Облыс әкімі С.Ж.Шәпкеновтің 2022 жылы қала және аудандарға іс сапарларында берген хаттамалық тапсырмалары
|
№ |
Сұрақ қоюшы |
Орындалысы |
|
Индер ауданы |
||
|
1. |
Аты-жөні: Қаракешов Рауан – Индербор кентінің тұрғыны. Индербор кентінің «Шығыс», «Болашақ» мөлтек аудандарын асфальттау мәселесі бойынша жұмыстарды кезең – кезеңімен ұйымдастырсын, атқарылатын жұмыстар туралы тұрғындарға кең көлемде түсіндірме берсе |
«Болашақ» мөлтек ауданының асфльтталуға тиісті көше саны 18 (15,3 км). 18 көшеге (15,3 км) асфальт және жаяу жүргіншілер жолы үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтуде. «Шығыс» мөлтек ауданының асфльтталуға тиісті көше саны 9 (7 км), 9 көшеге (7 км) асфальт және жаяу жүргіншілер жолы үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтуде. Атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындармен кездесулерде түсінік жұмыстары жүргізілуде |
|
2. |
Аты-жөні: Меңдешов Ерлан - Индербор кентінің тұрғыны. Индербор кентінің қоқыс төгетін полигондарын ретке келтіру шараларын алып, қоршау, сұрыптау мәселелерін шешсін. |
Қазіргі уақытта 16 га құрайтын полигонда қоқыс қалдықтары 70 га аумақта шашылып жатыр. Бұл мәселені шешу бағытында, шашылған қоқысты заңдастырылған 16 га жерге жинақтауға 41 млн. 462 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Жеңімпаз болып «Құлсары МПСС» ЖШС мердігер мекемесі анықталып, алаңдағы қоқыстарды жинау және жою жұмыстарын жүргізуде. |
|
3. |
Аты-жөні: Даутбаев Сарсенбай – Жарсуат ауылының тұрғыны. құм тасымалдайтын автөкөліктердің белгіленген нормадан асыра тиеп жүруін болдырмау үшін тұрақты бақылау орнатып, қадағалау жүргізуді ұйымдастырсын. |
Индер аудандық полиция бөлімі Атырау облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірігіп Индер-Атырау тас жолында жүк көліктерінің белгіленген нормадан асыра тиеп жүруін болдырмау мақсатында 2022 жылы 11 рейдтер ұйымдастырып, 83 жүк көлігіне 1 млн. 4483 мың теңгенің айппұлдары салынды. (2023 жылы 2 рейд, 22 хаттама 6 852 964 теңге айыппұлдар салынды).
|
|
4. |
Аты-жөні: Халин Нұрлыбек – Индербор кентінің тұрғыны. апатты жағдайдағы үйлердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспары мен жолдарын айқындасын, осы жұмыстармен айналысатын сала мамандарына Атырау қаласы әкімдігінің тәжірибесін тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын. |
Аудан бойынша барлығы 25 көпқабатты тұрғын үйдегі 233 пәтер аппатты деп танылған. 2022 жылы облыстық бюджеттен 112 млн. теңге қаражат бөлініп, 16 пәтер сатып алынып берілді. Қалған 217 пәтер болатын 23 үйді көшіру жұмыстары қаралған қаражатқа сәйкес жұмыстар ұйымдастырылатын болады Сонымен қатар, қазіргі таңда апатты үйлерді көшіріп үй сатып алып беру үшін облыстық энергетика басқармасына бюджеттен 264 млн теңге бөлу үшін 2023 жылы 28 - наурызда № 06-04-01-11/466 хатпен бюджеттік өтінім берілді. |
|
5. |
Аты-жөні: Шортанбаев Мұрат – Индербор кентінің тұрғыны. интернет желісі жеткізілмеген және әлсіз қамтылған елді мекендер тізбесін шығарып, салалық министрлікпен келісе отырып, арнайы жол картасын жасақтасын |
Атырау облысында 23 елді мекенде интернет желісі жүргізілмеген. Ондағы халық саны-2612. Байланыс операторлары 250 тұрғыннан төмен елді мекендерге интернет желісін тартудың тиімсіз болуын алға тартуда. Сонымен қатар, ҚР-ның ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетіне 250 тұрғынан төмен елді мекендерді интернет желісімен қамтамасыз етуге хат жолданды, алайда жауап хат түспеген. |
|
6. |
Аты-жөні: Ермұханов Алтыбай – Индербор кентінің тұрғыны. Индербор кентінде стадион салу.
|
Индербор кентінен стадион салуға ыңғайлы жер телімі анықталып, ЖСҚ-ын жасақтаушы мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. ЖСҚ жасақталғаннан кейін қаржыға сұраныс жолданатын болады. Жобалау сметталық құжаттамасы Атырау облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен жүргізілуде. |
|
Исатай ауданы |
||
|
7. |
Аты-жөні: Нәсіпқали Гүлнұр Нәсіпқалиқызы - Аққыстау ауылының тұрғыны. Аққыстау ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысын мердігер мекеме көрсетілген мерзімде аяқтамаған жағдайда тиісті шара қабылдау бойынша ұсыныс енгізу. |
Аудандық құрылыс бөлімі арқылы 2022 жылғы 16 қарашада Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігер мекеме «Дан-Строй-База-ЛTД» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, келісім шарттың 8.3 тармақшасына сәйкес 137 102 816,0 тенге тұрақсыздық айыппұлын өндіру, келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі 89 310 194,4 тенге кепілдік жарнаны мемлекетке кайтару және 2019 жылғы 24 сәуірде №20 санды жасалған келісім шартты бұзу жөнінде талап арыз жолданып, 2022 жылғы 06 сәуірдегі №2301-22-00-2/208 санды соттың шешімі күшінде болғандықтан, 2023 жылғы 27 қаңтардағы №2301-22-00-2/2446 санды ұйғарымымен талап арыз қараусыз қалдырылды. |
|
8. |
Аты-жөні: Мұхтаров Құрманғали -Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Аққыстау ауылында салынып жатқан ауылішілік жолдарды ағымдағы жылы толық аяқтау үшін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру. |
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы жол құрылыс монтажтау жұмысы басталған «Аққыстау ауылындағы ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту» бойынша мердігер - «Информстройсервис» ЖШС, аталған нысанда 31 көшеге 16,2 шақырымға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
|
|
9. |
Аты-жөні: Айтанов Еркін - Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер. Нарын каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдетсін. |
ЖСҚ жасақталып, экологиялық қорытынды алынды. Қазіргі таңда сараптамадан өткізу үшін 3 млн. теңге қажет. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалымен бүгінгі күнге тиісті шаралар қолға алынбай отыр |
|
10. |
Аты-жөні: Халидуллин Боранбай - Аққыстау ауылының тұрғыны, зейнеткер. Аққыстау ауылында құрылысы жүріп жатқан 320 орындық мектептің пайдаланылуға берілуін қамтамасыз ету. |
Құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы аяқтамағаны үшін Атырау облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқтауды міндеттеу туралы талап арыз жолданды. Мердігер мекеме - «ДанСтройБаза ЛТД» ЖШС. Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтар әкелініп, орналастырылуда. Нысанды маусым айында тапсыру жоспарлануда. |
|
Махамбет ауданы |
||
|
11. |
Аты-жөні: Махамбет ауданы мен Исатай ауданы арасын қосатын Республикалық маңызы бар жолды жөндеу.
|
Республикалық маңызы бар Махамбет және Исатай ауданы орталығын қосатын автомобиль жолдардың ұзындығы 45 шақырым. Оның 10 шақырымы асфальтталған. 25 шақырымына мердігер «БекетСәтЖол» ЖШС-і арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (2023 жылы аяқталуы жоспарлануда). Қалған 10 шақырымына мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Орындалысы 22,2%. |
|
12. |
Аты-жөні: Махамбет ауылына 60 пәтерлік 1 тұрғын үй менен 36 пәтерлік 3 тұрғын үй салу.
|
Махамбет ауылынан 60 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысы "НКОК" компаниясы есебінен мердігер «КАСтройСервис» ЖШС-і арқылы құрылыс жұмыстары басталды (құны - 999,7 млн.теңге). 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құжаттамалары дайын (құны - 1 807,4 млн.теңге). «Нұрлы жер» бағдарламасының аяқталуына байланысты 36 пәтерлік тұрғын үй салу жұмыстары тоқтап тұр. |
|
13. |
Аты-жөні: Сарытоғай ауылындағы құрылыс жұмыстары тұрып қалған мәдениет үйінің құрылысын бітіру.
|
Сарытоғай ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2017 жылы басталып, күні бүгінге толықтай тоқтатылып тұр. Тапсырыс беруші «Атырау облысы құрылыс басқармасы» мм-сі. Қазіргі кезде мердігер мекемені (Строй Проект 2017 ЖШС) сотқа талап арызбен жүгініп, жосықсыз қатысушы болып танылды. Қазіргі уақытта Құрылыс басқармасымен жобаға түзетулер енгізілуде. |
|
14. |
Аты-жөні: Х.Ерғалиев ауылынан демалыс паркін салу.
|
Ауылда 2 саябақ бар (Р.Ғабдиев атындағы, Бақсай өзегінің ортасынан салған түлектер саябағы). Сонымен қатар, ауылдың шетінде орналасқан «Жасыл белдеуді» «Достық» демалыс паркіне айналдырудың ЖСҚ-сы «БатысАльянсСтрой» ЖШС-ның демеушілігімен жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өтті. (Жалпы құны - 558 млн.теңге). Салу үшін демеушілер іздестірілуде. |
|
Исатай ауданы |
||
|
15. |
Аты-жөні: Мусин Бекболат - Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейенеткер. Х.Ерғалиев, Аққыстау ауылдарына жазғы су құбыры желісін жүргізу.
|
Аудандық құрылыс бөлімі арқылы «Хамит Ерғалиев және Аққыстау ауылдарында жазғы су желісі құрылысы» нысандарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2023 жылға 300 млн.теңге қаражат қаралды. |
|
16. |
Аты-жөні: Нұрманова Күләш - Х.Ерғалиев ауылың тұрғыны, ауылдық дәрігерлер амбулаториясының аға дәрігері. Жасқайрат елді мекеніне медициналық пункт салу. |
Жасқайрат елді мекенінен медициналық пункт салу мәселесі «Ауылдық медицинаны дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде қарастырылып, құрылысы 2024 жылға жоспарлануда. |
|
17. |
Аты-жөні: Сиғуатов Сыралы - Х.Ерғалиев ауылың тұрғыны. Х.Ерғалиев ауылы мен Таңдай ауылы арасындағы автокөлік жолын жөндеу мәселесі.
|
Республикалық маңызы бар «Махамбет-Хамит Ерғалиев» автомобиль жолын орташа жөндеу жобасы бойынша аталған жолдың 0-7 және 7-10 шақырымы аралығына 2017 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ағымдағы жылы 6 км жасалды, 19 км негізі (основаниесі) жасалып жатыр, қалған 10 км жасалған жоқ (35-45 шақырымы). 2023 жылға қаражат қарастырылған. Мердігер мекеме - «БекетСәтЖол» ЖШС. Жоба 2023 жылы аяқталады. |
|
18. |
Аты-жөні: Ибраимова Бағила - Х.Ерғалиев ауылың тұрғыны, зейнеткер. Атырау-Астрахань республикалық автокөлік жолына Хамит Ерғалиев ауылының тұсынан мал өткелін салу. |
Атырау-Астрахань республикалық автокөлік жолына Хамит Ерғалиев ауылының тұсынан мал өткелі «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-мен 2023 жылы салынды.
