында облыстың мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушыларына, ғылыми және әлеуметтік сала қызметкерлері және кезекте тұрған жетім балалар мен мемлекеттік қызметкерлер жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар «Бақытты отбасы - Атырау» бағдарламасы өңірлік бағдарламасы бекітілді. Бұл жерде бағдарлама талаптары: жылдық мөлшерлемесі – 5 пайыз, бастапқы жарнасы – 10 пайыз, несие беру мерзімі – 20 жылға дейін белгіленді, сонымен қатар қатысушылар екінші нарықтағы үй алу мүмкіндігі беріледі. Бағдарлама аясында 170-ге жуық кезектегі көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, 1, 2-топтағы мүгедектер және барлық санаттағы жесір отбасыларын қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 млрд.теңге қаражат бөлінді. 2.Көп пәтерлі үйлерді жөндеу. 2011-2022 жылдары аралығында Атырау қаласында барлығы 176 көп пәтерлі үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.2022 жылы 27 үйге жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар ағымдағы жылы 25 үйге жөндеу жұмыcтарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, 1,3 млрд.теңге қаржыландыру үшін республикаға ұсыныс берілді. Алайда ағымдағы жылға қаражат бөлінбеді. Сонымен қатар, 35 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталды. 3.Ауыз сумен қамту. Облыс халқын ауыз сумен қамту мақсатында жобалар жалғастырылып жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы құны 1,2 млрд.теңге құрайтын Қызылқоға ауданының 9 ауылдық елді мекенінде (Тасқұдық, Аққора, Кенбай, Соркөл, Былқылдақты, Қоңыраулы, Сарқұмақ, Қоныстану, Қоғам) су жүйелерінің құрылысы мен суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жұмыстары ағымдағы жылғы сәуір айында басталып жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 2023 жылға 1,047 млрд.теңге бөлінді. Махамбет ауданы Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Томан, Есмахан ауылдарына жобалау құжаттамасы әзірленіп, сараптама қортындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын алдымыздағы жылы іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылын сумен жабдықтауға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Алдымыздағы жылы Махамбет (13 СТИ) және Индер аудандарында 3 су тазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарын іске асыру жоспарда. Атырау қаласында қуаттылығы тәулігін 50,0 мың м3 болатын №5 сүзгі стансасына қайта жаңғырту жұмыстарына 2023 жылы жергілікті бюджеттен 5 900,0 млн.теңге бөлінді, алайда бүгінгі күнге жобаға түзету жұмыстары енгізілуде. Атырау қаласындағы №1 су сорғы стансасы және №6 су сүзгі стансаның құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сараптаманың оң қорытындысын алу ағымдағы жылғы желтоқсан айына жоспарлануда. 4.Газбен қамту. 2023 жылы өңірдегі елді мекендерді газдандыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1,8 млрд.теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа Атырау қаласы Береке ауылы, Қызылқоға ауданының 6 ауылын (Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, кенбай), Исатай аудынының 2 ауылын (Қызыл үй, Жасқайрат) газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар, Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналасқан елді мекендерді үздіксіз газбен қамту үшін, газге қосылу қуаттылықтарын ұлғайту мақсатында АГТС «Финская»-120 және және «Редут – АГРС Финская-120» магистралды бұрып апаратын газ құбырын салу» үшін РБ - 2024 жылы – 8 892 181,0 мың теңге (республикалық бюджет жобасында қарастырылмаған), 2025 жылы – 8 890 181,0 мың теңге, ЖБ - 2024 жылы - 1 975 818,0 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлу қажет. 5.