|
|
19. |
Аты-жөні: Қарабалин Қайролла - Х.Ерғалиев ауылың тұрғыны, зейнеткер. Х.Ерғалиев ауылына жаңа саз мектебінің құрылысын салу.
|
Новобогат саз мектебінде 116 бала қосымша біліммен қамтылған, саз мектебі жеке сектордағы 5 бөлмелі бейімделген ғимаратта орналасқан, жылыту қазандығы қондырылмаған. Жаңа саз мектебінің құрылысын салу бойынша ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Алайда, мерзімі өтіп кетуіне байланысты түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
20. |
Аты-жөні: Насимуллин Ерболат - Аққыстау ауылының тұрғыны, қоғамдық кеңес төрағасы. Аққыстау ауылындағы дене шынықтыру кешенін жөндеу.
|
Ғимарат 2011 ж. пайдалануға берілген. 2020 ж. ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіліп, күрделі жөндеу қажет екені жөнінде қорытынды шығарылды. 2023 жылға "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында 149 млн.теңге қаралды. |
|
21. |
Аты-жөні: Насимуллин Ерболат - Аққыстау ауылының тұрғыны, қоғамдық кеңес төрағасы. Аққыстау орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.
|
Ғимарат 1986 ж. пайдалануға берілген. 2012 ж. күрделі жөндеуден өткен. 2020 ж. ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіліп, күрделі жөндеу қажет екені жөнінде қорытынды шығарылды. Бүгінгі күні ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтті. Білім беру басқармасымен ағымдағы жылдың 30 наурызында №06-01-06-02-46/1129 санды хатпен бюджеттік өтінім жолданды. Жоба құны – 766,0 млн.теңге. Ағымдағы жылға 521 млн.теңге бөлінді, қалған соманы мамыр айындағы мәслихат сессиясына ұсынылды. |
|
22. |
Аты-жөні: Томан елді мекені тұрғындары. Балабақша салу мәселесі.
|
Аудандық құрылыс бөлімі арқылы «Томан елді мекенінен 80 орындық балабақша құрылысы» нысанның жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны - 517 488,0 мың тенге. 2023 жылға 50 млн.теңге қаралды. |
|
23. |
Аты-жөні: Аққыстау ауылы тұрғындары. Орталықтандырылған кәріз желісі құрылысын аяқтау.
|
Нысан 2023 жылдың І жартыжылдығында тапсырылады деп жоспарлануда. Аталған құрылыс монтаждау жұмыстарын орындау барысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның КНС№8а қауіпсіз аймаққа көшіру туралы талап-арызы негізінде сот процесінің жүргізілуіне байланысты нысанды қабылдау 2023 жылға шегерілді. Жалпы құны – 2 544,9 млн. теңге.Мердігер – «Павлодар Өзен порты». |
|
Құрманғазы ауданы |
||
|
24. |
Аты-жөні: Исмагулов Якуб – Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Байда ауылдық округіндегі мектептің жағдайына зерделеу жүргізіп, мектеп құрылысын салу мәселесіне қатысты нақты ұсыныс-салалық қорытынды енгізсін |
Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде Атырау облыстық Білім беру басқармасына 04.04.2022 жылғы №06-07-29-1-2/2826, 31.05.2022 жылғы №06-07-29-1-2/462 хатпен ұсыныс жолданған. Алайда, Білім беру басқармасымен мәселе қараусыз қалған. |
|
25. |
Аты-жөні: Еркебаев Куат – Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Байда ауылдық округі тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесін қарастырып, округке су желісін тарту мәселесі бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын. |
Котяевка ауылындағы су желісінің ұзындығы 28 км, мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта тоқтап тұр. (Жобада ауылішілік асфальт жолдарының көрсетілмеуі және құрылыс материалдарының қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуде). |
|
26. |
Аты-жөні: Масалов Уахит – Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Аудандық орталық стадионға жаңғырту жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік нысандары жоқ елді мекендер тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызу мәселелерін шешсін. |
Құрманғазы ауылында орналасқан орталық стадион 1985 жылы салынған. Қазіргі таңда нысанның толық тозығы жеткен. Орталық стадионды қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде мердігер "ГрадСтройСервис" ЖШС-гі анықталды. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат алынуда. |
|
27. |
Аты-жөні: Сагингалиев Уалихан – Асан ауылдық округінің тұрғыны. Үштаған ауылындағы құм тоқтату жұмыстарының сапалы жүргізіліп, жобаның толықтай жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін |
2022 – 2023 жылдарға Құрманғазы ауданы Үштаған ауылына 10 гектар аумағына кұм тоқтату жұмыстарына «Кайсар – Атырау» ЖШС мен 2022 жылы 4 сәуір күні №17 келісім шарт жасақталды. Жұмыс 2 участокке бөлінеді. Көлемі 10 га. Оның ішінде: 1 участок 4,5 га, 2 участок 5,5 га. 2022 жылы 1 участокке қоршау жұмыстары жүргізіліп, қамыстан жасалған бөгеттер орнатылды. |
|
28. |
Аты-жөні: Алипов Сағидолла – Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Мүдделі органдармен бірлесіп, Азғыр өңірі елді мекендеріне жүргізілген ауыз су желісінің толықтай іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында мәселені бақылауға алып, орындалысын баяндап, аталған елді мекендерге таза ауыз судың толықтай берілуі бойынша қажетті шараларды қабылдасын. |
Сүйіндік, Балқұдық ауылдық округі су тазарту станцияларын мен ауыз су құбырларын сенімгерлік басқаруға Сүйіндік округі арқылы 3 рет конкурс ұйымдастырылып, нәтижесінде мердігер мекемелер қатыспады. Асан, Үштаған елді мекендеріне жүргізілген су тазарту станциялары мен ауыз су құбырлары «Құрманғазы СуАрнасы» ЖШС сенімгерлікке берілді. |
|
29. |
Аты-жөні: Меңдешов Думан – Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны. Сүйіндік ауылдық округіне табиғи газдың жүргізілуі бойынша құжаттары дұрыс жасақталмаған, газ жүргізілген үйлердің мәселесін бақылауға алып, тиісті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын. |
«Сомпани» ЖШС – гі Сүйіндік ауылдық округіндегі табиғи газ желісіне қосу бойынша құжаттары дұрыс жасалмаған 75 тұрғын үйдің, 50 үйіне құжаттарын жасақтады. Қалған 25 үйдің құжаттары жыл аяғына толық жасақталады. |
|
30. |
Аты-жөні: Аймов Жақсығұл – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Ветеринариялық лабораторияның жұмысын жолға қою мақсатында ғимаратты табиғи газға қосу мәселесін шешсін, лаборатория маманын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастырсын. |
Ветеринариялық лабораторияға жылу қазандығы апарылып, іске қосылды. Ветеринариялық лаборатория мамандарынан 2 адам тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша, өз еріктерімен бас тартып, көтермелеу қаражатымен шектелсе, 1 маман көтермелеу қаражатын алып, тұрғын үй алуға жеке қарызы кедергі болғандықтан. 2023 жылдан бастап тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. |
|
31. |
Аты-жөні: Куаншалиев Мансұр – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Шекарада орналасқан Азғыр өңірі елді мекендеріне қажетті әлеуметтік, инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі тұрғындар ұсыныстарын қарастырып, өңірге модульдік ғимараттар салу жөнінде нақты ұсыныстар енгізсін. |
Тиісті құжаттармен қамтылған инвестициялық ұсыныстар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама әкімгерімен ұсынылған жағдайда, облыстық бюджеттік комиссиясы қарауына ұсынылады. Қазіргі таңда Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында 48 орындық спорт кешені құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Азғыр ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің құрылысын бастау үшін 2021 жылы жергілікті бюджеттен 29,1 млн. теңге бөлініп (жоба құны - 140,7 млн. теңге), құрылыс жұмыстары басталды. 2022 жылы құрылыс жұмыстарына 45,2 млн.теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасуда. |
|
32. |
Аты-жөні: Бисенов Ғаммат – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Азғыр өңірі елді мекендеріне ауылішілік жол тарту және өңір үшін ең маңызды жолдардың құрылысын жүргізу іс-шараларын нақтылы жүзеге асыру бойынша мәселелерді қарастырып, Азғыр өңірі жол жобаларының орындалысы мен жоспарларын арнайы баяндасын. |
Қазіргі таңда облыстық маңызы бар «7разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» (0-36 шқ учаскесі) автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары (жоба құны 1 484,2 млн.теңге) мердігер мекеме «АтырауЖолдары» ЖШС-гі тарапынан іске асырылуда. Аталған нысанның 16 шақырымына жол негіздері жасақталып, 8 шақырмына топырақ төселіп, жол негізін тегістеу және құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «7разъезд-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» (36-98 шқ учаскесі) автомобиль жолының орташа жөнделуіне» «Уралводпроект» ЖШС-гі тарапынан жоба жасақталуда. |
|
33. |
Аты-жөні: Куаншалиев Мансұр – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Балқұдық ауылына өрт сөндіру депосын салу мәселесін қарастырып, нақты ұсыныс енгізсін. |
Бүгінгі күні Құрманғазы ауданы әкімдігі тарапынан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қажетті қаражат есептемелері мен бюджеттік сұраныс енгізілмеген.
|
|
Мақат ауданы |
||
|
34. |
Аты-жөні: Үмбетова Роза - Доссор кентінің тұрғыны, зейнеткер. Доссор кенті М.Өтемісұлы көшесіндегі 3 қатарлы ескі «ҚазПочта» ғимаратын жекешелендіріп алған тұлғаға ғимараттың сәулет-келбетін талапқа сәйкестендіруді міндеттеуді сұрайды. |
Доссор кенті әкімдігімен А.Исмагамбетовке жеке меншігіндегі ескі «Қазпочта» ғимараты Доссор кентінің сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп тұрғандығы жөнінде ескерту берілді. Алайда, меншік иесі қазіргі уақытта ғимараттың сәулет-келбетін талапқа сәйкестендіруге қаражатының жоқ екендігін алға тартуда.
|
|
35. |
Аты-жөні: Тәжіғалиев Серік - Ескене елдімекенінің тұрғыны, зейнеткер. Ескене елді мекенін көшіру мәселесі |
Мақат ауданы әкімдігімен 2022 жылдың 31 мамырында №06-08-01-07-3/1338 хатымен Атырау облысының әкімі С.Ж.Шәпкеновке Ескене ауылы мен Таскескен (№469 бекетінің) тұрғындарын Атырау облысының орталығы Атырау қаласына көшіру мәселесінің қаралуына ықпал етуді сұрап, ұсыныс хат жолданды. Ескене ауылы тұрғындарының жай-күйін талқылау мақсатында бірнеше кездесулер өткізіліп, кездесуге қатысқан ауыл тұрғындарының барлығы кей кездері ауылда еркін тыныс алу қиынға соғатынын, ауада едәуір мөлшерде күкірт иісі болатындығын, «GPC Investment» ЖШС-мен газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатқандығын, зауыт іске қосылған жағдайда ауа ластанатындығын алға тартып, ауылды шұғыл арада Атырау қаласына көшіруді сұрап отыр. |
|
36. |
Аты-жөні: Дәулетова Қымбат Аралқызы - Мақат кентінің тұрғыны, зейнеткер. Мақат кенті 3 ауыл маңынан республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе тас жолына шығатын автокөлік жолын асфальттау мәселесі. |
Қазіргі таңда Мақат ауданы әкімдігімен Мақат кенті және Бәйгетөбе ауылішілік 24 шақырым автокөлік жолын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы алынған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға министрлікке ұсыныс берілді.
|
|
37. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Доссор кентінен су тарататын насостық станция салуды сұрайды. |
Доссор кентінен су резервуары су айдау қондырғысы кеңсесімен бірге құрылысын салуға жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
38. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Мақат кентіндегі кәріз су тазарту имаратынан шығатын тазартылған техникалық суды кәдеге жаратуды сұрайды. |
Мақат кентіндегі кәріз су тазарту ғимаратынан кенттегі жасыл желектерді суғару үшін техникалық су желісін тарту жұмыстары бойынша ЖСҚ жасақтауға Мақат кенті әкімдігімен мемлекеттік сатып алу порталында конкурстық қайта жариялау жұмыстары жүргізілуде. |
|
39. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Мақат ауданы территориясынан заңсыз жер қазу, сазды жыныстарды өндіру жұмыстарының жолын кесу мақсатында полициця қызметкерлерімен жұмыстарды күшейту. |
Мақат ауданы территориясынан заңсыз жер қазу, сазды жыныстарды өндіру жұмыстарын тексеру мақсатында аталған жер учаскелеріне тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Мақат ауданы Жайынбай маңы, Жұмабай-1, Ескене ауылынан заңсыз қазылған жерлер бойынша Атырау облысы жердің пайдалануы мен қорғауын бақылау басқармасы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысы Экология департаментімен тексеріс жұмыстары жүргізілуде. |
|
40. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Мақат ауданның коммуналдық саласына тракторлар мен су таситын автокөлікпен қамтамасыз етуді сұрайды.
|
Мақат ауданы әкімдігімен Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына 2022 жылғы 09 қарашадағы № 06-08-08-01-2/2882 хатыменқажетті арнайы техника (Вакумнная машина КО 505А 2-дана, Экскаватор-Погрузчик 1-дана, Мусоровоз на базе КАМАЗ КО-440-17 2-дана, УАЗ Фермер - 39094 2-дана, Вакуумно-подметальная машина CEKSAN VKV-4000 на шасси автомобилья JAK N120 1-дана) сатып алуға бюджеттік өтінім жолданды. |
|
41. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Мақат аудандағы сорларды «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен көму мәселесі. |
Мақат және Доссор кенттері орталығында орналасқан сорларды көму үшін, жобалық-сметалық құжаттама жасақтама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны – 11 млрд. 213 млн.теңге. Жобалаушы мекеме – «Шыңдау» ЖШС. Тапсырманы орындау мақсатында қажет қаржыны бөлу үшін мамыр айындағы мәслихат сессиясына енгізілді. |
|
42. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы - Доссор кентінің тұрғыны, «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. «НКОК» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі ескі жұқпалы аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді сұрайды. |
Мақат аудандағы жұқпалы аурулар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Эдемстрой» ЖШС-мен ЖСҚ жасақталуда. Жобалық-сметалық құжаттама жасақталғанан кейін мәселе қаралатын болады. |
|
43. |
Аты-жөні: Баймұқашов Руслан Теміржанұлы - Мақат кентінің тұрғыны, Мақат кенті №2 бастауыш мектеп директоры. Мақат кенті №2 бастауыш мектепке 250 орындық жапсарлас ғимарат салу жобасында мектептің ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді және төбе шатырын ауыстыруды сұрайды. |
Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимарат үшін жобалау- сметалық құжаттама жасақталып, сараптама қорытындысы бойынша жалпы құрылыс қаражаты 583 млн.теңге құрады. Жоба мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуына байланысты Атырау облысы Құрылыс басқармасы тарапынан қайта жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме – «RedLain Pro» ЖШС. Жоба сараптамадан өтуде. |
|
44. |
Аты-жөні: Баймұқашов Руслан Теміржанұлы - Мақат кентінің тұрғыны, Мақат кенті №2 бастауыш мектеп директоры. Мақат кенті №2 бастауыш мектебінің 5 оқу кабинетіне 5 дана интерактивті тақта мен 1 дана проектор алып беруді сұрайды. |
Берілген бюджеттік өтінімдер негізінде №2 бастауыш мектепке 5 дана интерактивті тақта алуға облыстық білім беру басқармасынан 5 млн 500 мың теңге бөлініп, қажетті жабдықтар сатып алынды. |
|
45. |
Аты-жөні: Шәленова Ақмарал - Мақат кентінің тұрғыны. Мақат кентінен НКОК компаниясының демеушілігімен салынған 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін қарастыруды сұрайды.
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен айқындалған. Мақат кенті, Бейбітшілік көшесі, 11 үй тұрғындары жалдамалы тұрғын үйін жекешелендіру жөнінде gosreestr.kz веб-порталы арқылы өтініш берген жоқ. Өтініш берілген жағдайда Мақат аудандық тұрғынүй комиссиясымен Заң аясында қаралады. Бұл жөнінде А.Шәленоваға 13 қаңтарда түсіндірілді. |
|
46. |
Аты-жөні: Идиятов Әділбек - Доссор кентінің тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты. «ҚазМұнайГаз» АҚ мекемесі Атырау қаласы әкімдігімен қаланың 243 гектар жерін көгалдандыруға меморандумға отырған. Осы орайда 243 гектардың бір бөлігін Мақат ауданында көгалдандыру мәселесі қарастыруды сұрайды.
|
«Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар жасаудың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспар» негізінде 2022 жылы ауданның 2,9 га көлеміне 2008 түп тал (Мақат кентінен - 900, Доссор кентінен – 1008, Бәйгетөбе ауылдық округіне – 100) отырғызылды. Қосымша өңірлік жоспар бойынша облыс әкімдігі және «NCOC» компаниясы жасақтаған меморандумға сәйкес Мақат ауданының 20 гектар жеріне (Мақат кенті-10 га, Доссор кенті-10 га) ағаш отырғызу жұмыстары 2022 жылы басталды. Сонымен қатар, «Алтеис Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының демеушілігімен 5 жылда 2500 түп тал отырғызуға меморандум жасақталды. 2022 жылы 500 түп тал (Мақат кентінен – 200, Доссор кентінен – 200, Бәйгетөбе а/о – 100) отырғызылды. |
|
47. |
Аты-жөні: Халенов Сәбит Сүлейменұлы- Мақат ауданыдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Мақат және Доссор кенттеріндегі вокзал перрондарының құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алуды сұрайды.
|
Мақат кентінің вокзал перронын күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы 14.07.2022 жылғы №24 келісімшартына сәйкес мердігер «ДОС-7» ЖШС болып анықталды. 2022 жылы 35 000, 00 мың теңге бөлініп, игерілді. Вокзал перроны аумағындағы әкімшілік ғимарат салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелері (кәріз, су, газ, тоқ) тартылды. Доссор кенті вокзал перронын күрделі жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, жеңімпаз болып "ТАИР" ЖШС анықталды. |
|
Құрманғазы ауданы |
||
|
48. |
Аты-жөні: Алипов Сағидолла – Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Пошта байланысы жұмысын жандандыруды сұрайды.
|
«Қазпочта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры А.Нысановтың 01.08.22 ж №671-26 қатынас хатында: пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінің сәйкес келмеуіне байланысты, Асан ауылдық округіндегі пошта бөлімшесі жабылғаны, кейін ашылу мәселесі қарастырылмайтыны ескертілді. Асан ауылына антенна мачталық құбырғысының құрылысын салу үшін 29 135,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталынан «Групп Сервис» мекемесі жеңімпаз атанып қажетті жабдықтарды тасымалданды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстары басталып фундаменті құйылды. |
|
49. |
Аты-жөні: Қасымова Нұржамал– Асан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Үштаған ауылындағы апатты жағдайда тұрған клуб ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу немесе жаңадан клуб ғимаратын салуды сұрайды. |
Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен Асан ауылына 100 орындық жаңа клуб ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме «Гипрогаз» ЖШС. |
|
50. |
Аты-жөні: Елеубаева Нәсіп – Сүйіндік ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Облыс, аудан орталықтарынан тоқсан сайын дәрігерлер қабылдауын ауылға келіп өткізуді сұрайды. |
Азғыр өңірінде тұратын тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін 2022 жылдың қазан айында мамандар барып, медициналық көмек көрсетті. 2023 жылы мамыр айында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Абдалиев арнайы ауылға іссапармен барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді |
|
51. |
Аты-жөні: Куаншалиев Мансұр – Азғыр ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Азғыр өңіріндегі 9 елді мекенді алдағы уақытта отандық Атырау ГЭС-не қосуды сұрайды. |
Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы «Ганюшкин –Асан» ВЛ-110 КВТ жоғары кернеулі әуе желісін жүргізу жобалық құжаттама жасақталуда. Жоба жасақталғаннан кейін жұмыстары жүргізіліп және нақты шаралар қабылданатын болады. |
|
Индер ауданы |
||
|
52. |
Аты-жөні: Салиев Қалаубай – Көктоғай ауылының тұрғыны. Көктоғай ауылындағы тұрғын үйлерге тоқ қуатының жетіспеушілігін шешу бағытында нақты жұмыстар ұйымдастыру. |
Көктоғай ауылында жаңадан салынған тұрғын үйлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін «Сәтті Сәулет» ЖШС арқылы ЖСҚ-сы жасақталды. Аталған жобаның ЖСҚ-на түзетулер (корректировка) жүргізілуде.
|
|
53. |
Аты-жөні: Қазыбекова Тілеухан – Көктоғай ауылының тұрғыны. Көктоғай ауылында балабақша және өнер мектебін салу мүмкіндігін қарастыру.
|
Көктоғай ауылынан 90 орындық балабақша салу үшін жасақталған ЖСҚ сараптама қорытындысымен теріс нәтиже берді. Қазіргі уақытта жаңадан жер учаскесі таңдалып, жоба сол учаскеге қайта жасақталуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды құны 560 млн теңге. Индер ауданы әкімдігінен өнер мектебін салу бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қажетті қаражат есептемелері мен бюджеттік сұраныс түскен жоқ. |
|
54. |
Аты-жөні: Қазыбекова Тілеухан – Көктоғай ауылының тұрғыны. Көктоғай ауылындағы ескі дәрігерлік амбулатория орнына балалар ойын алаңын салуды ұйымдастыру |
Көктоғай ауылындағы ескі дәрігерлік амбулатория орнына балалар ойын алаңын салу үшін ЖСҚ демеушілікпен жасақталуда. ЖСҚ жасақталғаннан кейін қаржыға сұраныс енгізілетін болады. |
|
Махамбет ауданы |
||
|
55. |
Аты-жөні: Жалғансай ауылының жаңа мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерге су желісін жүргізу мәселесін қарастыру |
Махамбет ауданы әкімдігімен су желісін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға аудандық мәслихат сессиясына ұсынылды. ЖСҚ сомасы 2,3 млн.теңге.