Электрмен жабдықтау. Қазіргі таңда теміржол желісіне жақын орналасқан ЭЧ-4 мекемесіне қарасты тозығы жеткен электр желілерін толықтай ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы Құлсары қаласы мен Жамансор ауылында, 2022 жылы Аққыстау ауылында электр жұмыстары аяқталып іске қосылды. Ағымдағы жылға Мұқыр, Жантерек, Доссор, №402 (ПМС) елді мекендерінде электрмен жабдықтау құрылысы аяқталды, жылдың соңына дейін Кенбай, Сағыз, Береке, Сарыөзек ауылдарында толықтай аяқтау жоспарлануда. Ал, Атырау қаласы, Исатай ауданы Томан, Құрманғазы ауданы Ақкөл, Мақат ауданы Мақат елді мекендерін электр желісімен жабдықтау жұмыстарына түзету енгізілуіне байланысты, құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, Самал, Нұрсая мөлтек аудандарын тұрақты электр желісімен қамту үшін «Нұрсая» 110кВ ҚС дейін 110кВ-ӘЖ қайта жаңғыртумен «Самал» 110кВ ҚС салу» үшін РБ - 2024 жылы – 2 000 000,0 мың теңге (республикалық бюджет жобасында қарастырылмаған), 2025 жылы – 1 477 622 мың теңге, ЖБ - 2024 жылы – 386 403,0 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлу қажет. ТОП-3. Білім беру мәселесі; Облыс бойынша 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 18475 студент білім алады. Жатақхана орнына сұраныс – 150 орын. 2020 жылы 260 орындық 3 жатақхана (Атырау Энергетика және құрылыс колледжіне қарасты 100 орындық жатақхана, Жылыой технологиялық мұнай және газ колледжінің 60 орындық жатақханасы, Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжіне 100 орындық жатақхана) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Саламат Мұқашев атындағы Атырау қаласындағы политехникалық колледждің 150, Атырау көлік және коммуникация колледждің 100, Атырау индустриалды колледждің 100, Атырау қаласындағы медициналық колледжінің 200 орындық жатақханалары пайдалануға берілді. 2025 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжіне 150 орындық жатақхана құрылысын салу жоспарланды. «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы. Білім беру саласындағы бекітілген «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында Атырау облысында 2023-2025 жылдар аралығында 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 12 мектеп құрылысына бөлінген жер телімдері (Атырау қаласында – 8, Жылыой ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 2, Қызылқоға ауданында – 1). 2023 жылы 9 мектептің құрылысы басталды, аяқталу мерзімі 2024 жылы: 1. Атырау қаласы «Жұлдыз-2» шағын ауданында 900 орындық орта мектеп құрылысы; 2. Атырау қаласы «Жұлдыз-3» шағын ауданында 900 орындық орта мектеп құрылысы; 3. Атырау қаласындағы Ақсай-2 ауылында 900 орындық орта мектеп құрылысы; 4. Атырау қаласы Водниково ауылында 1200 орындық орта мектеп құрылысы; 5. Жылыой ауданы Құлсары қаласының Атырау шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы; 6. Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында 600 орындық орта мектеп құрылысы; 7. Құрманғазин ауданы, Ақкөл ауылында 600 орындық орта мектеп құрылысы; 8. Атырау қаласы Береке ауылында 1200 орындық орта мектеп құрылысы; 9. Атырау қаласы Сарыөзек ауылында 300 орындық орта мектеп құрылысы. 2024 жылы 3 мектептің құрылысы басталады, аяқталу мерзімі 2025 жылы: 10. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 600 орындық орта мектеп құрылысы; 11. Атырау қаласы Зарослы шағын ауданында 2000 орындық орта мектеп құрылысы; 12. Атырау қ., көш., мекенжайы бойынша 2000 орындық орта мектеп құрылысы. Ж.Елеусова, 69 (No11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің орнына). 12 жайлы мектептің салынуы қала мектептеріндегі орын тапшылығын шешуге, өңірдегі үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге және оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай туғызады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен түскен қаражат есебінен Атырау қаласы Ақжар-2 ауылында және Бірлік-2 шағын ауданында әрқайсысы 600 орындық мектеп құрылыстарына жалпы 3 113,1 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, 3620 орындық 7 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Білім беруді цифрландыру жұмыстары. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру автоматтандырылды indigo-atyrau.e-orda.kz қазіргі уақытта барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдары ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,9% - ы электрондық жолдама алды), балаларды мектепке қабылдау автоматтандырылды, бұл автоматтандыру есебінен мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 90%-ға төмендеуіне алып келді және Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыс мектептері «BILIM MEDIA GROUP» компаниясының ресурстарына қосылған. «Bilimland» сандық білім беру жүйесіне 195 мектеп қосылған, онлайн мектепте 190 білім беру ұйымы, облыстың 3 білім беру ұйымында «Daryn.Online» және «EDUPAGE». Облыстағы 5 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы «PLATONUS» ақпараттық жүйесі арқылы, 15 оқу орны «Edus», басқа оқу орындары «EDUPAGE» білім беру платформалары арқылы жұмыс жасауда. Талапкерлерді оқуға қабылдау барлық колледждерде бірыңғай «Edus» платформасы арқылы жүзеге асады. Білім беру ұйымдарында ағымдағы оқу жылында «Күнделік.KZ»бірыңғай ақпараттық жүйені пайдалану бойынша жұмыс жалғасты. «Күнделік.KZ» электронды журналына қазіргі кезде облыста платформаға тіркелген жалпы мектептер саны – 187 бірлік, мұғалімдер саны – 14188, оқушылар саны – 146729, ата-аналар саны – 136435. Әртүрлі мемлекеттік органның мәліметтерін жинақтауға, азаматтардың әлеуметтік жағдайы деңгейін анықтауға және оларға проактивті сипатта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе «Отбасының цифрлық картасы» жобасы іске қосылуда. Облыста «Отбасының цифрлық картасын» түзу жұмыстары пысықталып, 2023 жылғы 30 сәуірге дейін аяқталды. Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының «Отбасының цифрлық картасына» түсетін ведомстволық ақпараттық жүйелердің деректерін өзектендіруге қатысты 2023 жылғы 7 ақпандағы хаттамасының 3.2.1-тармағын орындау шеңберінде төмендегідей жұмыстар жүргізіліп жұмыстар толықтай аяқталды. Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері туралы. «Терроризмге қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес Атырау облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарын күзет құралдарымен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын терроризмге осал объектілерді және терроризмге осал объектілерді қорғау. Террорлық тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға келесі талаптар қойылады: Бірінші топтағы объектілер (300 адамға дейін) бейнебақылау жүйесімен және ескерту жүйесімен жабдықталуы керек. Екінші топтағы объектілер (300-ден 700-ге дейін) 78-тармақта көзделген техникалық құралдардан басқа, аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне бейнелерді жіберетін бейнебақылау жүйесімен (дабыл түймесі) дабыл беру жүйесімен жабдықталған. Органдарына немесе полицияның жедел басқару орталықтарындағы немесе аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріндегі күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған басқару пультіне. Үшінші топтағы объектілер (700 адамнан астам) осы тараудың 78 және 79-тармақтарында көзделген қосымша техникалық жабдықтау, техникалық бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер, лицензияланған күзет ұйымы) жабдықталған. Облыс бойынша террористік тұрғыдан осал объектилерге жататын 422 білім беру ұйымдары бар. Оның ішінде бірінші топқа (300 адамға дейін) – 96 мекеме жатады (62 балабақша, 30 мектеп, 4 қосымша білім беру). 326 мекеме екінші және үшінші топқа жатады (300-ден 700-ге дейін), оның ішінді 89 балабақша, 185 мектеп, 35 қосымша білім беру және 17 колледж. №117 бұйрыққа сәйкес 1-топ нысандары бейнебақылау жүйесімен және ескерту жүйесімен 100% жабдықталған. Бейнекамералар 2-3 топ объектілеріне жататын 422 білім беру ұйымдарының барлығын (балабақша, мектеп, колледж және қосымша білім беру) қамтылды. Жедел басқару орталықтарына 234 білім беру ұйымының бейнекамералары қосылған (қамту 71,8%). Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу. Кадр тапшылығына жол бермеу мақсатында жергілікті жастардың оқуына қолдау көрсетілетін болады. Қазіргі таңда өңірлік квоталар мәселесі жолға қойылған. Облыс әкімімен 2017 жылдан бастап ауылдық жерде тұратын жастарды, аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды және дарынды оқушыларды қолдауға арналған өңірлік квоталар бөлініп келеді. Облысымызда тапшы мамандықтар тізімі мен ЖОО қабылдау талаптарына сай сұраныс жасақталды. |