|
|
56. |
Аты-жөні: Балалар ойын алаңын салуды қарастыру
|
Жалгансай, Есбол, Ақтоғай, Таңдай, Талдыкөл ауылдарына ашық спорт алаңын салу бойынша «Град Строй Сервис» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, құрылыс жұмыстары басталды. Аяқталу мерзімі 30.06.2023 жыл. Жоба құны 204 991,0 мың теңге. |
|
57. |
Аты-жөні: Жалғансай ауылының ауылішілік көшелеріне жол салу мәселесін ұйымдастыру
|
Жалғансай ауылының ауылішілік жолдардың ұзындығы 13,8 шақырым. Оның ішінде 3 шақырым кірме жол және 1,2 шақырымды құрайтын Р.Отаров көшесі асфальтталған. Қалған 9,6 шақырымға 2020 жылы Жалғансай ауылының жаяу жүргіншілер жолымен қоса ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу үшін ЖСҚ жасақталып, 2021 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2022 жылы мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС анықталды. |
|
58. |
Аты-жөні: Еңбекшіл ауылына ұялы байланыс және интернет желісін жүргізу мәселесін қарастыру
|
«Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс өңірлік телекомуникация дирекциясы Атырау жергілікті желілер техникалық торабымен Махамбет ауданы, Есбол ауылдық округіне қарасты Еңбекшіл ауылында Махамбет желіжол-техникалық учаскесі мекемесінің интернет желісі толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Еңбекшіл ауылында Алтел, Актив, Теле2 ұялы байланыс желілері және Актив желісінде 4G жақсы жұмыс жасап тұр. |
|
Исатай ауданы |
||
|
59. |
Аты-жөні: Ибатов Аманжан - Жанбай ауылының тұрғыны, зейнеткер. Аудандағы дәрігер жетіспеушілігі мәселесін бірлесе қарастырып, тұрғындардың медициналық қызметті мерзімінде алуын, соның ішінде, Жанбай ауылы тұрғындарына жедел жәрдем станциясы қызметінің көрсетілуін, ауылға арнайы жедел жәрдем көлігінің берілуін қамтамасыз етсін. |
Аудан бойынша 3 маман дәрігер жетіспейді (Жанбай ДА – 2 дәрігер, ренгенолог-1 маман), келетін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетіні жөнінде «enbek.kz» порталына сұраныс енгізіліп, мамандарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Жанбай ауылы тұрғындарына жедел жәрдем станциясы қызметінің көрсетілуі бойынша, арнайы жедел жәрдем көлігінің берілуі мәселесі аудан бойынша облыстық денсаулық басқармасына 07.09.2022 жылы №799 санды хатпен (Тұщықұдық ДА, Жанбай ДА, Қамысқала ДА, Исатай ДА) 5 автокөлікке сұраныс берілді. Денсаулық сақтау басқармармасымен Қаржы басқармасына облыс бойынша 35 автокөлік алу жөнінден сұраныс дайындалуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Исатай ауданына 5 жедел жәрдем көлігі берілетін болады |
|
60. |
Аты-жөні: Мухамбеталиева Лаззат – Жанбай ауыл тұрғыны. Ауыз суды тиімді пайдалану мақсатында Исатай ауданының елді мекендеріне жазғы су құбыры желісінің құрылысын жүргізу мәселесін пысықтап, нақты ұсыныс енгізсін. |
Тұшықұдық, Хамит Ерғалиев, Жанбай елді мекендерінің жазғы су жүйесін жүргізу мақсатында ЖСҚ әзірленді. Жалпы құны - 805,0 млн.теңге. 2023 жылға 300 млн.теңге қаралды. |
|
61. |
Аты-жөні: Томан елді мекені тұрғындары. Ауданның электр көзін алудағы тәуелділігін ескеріп, ток желілерін ауыстыру жөніндегі тұрғындар ұсыныстарын қарастырып, аталған мәселені шешу бойынша нақты ұсыныс енгізсін. |
Томан елді мекенін электр желісімен жабдықтау құрылысы (жалпы құны 556 167 мың теңге) Энергетика басқармасымен жүруде. Томан елді мекеніндегі (ауылішілік) электр желісі құрылысы (жалпы құны 53 531 мың теңге) аудан арқылы жүруде.
|
|
62. |
Аты-жөні: Мурзин Мақсот – Шаруа қожалық басшысы. Жасқайрат елді мекеніне газ желісінің құрылысын жүргізу жұмыстарын жеделдетсін. |
Исатай ауданы Жасқайрат ауылын газбен жабдықтау жұмыстары 2021 жылы басталды. Жобаның құны 698 222 мың теңге. 2022 жылы жергілікті бюджеттен 30 000 мың теңге, республикалық бюджеттен 200 000 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 55,96 шақырым газ құбырының 28,4 шақырымы тартылды. 2023 жылы 248 млн.теңге қаражат қаралды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. |
|
63. |
Аты-жөні: Сапиева Бақтылы - Жанбай ауылының тұрғыны.
Жанбай ауылына саз мектебін салу жұмыстарын бастау бойынша ұсыныс берсін. |
Жанбай ауылына саз мектебін салуға 100 орындық саз мектебі құрылысына ЖСҚ жасақтауға 10,6 млн теңге қажет. Білім беру басқармасынан мәселе қараусыз қалған.
|
|
64. |
Аты-жөні: Базарова Зайда - Жаңа Жанбай елді мекенінің тұрғыны. Нарын ауылына мәдениет үйінің, балабақшаның және спорт кешенінің құрылысын салу мәселелерін қарастырсын, нақты ұсыныс берсін. |
Нарын мәдениет үйінің (11.06 2020 жыл) және 80 орындық балабақшаның (05.05 2022 жыл) жобалары жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды, ал, спорт кешенінің құрылысының ЖСҚ-ы жасақталмаған. Қазіргі уақытта тиісті бюджеттік әкімші тарапынан 80 орындық балабақшаның құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға 300 000 мың теңге және дене-шынықтыру кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға жалпы құны 15 000 мың теңге болатын 5 000 теңгеге инвестициялық ұсыныс жіберілді. Қаржы бөлу қарастырылуда. |
|
65. |
Аты-жөні: Гумаров Изғали – Жанбай ауылының тұрғыны. Өлкенің тарихын, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп, елге аман-есен жеткен жергілікті батыр азаматтарды жас ұрпаққа насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастырсын. |
Аудан бойынша Ұлы Отан соғысына 4 мыңнан аса азамат аттанып, оның 2200 ден аса соғысқа қатысушы боздақтар елге оралмады. Аудан орталығы Аққыстау ауылында орталық алаңда Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Боздақтар» монументі ашылды. Соғысқа аттанып, елге оралмаған боздақтар есімі қашалып жазылған монументке жыл сайын Жеңіс күні гүл шоқтары қойылып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Жеңістің 75 жылдығына орай ауданда «Жеңіс туы» атты кітап құрастырылып шығарылды. Ол кітапта елге аман-есен оралып, бейбіт күнде еңбек еткен соғысқа қатысушы тұлғалар өмір деректері енген. |
|
Қызылқоға ауданы |
||
|
66. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Ауыл шаруашылығы саласына қажетті ветеринар мамандарды дайындау және өңірге, аудандарға тарту жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізсін. |
Бүгінгі күнге Ауыл шаруашылығы басқармасынан тиісті шаралар жүзеге асырылмады. |
|
67. |
Аты-жөні: Сәрсенғалиев Әділ - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Тасшағыл ауылындағы мәдениет үйі құрылысын салушы мердігерді жұмыстарды уақытылы орындамаған жағдайда тиісті заңдылықтарға сәйкес жосықсыздар қатарына қосу мәселесін қарастыру. |
Құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан 2023 жылдың мамыр айының соңында пайдалануға беріледі |
|
68. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Тасшағыл ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияға типтік жобадағы жаңа ғимарат салуды қарастыру. Құрылысына қажетті жер мәселесін шешу |
Тасшағыл ауылына жаңадан отбасылық дәрігерлік амбулатория салуға 4000 шаршы метр (50х80м) жер телімі бөлінді. Қазіргі кезде жер актісін рәсімдеу жұмыстары жүруде. Демеушілік негізінде ЖСҚ дайындалуда. |
|
69. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Тасшағыл ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияның ескі ғимаратын жөндетіп, мақсатты қолдануды қарастыру |
Тасшағыл ауылындағы ескі дәрігерлік амбулатория ғимаратын қайта жаңғыртуға жоба дайын. Жоба құны 262 136,0 мың теңге. 2023 жылға 100,0 млн. теңге бөлінді. Тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. |
|
70. |
Аты-жөні: Кеңес Нұрберген - Тасшағыл ауылының тұрғыны. Тасшағыл ауылынан спорт кешенінің (ЖСҚ дайын) құрылысын бастауға қаражат қарастыру. |
Тасшағыл ауылынан спорт кешенін салуға жоба дайын. Жоба құны 539 335,0 мың теңге. 2023 жылға 250,0 млн теңге бөлінді. Мердігер – «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары басталуда. |
|
71. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Миялы-Қарабау тас жолының Миялы маңындағы су тасқыны кезіндегі жырылған жеріне (50 метр) сыйымдылығы жоғары болатын су өткізгіш орнату және жолды қалпына келтіру. |
Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының су тасқынынан бүлінген «Қарабау-Миялы» (80-203) учаскесін қалпына келтіру мақсатында жаңадан жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, жобаны іске асырыуға мердігер мекеме «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-ң келісім шарт жасақталды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар жеткізілуде және топырақ алуға карьерлер рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
72. |
Аты-жөні: Сәрсенғалиев Әділ - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Су тасқыны кезінде Қоғам елді мекені мен Тасшағыл ауылы арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ету мақсатында салынған (бұрынғы «Далбан» көпірінің орнына) көпірді қалпына келтіру мәселесін қарастыру. |
Жалпы, бұл көпір 19 үй, 130 адамы бар Қоғам елді мекені тұрғындарына жағдай жасау үшін қарастырылған және облыстық маңызы бар жолдан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңда, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары, аудандық ТҮКШжәнеЖКАЖ бөлімі, аудандық депутаттармен бірлесіп зерделей отырып ақылдаса келе, бұрынғы «Далбан» көпірінің орнына қайта көпірді салудың бүгінгі таңда қажеттілігі жоқ екендігі анықталды. Аталған жерге мүмкіндігіне қарай су өткізгіш құбыр салуға ЖСҚ жасақтайтын тізімдерге енгізілді. |
|
73. |
Аты-жөні: Отаралиев Уран - Жасқайрат ауылының тұрғыны, Жасқайрат дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері. Жасқайрат ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулатория ғимаратына техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізу. |
Ғимаратты техникалық түгендеу жұмыстары жүргізіліп, «ҚазИнженерлікОрталығы» ЖШС-нің 09.12.2022 жылғы №65-ТЗ техникалық қорытындысы берілді. Қорытындыға сәйкес ғимараттың жарылып тұрған қабырғасын қалың штукатуркамен күшейту, төбе жабындысын, іргелік бетон құмасын, ішкі жылу жүйесін қайта жасау қажеттігі көрсетілген. |
|
74. |
Аты-жөні: Мұханбетов Жаубасар - Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер. Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салуға облыстық бюджеттен қаржы қарастыру. |
«НКОК» ЖШС демеушілігі есебінен Миялы ауылынан 3 қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. Мердігер мекеме - «ТемирстройСервис и Ко». Аяқталу мерзімі - 2024 жылдың І тоқсаны. 2023 жылға 60 пәтер сатып алуға РБ 576 млн. теңге қаржы бөлінді.. |
|
75. |
Аты-жөні: Жаңабаев Құрманбек - Жасқайрат ауылының тұрғыны, «Құрман» ш/қ төрағасы. Жасқайрат аулындағы спорт кешені ғимаратының (ЖСҚ-ы дайын) құрылысын бастауға қаражат қарастыру. |
2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру бойынша "Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылына спорт кешенін салу" инвестициялық ұсынысы бойынша 250 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта тендерлік рәсімдер жүргізілуде. |
|
76. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Ауылішілік жолдардың ЖСҚ-сын қысқа мерзімде дайындатып, қазіргі жол құрылысын жүргізіп жатырған құрылыс компаниялары жұмыстарын аяқтамай тұрып салуды ұйымдастыру. |
Қызылқоға ауданы бойынша 2023 жылға Мұқыр, Сағыз, Тасшағыл, Қаракөл және Қарабау ауылдарының ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ жасақтауға қаражат бөлініп, жеңімпаз анықталды, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
|
|
77. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Тасшағыл ауылішілік көшелеріне жарық шамдарын орнатуды (ЖСҚ-сы дайын) аяқтау үшін қаржы қарастыру. |
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының кірме жолын жарықтандыру» жобасын жүзеге асыру бойынша бюджеттік өтінім қанағаттандырылды. 2023 жылға 10 млн. теңге қаражат бөлінді. Қосымша 21,0 млн.теңге бөлу жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2023 жылдың 17 наурызында №06-01-11-04-11/83 хат жолданды. Мердігер анықталып «Жайық сити» ЖШС-мен тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
|
78. |
Аты-жөні: Кеңес Нұрберген - Тасшағыл ауылының тұрғыны. Шығыс Тайсойған жер асты су қоры маңынан іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру. |
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Шығыс Тайсойған жер асты су қорын зерделеу жұмыстарын жүргізуге «Атыраугидрогеология» ЖШС-і арқылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. 2023 жылы іздеу-барлау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 47 млн. теңге бөлінді. |
|
79. |
Аты-жөні: Айжарықов Мереке - Жасқайрат ауылының тұрғыны, ардагер кеңесінің төрағасы. Жасқайрат ауылындағы паркті ретке келтіріп, ойын алаңдарының салынуын ұйымдастыру. |
Жасқайрат ауылындағы парк ретке келтірілді, ойын алаңының жері белгіленді. Бастапқы құжаттары рәсімделуде (жер бөлу туралы шешім, СТЖ, жер актісі, техникалық шарттар). Демеушілік негізінде спорт алаңын салуға ЖСҚ дайындалуда. |
|
80. |
Аты-жөні: Мәмбетқалиева Аққаймақ-Жасқарат ауылының тұрғыны, «Өрімтал» бала бақшасы меңгерушісі. Жасқайрат ауылына балабақша ғимараты құрылысының ЖСҚ-ын дайындау. |
ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. |
|
81. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Аудан аумағындағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдан су өткізетін және мал өтетін жерлерді ауданның ардагерлерімен бірге зерделеп, өзектілігін анықтау. Келесі жыл жоспарына енгізу үшін ұсыныс дайындау. |
«Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» облыстық маңызы бар автокөлік жолының «Тасшағыл-Миялы» арасынан су өткізгіш және мал өткелектерін салу үшін, Жангелдин, Ойыл, Көздіқара, Тасшағыл ауылдық округінің ардагерлерінің ұсыныстарына сәйкес аудан әкімінің 20.12.2022 жылғы №06-06-01-01/2680 санды ұсыныс хаты Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жолданды. Бүгінгі күні аталмыш басқармамен тапсырма зерделенуде. |
|
82. |
Аты-жөні: Жанықұлов Оңғар - Тасшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Ауданның елді мекендерінің бір-бірінен қашықта орналасуын ескеріп, қысқы мезгілдегі жол қатынасын реттеу мақсатында ауыр техникалар алуға ұсыныс дайындау |
Аудан бойынша қажетті жалпы 6 дана техника сатып алу үшін қажетті жалпы қаржы көлемі - 261 млн.теңге. 2023 жылға аудан бюджетінен 229 118,0 млн теңге бөлінді. |
|
Атырау қаласы |
||
|
83. |
Аты-жөні: Көпжасаров Сатыбалды- Амангелді ауылының тұрғыны. Құрылысы жүргізіліп жатырған 300 орындық жаңа мектепті лицейге айналдыру.
|
Дамба ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы нысаны 2018 жылы басталып 2023 жылы тапсырылуы қажет болатын. Экономикалық тергеу департаменті мердігер мекеме «Техника-Рем-Строй» ЖШС-не сот процесі жүргізілуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтатылып тұр. Жаңа мектепті пайдалануға берілгеннен кейін ғана статусын өзгерту шарасы қолға алынады. Қазір жұмыстың 60- 70% атқарылған. Сот шешімі шығуына қарай, басқа мердігер анықталып жұмысты жалғастыратын болады.
|
|
84. |
Аты-жөні: Меделов Қалиден – Амангелді ауылының тұрғыны. Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстарын жалғастыру, өзендегі балық санын көбейту мәселесін қарау.
|
Мердігер мекеме : «Павлодар өзен порты» АҚ Жобаның құны: 6 102,446 млн. тенге. Жалпы ұзындығы: 52,1 км. Құрылыс ұзақтығы – 9 ай, 2022-2023 жылдар. Республикалық бюджеттен 2022 жылға 1 500,0 млн.теңге бөлінді. Түптереңдету жұмыстары Мемсараптамаға сәйкес, тамыз айында басталып, желтоқсан айына дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда Зарослый арнасында 20,5 шақырым (км) 79% тереңдету жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, «Caspian Royal Fish» ЖШС-і мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жайық өзеніне 500 мың дана бекіре тұқымдас балықтарының шабақтарын жіберді. |
|
85. |
Аты-жөні: Мұхтаров Бағытжан – Амангелді ауылының тұрғыны. Бағбандық қоғамға жол салу және үйлердің нысаналы мақсатын тұрғын үйге өзгерту мәселесі қолданыстағы заңдылықтарға өзгеріс енгізу.
|
Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес 31 саяжай мен бау – бақша қоғамдастықтың нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысына өзгертуге сәйкес келеді және аталған саяжай мен бау – бақша қоғамдастықтарының ұсыныстарына орай инженерлік – инфрақұрылымдарын жүргізу үшін және автокөлік жолы құрылысы салу үшін Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ПДП) жасақталуда (145 млн.тг.), бекітілуі 2023 ж. маусым айына жоспарланған. |
|
86. |
Аты-жөні: Сахиев Айболат – Алмалы ауылының тұрғыны. Алмалы ауылына ауылішілік жол құрылысын салу, жарық желісін тарту.
|
Алмалы ауылына «тас жол салу – ІІ» (спусковой) іске қосу кешенімен жүзеге асырылады. І іске қосудың (8,1 км) оң жақ бөлігінің жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, жолдың беткі қабатын тегістеу жұмыстары жүргізілді. Аяқталу мерзімі 2023 жыл, мердігері «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС.ІІ іске қосу (7,4 км) жобасы 2022 жылдың 5 шілдесінде мем.сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аяқталу мерзімі 2023 жыл, мердігері «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Жарық желісін тарту бойынша 56 көшеге ЖСҚ жасақталып МЖӘ жобасының 5 кезеңі аясында Алмалы ауылдық округінің 4 көшесіне (2180 км) түнгі көше жарығын жүргізу жоспарланды (аяқталуы 2023 ж. желтоқсан айы). |
|
87. |
Аты-жөні: Самал – Береке ауылының тұрғыны. Береке ауылының №19-көшесіне жол салу. |
Береке ауылының қалып қойған көшелеріне жол салу бойынша (оның ішінде №19-көше бар) жаяу жүргінші жолымен бірге ЖСҚ жасақталуда, құрылысын салу 2024 жылы жоспарланған. |
|
Жылыой ауданы |
||
|
88. |
Аты-жөні: Әділов Мақсот – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны. Жаңа Қаратон кентіне көше жарығын жүргізу .
|
Кент ішілік 7238 км көше жарығының құрылысы 2022 жылдың шілде айында «Элком» ЖШС-мен басталған болатын. Жоба құны 213,4 млн теңге. Аталған жоба кенттің 13 көшесін қамтиды. Жаңа Қаратон кентінде тұрғын үйлер орналасқан 66 көше бар, оның 40 көшесі бұрынна көше жарығымен қамтылған. Мердігер мекеме келісім шартқа сәйкес міндерттерін орындамауына байланысты сотқа жолданған болатын. |
|
89. |
Аты-жөні: Есенғожин Асман - Құлсары қаласының тұрғыны. «Атырау» ықшам ауданына балабақша, мектеп салу.
|
Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Атырау» жаңа ықшам ауданы тұрғындарына 1200 орындық мектеп үшін 4,0470 га жер телімі бөлінген. Жерге орналастыру сызбасы жасақталып, жер актісі (04-059-025-5300) дайындалған. Жылыой ауданын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспарында «Атырау» ықшам ауданы үшін тағы да қосымша 1200 орындық мектеп құрылысы (2024-2025 жылдарға) сонымен қатар 320 орындық және 280 орындық екі балабақша құрылысын салу жоспарға енгізілген. Балабақша құрылысы үшін "ММ - Проект" ЖШС –мен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. |
|
90. |
Аты-жөні: Еңсепов Амангелді -аудандық мүгедектер Қоғамының төрағасы. Мәмбетова Сәуле – аудандық мәслихат депутаты. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын салу. |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын салу Жылыой ауданының 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарына Құлсары қаласына оңалту орталығының құрылысын салу енгізілді. Жылыой ауданы әкімдігімен Құлсары қаласында құрылысы жүргізіліп жатырған ғимаратқа мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын көшіру жоспарлануда. |
|
91. |
Аты-жөні: Инстаграм желісіне - түскен сұрақ. Құлсары қаласының тұрғыны (Llggl777). Құлсары қаласындағы 4 ауыл № 179 көшедегі автокөлік жолын салу.
|
Құлсары қаласы 4 ауыл №179 көше «Қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең» жобалық сметалық құжаттама тізіміне еңгізілген. Жобалаушы мекемемен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың маусым айында бастау жоспарлануда.
|
|
92. |
Аты-жөні: Ғайнешев Жақсылық - Құлсары қаласының тұрғыны. Б.Қызылбасов көшесіне автокөлік жолын салу.
|
Б.Қызылбасов көшесі «Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4-кезең» жобалық жұмыстар тізіміне еңгізілген. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қаланың даму жоспарына сай 2024-2025 жылы жүзеге асырылады.ЖСҚ аяқталу мерзімі 2023 жылғы тамыз. |
|
93. |
Аты-жөні: Инстаграм желісіне - түскен сұрақ. Құлсары қаласының тұрғыны (mailashovbakitbek). «Болашақ» ықшам ауданына газ тарту, жол салу.
|
Құлсары қаласы «Болашақ» ықшам ауданына газ желісін тарту жұмыстарына жобалаушы мердігер «Газсервис» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы мамыр айында аяқталатын болады. Сонымен қатар «Болашақ» ы/а жалпы ұзындығы 68 шақырым автокөлік жолы тротуармен бірге салу жобасы 2019 жылы жасақталып, қазіргі уақытта жобаның қолданыс мерзімі өтуіне орай, жобаға түзетулер (корректировка) еңгізу жұмыстары жүргізілуде. |
|
94. |
Аты-жөні: Турабаев Тыныштық - Құлсары қаласының тұрғыны. Қазақ-түрік лицейін күрделі жөндеуден өткізу.
|
Жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сатып алуға ашық конкурсқа берілген болатын. Алайда тексеріс нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталып, жұмыстар тоқтатылған. Қазіргі таңда қайтадан демеушілікпен жобалық сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама нәтижесі маусым айында шығады. |
|
Мақат ауданы |
||
|
95. |
Аты-жөні: Доссор кентінде 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жандандыру.
|
Доссор кентінен 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысына (сыртқы инженерлік желілерсіз) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы шықты 27.01.2021 ж. №EKZ-0009/21, құрылыс қаражаты 1067,195 млн.теңге. Жобалаушы мекеме «Атырау Эксперт Проект» ЖШС. Аталған тұрғын үйді «NCOC» компаниясының демеушілігімен салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған мекемемен тендерлік рәсімдер жүргізілуде. |
|
96. |
Аты-жөні: Мақат ауданынан инвестициялық жобалар арқылы ашылатын зауыттарға(«GPS Investment» ЖШС, желмен қуатталатын электр энергиясы зауыты) аудан жастарын жұмыспен қамту. |
Аудан юойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды. Жалпы қазіргі уақытта аудан бойынша жұмыссыздықпен тіркеуде тұрғандар саны – 557 адам. Сондай-ақ, 2022 жылдың 30 қарашасында Ескене елді мекеніндегі газ өңдеу зауытының құрылысын жүргізуші мердігер мекеме «КазСтройСервис» ЖШС-ның өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Қазіргі уақытта аталған мекеме тарапынан 42 бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ұсынылды. Жалпы 2022 жылы зауытқа ауданнан 10, 2023 жылы 73 жұмысшы орналасты. |
|
97. |
Аты-жөні: Доссор кентіндегі бұралқы иттерді жою мәселесі.
|
№97-VII «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаңғыбас жануарлардың санын уларды, өзге де химиялық препараттарды пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілдермен жансыздандыру арқылы реттеуге тыйым салынған. Осы орайда, Заңның 23-бабының 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды ұстауға қойылатын талаптарға сәйкес, жануарларды уақытша ұстау пунктерінде не жануарларға арналған панажайларда ұстау көзделген. Қазіргі уақытта аталған жұмыстарды жүргізуге Мақат ауданына 20,8 млн.теңге қаралып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялануда. |
|
98. |
Аты-жөні: Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен футбол стадионын және денешынықтыру сауықтыру кешенін салу. |
Доссор кентіндегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің аймағына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қаражаты – 626 млн.теңге. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2024 жылға жоспарлануда. Мердігер мекеме – «Arcontor» ЖШС. |
|
99. |
Аты-жөні: Мақат және Доссор кенттеріне бейнекамералар орнату.
|
Мақат ауданы елдімекендерінің көшелеріне аудандық полиция бөлімінің ұсынысына сәйкес 532 бейнебақылау камераларын (Мақат кенті-300, Доссор кенті-200, Байгетөбе ауылдық округі-32) қоюға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға облыстық бюджеттен 11 млн.теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Конкурс қорытындысымен жеңімпаз болып «Сала» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізілуде. |
|
100. |
Аты-жөні: Мақат кентіндегі сиымдылығы 2000 текше метрлік 4 су қазандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
Мақат кентіндегі сыйымдылығы 2000 текше метрлік 4 су қазандарын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасақтау үшін 5,0 млн.теңге қажет. Кезекті мәслихат сессиясына қарауына ұсынылды. |
|
101. |
Аты-жөні: Мақат кентіндегі Болашақ ықшам ауданындағы аллея құрылысын аяқтау.
|
Мақат кентіндегі «Болашақ аллеясының» құрылысы 2017 жылы басталып, жоба мерзімі өтіп кетуіне байланысты жұмыстар толық аяқталмады. Осы жылы қайта ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Жоба құны - 113 млн.теңге. Мердігері – «ЭнергоснабРесурс» ЖШС. 2023 жылға аталған нысанның құрылыс жұмыстарына 50,0 млн.теңге қаражат бөлінді. |
|
102. |
Аты-жөні: Аудандық ауруханада кадр тапшылығы мәселесін жою. |
Қазіргі таңда Мақат аудандық ауруханасында 1 инфекционист, 2 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 лор дәрігерге қажеттілік бар. Денсаулық сақтау басқармасымен тиісті шаралар жүзеге асырылмады. |
|
103. |
Аты-жөні: Мақат кентіне жүзу бассейнін салу. |
Мақат кентінен бассейн құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтуде. Жобалаушы - «ЭдемСтрой» ЖШС. |
|
Құрманғазы ауданы |
||
|
104. |
Аты-жөні: Исмагулов Якуб – Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебіне жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыру.
|
Құрманғазы ауданы Байда ауылынан жаңа типті жобада 600 орындық мектеп құрылысын салу жөнінде Атырау облыстық Білім беру басқармасына 04.04.2022 жылғы №06-07-29-1-2/2826, 31.05.2022 жылғы №06-07-29-1-2/462 хатпен ұсыныс жолданған. Алайда, Білім беру басқармасынан мәселе қараусыз қалған. |
|
105. |
Аты-жөні: Еркебаев Куат – Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Тоған шаруашылығын жандандыру.
|
Тоған шаруашылығын салу бойынша 3 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Олардың жалпы құны 3 млрд. 950 млн. теңге, оның ішінде: 608 млн.теңгесі шаруашылықтар өз қаражаттары есебінен, 3 млрд. 342 млн. теңгесі қаржы институттары арқылы тартылмақшы. |
|
106. |
Аты-жөні: Исмагулов Якуб – Бөкейхан ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Ауылішілік су желісі құрылысын аяқтау.
|
Котяевка ауылындағы су желісінің ұзындығы 28 км, мердігер мекеме «Болат Д» ЖШС. Жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі уақытта тоқтап тұр. (Жобада ауылішілік асфальт жолдарының көрсетілмеуі және құрылыс материалдарының қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуде). |
|
107. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылдық округінің тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Дыңғызыл ауылдық округіне жабық спорт кешенін салу.
|
Дыңғызыл ауылдық округіне жабық спорт кешенін салуға ЖСҚ жасақтау және құрылысын салу Құрманғазы ауданының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. ЖСҚ жасақтау 2024 жылға, құрылысын салу 2025-2026 жылдарға қарастырылған. |
|
108. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылдық округінің тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Дыңғызыл ауылдық округіндегі және оған қарасты елді мекендердің электр желілерін және бағаналарын жаңарту. |
Дыңғызыл ауылдық округі бойынша электр желілерінің ұзындығы 19950 метр, 524 дана электр бағаналары бар. Электр желілері мен бағаналары ескірген. 2023 жылғы кезекті мәслихат сессиясының қарауына 2,8 млн.теңге ұсынылды. |
|
109. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылдық округінің тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Жыланды ауылына ауылішілік тас жол салу.
|
«Жыланды ауылының ауылішілік жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ жасақталуда (10 км, 6 км). Мердігер мекеме «ЛМ Транспроект» ЖШС. Жоба құны 7,5 млн. теңге. ЖСҚ жасақталып, қазіргі таңда құжаттар мемлекеттік сараптамаға жолдануда. |
|
110. |
Аты-жөні: : Масалов Уахит – Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ-сын қайта қарастырып, өзгеріс енгізу |
Құрманғазы ауылына тартылатын кәріз жүйелерінің ЖСҚ жасақталуда. |
|
111. |
Аты-жөні: Мұқашев Ғалымжан– Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Елді мекендерді сумен қамтудағы проблемаларды шешу.
|
Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтып тұрған 24 су тазарту иммараттары қалыпты деңгейде жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта СТИ-ның су сүзгілері және басқа да қосалқы бөлшектері тозуына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы маусымына дайындық шараларының аясында 441,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстарына сәйкес, мердігерлер анықталып, жұмыстар жүргізілуде. "Астрахань-Манғышлақ" су ағызғысына қосу жұмыстары аяқталғаннан кейін, ауыз су жетіспеу мәселесі шешіледі. |
|
112. |
Аты-жөні: Мұқашев Ғалымжан – Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. «Магистралды су ағызғысы» ЖШС желісіне қосылу жұмыстарының құрылысын шұғыл аяқтап, лимит мәселесін шешу. |
«Астрахань-Маңғышылақ» су өткізгішінен Құрманғазы ауданы Ганюшкин СТҚ-ға су құбыры желісін салу жұмыстары бойынша құрылысы 2021 жылы аяқталды. Мердігер-«Гранд-Мастер» ЖШС. Аталған су желісіне Құрманғазы, Жұмекен, Орлы, Кадырка елді мекендері қосылып, сумен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта, лимит мәселесін шешу қарастырылуда. |
|
113. |
Аты-жөні: Масалов Уахит – Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер. Құрманғазы ауылдық округі бойынша қоқыс алаңдарына жер телімін бөлу. |
Құрманғазы ауылдық округі бойынша қоқыс алаңдарына аудан әкімдігінің 2021 жылғы 2 қарашадағы №300 қаулысымен 13,65 га Құрманғазы ауылының шығыс жақ бетінен (РТС ауылы) жер телімі бөлініп, құжаттар рәсімделуде. |
|
114. |
Аты-жөні: Зейнеденов Бекболат – Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны, қоғам белсендісі. Қиғаш, Шарон өзендеріне жүргізіліп жатқан түптереңдету жұмыстарының сапасын қадағалау |
Қиғаш, Шарон өзенінің су көлемін ұлғайту және гидрологиялық режимін жақсарту мақсатында «Павлодар өзен порты» ЖШС түптереңдету жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 5 421,6 млрд. теңге. Түптереңдету жұмыстарының сапасын бақылау үшін облыстық құрылыс басқармасы жанынан комиссия құрылып қадағалануда. |
|
115. |
Аты-жөні: Джадыгулов Узакбай – Теңіз ауылдық округінің тұрғыны, қоғам белсендісі. Асан ауылындағы Юрий Гагарин атындағы мектепті ақын, жазушы Рахымжан Отарбаев есімімен қайта атау мәселесі. |
Асан ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепке жазушы Рахымжан Отарбаев есімін беру жөнінде құжаттар облыстық ономастикалық комиссиясына ұсынылды. Әрі қарай облыс тарапынан, республикалық ономастикалық комиссиясына жолданып, қорытындысымен шешім қабылданады. |
|
Атырау қаласы |
||
|
116. |
Аты-жөні: Хасангалиева Лязат - Жаңаталап ауылы тұрғыны. Жаңаталап ауылындағы 300 орындық мектеп-интернатының құрылысын аяқтау. |
Жаңаталап ауылындағы 300 орындық мектеп-интернатының қазіргі уақытта ішкі құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Жалпы құрылыс сомасы 1,7 млрд. теңге. |
|
117. |
Аты-жөні: Дүйсенов Нәрік - Қызыл балық ауылы тұрғыны, зейнеткер. Қызыл балық ауылына бала бақша және өрт сөндіру пунктін ашу. |
Өрт сөндіру депосының жоба-сметалық құжаттамасы Мемсараптамаға жолданды.Құрылыс жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. |
|
118. |
Аты-жөні: Бекетов Тілепберген - Жаңаталап ауылы тұрғыны. Атырау-Астрахань жолының құрылысын аяқтау.
|
Атырау қаласының Тайманов көшесінен айналмасынан бастап Сары Өзек ауылына дейінгі автокөлік тас жолын қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамаға жасақталып мемлекеттік сараптамадан 02.10.2020 жылы №15-0210/20 санды оң қорытындысы алынған болатын. Аталған жоба бойынша жұмыстар 2021-2025 ж. облыстық кешенді даму жоспарына сәйкес 2023 жылға жоспарланған. Жобалық шешімдерге сәйкес қолданыстағы жалпы ұзындығы 6,4 шақырым 2 жолақты жолды, ені 15 метр құрайтын 4 жолақты жолға кеңейтіп, бір жақ жиегіне жаяу жүргінші жолын салу қарастырылған. Жоба құны 5 805 624 мың теңгені құрайды. |
|
119. |
Аты-жөні: Сабыртаев Жалғас - Еркінқала ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы. Оқушыларды Еркінқала орта мектебіне автобуспен тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру. |
Қалалық білім бөлімі тарапынан мәселені демеушілер арқылы шешу бағытында қажетті жұмыстар жүргізілуде. Күні бүгінге мектепке Еркінқала-2 ден 980 оқушы қатынап оқиды. Мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус арқылы 474 оқушы қатынайды. |
|
120. |
Аты-жөні: Тұрғанбаев Асхат - Ракуша ауылы тұрғыны. Ракуша ауылына амбулатория құрылысын салу.
|
Ракуша ауылынан әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу үшін бос жер телімдері жоқ. Балауса ықшам ауданынан амбулатория құрылысын салу үшін 25 орындық типті жоба (привязка ЖСҚ жасақтау, жалпы сомасы 7,8 млн.теңге) 2022 жылдың қыркүйек айында өткізілген облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылып, қолдау таппады. 2023 жылдың мамыр өткізілетін сессия қарауына облыстық құрылыс басқармасы арқылы енгізілген. |
|
Қызылқоға ауданы |
||
|
121. |
Аты-жөні: Тайжанов Төлеу - Мұқыр ауылының тұрғыны, зейнеткер. Мұқыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға қосымша жапсарлас ғимаратын салу мәселесі туралы. |
Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жалғама құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақтауға 5 млн. теңге қаржы бөлінді. Жобалаушы мекеме – «ДУМК-проект» ЖШС |
|
122. |
Аты-жөні: Төриев Қуандық Орынбайұлы - Мұқыр ауылының тұрғыны. Мұқыр ауылынан 160 орындық балабақша құрылысын салу. |
Қызылқоға ауданы әкімдігімен Мұқыр ауылынан 160 орындық балабақша салуға Білім басқармасына 10.12.2021 жылы №06-06-01-02/2526 санды ұсыныс хат жолданды. |
|
123. |
Аты-жөні: Төриев Қуандық Орынбайұлы - Мұқыр ауылының тұрғыны. Мұқыр ауылынан спорт кешенінің ғимаратын салу. |
Жер телімі бөлінді. ЖСҚ дайын. Жоба құны – 403,9 млн.теңге. Биылғы жылы әлеуметтік әріптестік арқылы құрылысы басталады. |
|
124. |
Аты-жөні: Төриев Қуандық Орынбайұлы - Мұқыр ауылының тұрғыны. Мұқыр ауылындағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылысын аяқтау. |
Мердігер мекеме "Автостройконсалтинг" ЖШС арқылы жүруде. Жалпы құны 306,1 млн.теңге. 2022 жылға дейін жергілікті бюджеттен 120,5 млн.теңге қаржы бөлінді, 2023 жылғы 150 млн.теңге қаралды. |
|
125. |
Аты-жөні: Амандосов Мақаш Хамиұлы - Мұқыр ауылының тұрғыны. Мұқыр спорт мектебін күрделі жөндеуден өткізу. |
Қызылқоға аудандық балалар және спорт мектебінің Мұқыр ауылындағы бөлімшесі ғимаратын күрделі жөндеу үшін қаржы бөлінді. Мердігер – СКФ «Рахмет». Күрделі жөндеу үшін ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізуге 600 мың теңге қаралды. |
|
126. |
Аты-жөні: Мұханбетов Жаубасар - Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер.
Миялы ауылынан 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу. |
Миялы ауылындағы 3 қатарлы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы «НКОК» компаниясы арқылы демеушілік негізінде салынуда. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «ТемирстройСервис и Ко» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2024 жылғы наурыз. |
|
127. |
Аты-жөні: Сүлейменов Мәлік - Миялы ауылының тұрғыны, зейнеткер. Тайсойған - Миялы магистралды су құбырының жүргізу.
|
Тайсойған-Миялы магистралды су құбырының құрылысын жүргізуге жеңімпаз «СапаҚұрылыс-2007» ЖШС мекемесі анықталды. Келісімшартқа қол қойылды. ҚР ЭГТРМ "Су ресурстар" комитеті балансына берілді. Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында РБ-тен 2021 жылы - 230,0 млн.теңге, 2022 жылы - 2 235,0 млн. теңге, 2023 жылы 2 235,0 млн.теңге жоспарланған, тиісті жұмыстарды жоспарға сәйкес жүргізілуде. |
Облыс әкімі С.Ж.Шәпкеновтің 2023 жылы қала және аудандарға іс сапарларында берген хаттамалық тапсырмалары
|
Р/с |
Сұрақ қоюшы |
Орындалысы |
|
Жылыой ауданы |
||
|
1. |
Аты-жөні: Теміржан Асқар – Құлсары қаласының тұрғыны. Жаңа Қаратон кентіндегі пошта ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды
|
"Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы тарапынан Жаңа Қаратон СПББ-не ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарға енгізу үшін «Казпошта» АҚ-ның Орталық аппаратына ұсыныс жолданған. Алайда 2023 жылы Құлсары қаласында орналасқан пошта ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін, ал Жаңа Қаратон кентідегі пошта ғимаратының жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілмегендігі хабарланды |
|
2. |
Аты-жөні: Молдабаева Рая – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны. Жаңа Қаратон кентіндегі дәрігерлік амбулаторияға жаңа жедел жәрдем авкөлігін алып беруді сұрайды |
Ауданға 5 ауылдық округке 5 санитарлық автокөлік алу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына жариялау жұмыстары жүргізілуде
|
|
3. |
Аты-жөні: Нуралиев Азамат – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны. Жаңа Қаратон кентіндегі дәрігерлік амбулаторияның жапсарлас құрылысын пайдалануға беруді сұрайды |
Кенттегі дәрігерлік амбулаторияның жапсырмасының құрылысын аяқтау бойынша мердігер мекеменің кепілдік хатты негізінде тапсырысшы Атырау облысы құрылыс басқармасы сотқа шағымданды. Сот шешімі бойынш ағымдағы жылы мамыр айында толықтай аяқтау тапсырылды |
|
Мақат ауданы |
||
|
4. |
Аты-жөні: Тәжіғалиев Серік – Ескене елді-мекенінің тұрғыны. Тұрланов Есенжан – Бәйгетөбе ауылының тұрғыны. Мақат ауданына қарасты Ескене және Таскескен елді мекендері тұрғындарын Атырау қаласына көшіру мәселесін жан-жақты қарап, тиісті жұмыстарды ұйымдастырсын. |
Мақат ауданы әкімдігімен облыс әкімі С.Ж.Шәпкеновке Ескене ауылы мен Таскескен (№469 бекетінің) тұрғындарын Атырау облысының орталығы Атырау қаласына көшіру мәселесінің қаралуына ықпал етуді сұрап, ұсыныс хат жолданды. (2022 жылғы 31 мамыр №06-08-01-07-3/1338 хат) |
|
5. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы – Доссор кентінің тұрғыны. Аудан аумағына Сағыз өзенінен келетін суды сақтап қалу мақсатында арнайы су қоймасын салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізсін. |
Аудан аумағынан Сағыз өзенінен келетін суды сақтап қалу мақсатында арнайы су қоймасын салу мәселесі бойынша көшпелі жиналыс ұйымдастырылып, жиналыс қорытындысымен су қоймасын немесе су каналын салу үшін жер бедерін алдын ала зерттеуге конкурс жариялауға қаражат сұрату үшін бюджеттік өтінім дайындалуда |
|
6. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы – Доссор кентінің тұрғыны. Мақат ауданы Жайынбай қыстағынан керамзит кенін өндіру жұмыстарын қажеттілігін зерделей отырып, ұсыныс енгізсін. |
Мақат ауданы Жайынбай қыстағынан керамзит кенін өндіру мүмкіншілігін және керамзит қорын зерделеу үшін арнайы мекемелерге ұсыныс хат дайындалуда. |
|
7. |
Аты-жөні: Габдуллин Ғазиз Жолдасұлы – Доссор кентінің тұрғыны. Мақат кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі кәріз жүйелерін демеушілік арқылы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастырсын. |
Мақат кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі кәріз жүйелерін демеушілік арқылы жөндеуден өткізу үшін «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы мен «West Dala» ЖШС мекемесіне демеушілік көмек көрсету жөнінде ұсыныс хаттар жолданды. |
|
8. |
Аты-жөні: Құрманиязова Сандуғаш –Бәйгетөбе ауылының тұрғыны. Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кенті арасындағы темір жол үстімен жүретін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін пысықтап, ұсыныс енгізсін. |
Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кенті арасындағы темір жол үстімен жүретін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша АҚ «ҰҚ» «КТЖ»-Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының директорының м.у.а А.Рахмеденовқа, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Құрылыс басқармасына ұсыныс жолданды |
|
9. |
Аты-жөні: Баймұқашев Руслан Теміржанұлы –Мақат кентінің тұрғыны. Мақат кентінде ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салу мәселесін жан-жақты қарап, ұсыныс енгізсін. |
Мақат кентінен ерекше балаларға арналған оңалту орталығын ашу мақсатында Мақат кентінде бос тұрған ескі 2 қабатты жұқпалы аурулар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін қажетті қаражатқа бюджеттік өтінім дайындалуда. |
|
Индер ауданы |
||
|
10. |
Аты-жөні: Мақсот Мұхамбетқалиева - Ынтымақ ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер. Есбол ауылдық округіне қарасты Қайсағали учаскесіндегі тұрғын үйлерге газ тарту жұмыстарын толықтай аяқтау. |
Ынтымақ ауылынан Қайсағали учаскесіне дейінгі 5 шақырым жер тұрғын үйлерге газ тарту мақсатында қазылды. Қайсағали учаскесіне газ желісінің тұрбасы қосалқы бөлшектерімен бірге демеушілік арқылы алынды. Жылыту маусымына дейін толықтай аяқталады. |
|
11. |
Аты-жөні: Ажар Сұлтанғалиева – Есбол ауылы тұрғыны, зейнеткер. Есбол ауылдық округі бойынша медицина ұйымдарының жедел жәрдем автокөлігіне қажеттіліктерін зерделеп, көлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын. |
Индер аудандық ауруханадан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қажет етілетін 5 дана жедел жәрдем автокөлігіне 2022 жылы 8-қыркүйекте № 01-17/997 сұраныс хаты жолданды. |
|
12. |
Аты-жөні: Ажар Сұлтанғалиева – Есбол ауылы тұрғыны, зейнеткер. Есбол ауылында құрылысы жоспарланған 50 орындық аурухана ғимаратының жерін заңдастыру жұмыстарын жүргізу. |
Есбол ауылында құрылысы жоспарланған 50 орындық аурухана ғимаратының жері заңдастырылып, құжаттары жасақталды. Жобалау жұмыстарына қажетті құжаттары жинақталуда. |
|
13. |
Аты-жөні: Ажар Сұлтанғалиева – Есбол ауылы тұрғыны, зейнеткер. Есбол ауылдық округіне қарасты қажетті дәрігер мамандарды тарту жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Аудандық аурухананың директоры ауданға қажетті дәрігер мамандар тарту мақсатында ағымдағы жылдың 9-10 наурыз күндері М.Оспанов атындағы Ақтөбе медициналық университетінде ұйымдастырылған жас мамандардың жәрмеңкесіне қатысты. Күні бүгін, Астана университетінде ауданға жас мамандарды тарту мақсатында кездесу өткізуде. 9 маманмен алдын ала келісім жасалды. |
|
14. |
Аты-жөні: Виктор Николаевич – Аңшылар одағының мүшесі. Облыс аумағындағы аң аулаудың арнайы орындарын белгілеу заңдылықтарын зерделеп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. |
Жергілікті әуесқой аңшылардың аңшылыққа жер бөлу туралы өтініші қаралды. Сәйкес келетін жерлер анықталып, облыс әкімдігінің қаулысымен бекіту үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына ұсыныс берілді. |
|
Махамбет ауданы |
||
|
15. |
Аты-жөні: Ещанов Мұрат Барысұлы – Таңдай ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы. Таңдай ауылына жаяу жүргіншілер жолы бар ауылішілік жолдар салу. |
Таңдай ауылында 6,1 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы бар ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық құжаттама жасақталып, 28.12.2022 жылы (№АЕР-0010/22) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 972,924 млн. теңге. |
|
16. |
Аты-жөні: Қойбақов Әлібек Хамидоллаұлы – Таңдай ауылы тұрғыны, зейнеткер. Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Бақсай» каналының уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасы етсін. |
«Бақсай» каналының күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылдан бастап «Гидро Құрылыс» ЖШС-і арқылы жүргізілуде. Қазіргі уақытта қазу жұмыстарын және су қабылдау бассейіннің жөндеу жұмыстарын аяқтады. Енді шлюздерін жөндеу жұмыстарын бастайды. Күрделі жөндеу жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. |
|
17. |
Аты-жөні: Баймұханов Алтай Сағынғалиұлы –Таңдай ауылы тұрғыны. Таңдай ауылынан 300 метрдей жерде орналасқан карьердің орналасу заңдылығын зерделеп, ұсыныс енгізсін. |
Таңдай ауылының маңында орналасқан карьердің меншік иесіне карьерді басқа жерге көшіру туралы ұсыныс берілді. Алайда, жер қойнауын пайдалану туралы заңына сәйкес жасақталатын жобаларға көп қаражат кететіндігі туралы уәжін айтып бас тартып отыр. Күні бүгінде аталған карьердің жұмысы тоқтап тұр. |
|
18. |
Аты-жөні: Қалишанов Қанат Қуандықұлы – Таңдай ауылы тұрғыны. Таңдай ауылына жабық спорт алаңын салу.
|
Таңдай ауылында жаңадан 150 орындық жабық спорт кешенінің жобалау сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды. (Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме «СуҚұрылысПроект» ЖШС, жоба құны 1 400 000,0 мың теңге). |
|
19. |
Аты-жөні: Әбішов Ғайнолла - Таңдай ауылы тұрғыны. Таңдай ауылы, Бақсай көшесінің электр желісін жаңадан жүргізілген электр желісіне қосу мүмкіндігін қарастырсын. |
Қазіргі уақытта Таңдай ауылында электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылатын болады. |
|
20. |
Аты-жөні: Сәрсембиев Ғарифолла – Таңдай ауылы тұрғыны, зейнеткер. Махамбет ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге талдау жүргізілсін. |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 13 мың гектарды құрайтын 69 жер учаскесі өз мақсатына сай игермей отырғандығы анықталды. Анықталған жерлерді мемлекет тарапына кері қайтару мақсатында Атырау облысының жер ресурстары департаментіне шарасын алу үшін тізімі жолданды. |
|
Исатай ауданы |
||
|
21. |
Аты-жөні: Борашев Ғазиз - Қызыл үй елді мекені тұрғыны. Қызыл үй және Жасқайрат елді мекеніне тартылып жатқан газ желісі құрылысын жылыту маусымына дейін аяқтау. |
Мердігер мекеме – «Байсын-А» ЖШС, жоба құны – 616 млн.теңге (Қызыл үй), 698 млн. теңге (Жасқайрат). Қазіргі уақытта мердігер мекемемен жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар Энергетика және ТКШ басқармасымен бақылауда. |
|
22. |
Аты-жөні: Мажиков Бейімбет - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп тұсына автокөліктердің жүрісін төмендету мақсатында жол белгілерін (кедергі) орнату. |
Исатай аудандық полиция бөлімімен 2023 жылғы 19 мамырда «ҚазАвтоЖол» мекемесіне автокөліктердің жүрісін төмендету мақсатында жол белгілерін (кедергі) орнату бойынша тиісті нұсқама жолданды. |
|
23. |
Аты-жөні: Мажиков Бейімбет - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Ауыл көшелеріне көше жарығын орнату.
|
Бюджеттік өтінім Энергетика және ТКШ басқармасына 2023 жылғы 23 қаңтарда жолданды (№06-05-03-184 хаты). Жоба құны – 418,1 млн. теңге. Алдағы сессияда қаралуы күтілуде.. |
|
24. |
Аты-жөні: Мажиков Бейімбет - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Бақсай каналының ауыл ішінен өтетін тұсында қазу жұмыстары жүргізу.
|
Бақсай каналын жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталып, жалғасуда. Жоба аясында Бақсай каналынының 32,5 шақырымы жөнделеді. Соның ішінде Исатай ауданы аумағынан 16,5 шақырымын жөндеу көзделген. 6,5 шақырымына жөндеу жұмысытары жүргілізіп, аяқталды. Қалған 10 шықырымын жүргізу үшін канал суының деңгейі төмендетілуде. Су деңгейін төмендету жұмыстары маусым айында бастау жоспарланған. Тапсырыс беруші «Казсушар» РМК Атырау облыстық филиалы. Мердігер «ГидроҚұрылыс» ЖШС |
|
25. |
Аты-жөні: Мажиков Бейімбет - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Пайдалануға берілген ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіру. |
Мердігер мекеме – «Атырау Жолдары» ЖШС, жоба құны – 883,3 млн теңге. Ауылішілік жолына мердігер мекемемен құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
|
|
26. |
Аты-жөні: Нигметуллина Зауреш - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Дәрігерлік амбулаторияға штат мәселесін қарауды және Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясына жаңа қызметтік көлік бөлу.
|
«Исатай аудандық ауруханасы штаттық кесте бойынша 3 штат бірлік жалпы тәжірибелі дәрігер бекітілген, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс жасап отыр, оның ішінде бір жалпы тәжірибелі дәрігер зейнет жасына жетті. Орта буын қызметкерлері толығымен қамтылған. 2023 жылға жоспараланған бюджетіне Исатай ауданына 5 санитарлық автокөлік қарастырылған. Қазір таңда бюджеттік өтінім Қаржы басқармасына жолданды. Қаржы басқармасымен көліктерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде |
|
27. |
Аты-жөні: Сиғуатова Күнай - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. «Разведка» ықшам ауданына көше жарығын жүргізу, темір жол өткелінің тұсындағы автомобиль жолының қатарына жаяу жүргіншілер жолын салу. |
Бюджеттік өтінім Энергетика және ТКШ басқармасына 2023 жылғы 23 қаңтарда жолданды (№06-05-03-184 хаты). Жоба құны – 418,1 млн. теңге. Алдағы мәслихат сессиясында қаражат қаралуы күтілуде. |
|
28. |
Аты-жөні: Сиғуатова Күнай - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. «Разведка» ықшам ауданына жаңа мектеп салу. |
Аталаған ықшам ауданға мектеп қажеттілігі аудан әкімдігімен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу қорытындысына сәйкес ұсыныс Облыстық Құрылыс басқармасына жолданатын болады |
|
29. |
Аты-жөні: Сиғуатова Күнай - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Тұщықұдық ауылында балабақша кезегінде тұрған бала саны көп болуына байланысты Тұщықұдық ауылынан жаңа балабақша салу. |
Қазіргі таңдан аудан әкімдігімен тиісті мекемелерге хат жолданып, ұсыныс дайындалуда. |
|
30. |
Аты-жөні: Мұханов Талғар - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Ауыл шетінде кезінде топырағы алынған, ескі карьерді толықтай күреп, тегістеп тастау. |
Қазіргі таңда аталған карьерді тегістеу мақсатында демеушілік көздері қарастырылуда. |
|
31. |
Аты-жөні: Хайруллаев Өмірбек - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Жаңадан салынған полигонның кеңейту және сол жерден шыққан топырақпен ескі карьерді тегістеуді және «Телемген» қорымы тұсынан қазылған жерлерді мердігер мекеме қайтадан қалпына келтіру. |
Полигонды қоршау, кеңейту бойынша конкурсқа берілді. Жоба құны – 6 млн. теңге. Конкурс 24 мамырда ашылады. Аудан әкімдігімен демеушілікпен көлік сұрап, тегістеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
|
|
32. |
Аты-жөні: Ризуанов Қобыланды - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. 2021 жылы құрылысы басталған ауылішілік жол құрылысының жұмыстарын толықтай аяқтау. |
Мердігер мекеме – «Атырау Жолдары» ЖШС, жоба құны – 883,3 млн теңге. Мердігер мекемен жұмыстары жүргізілуде. |
|
33. |
Аты-жөні: Ризуанов Қобыланды - Тұщықұдық ауылы тұрғыны. Әлеуметтік маңызы бар тамақтардың бағасына бақылау жүргізу жұмысы күшейту. |
Аудан әкімдігімен мониторинг жүргізілуде. Тиісті ақпарат Ауыл шаруашылығы басқармасына жолданып отыр. |
|
34. |
Аты-жөні: Сыдихов Болат - Тұщықұдық ауылының тұрғыны. Жеке тұлғалар тұрғын үй құрылысы біткен соң ауыз су желілерін қосып, пайдалануға рұқсат алу үшін Атырау қаласына баруына тура келеді. Себебі Аудандық филиалда мұндай жұмыстар жүргізілмейді, осыған орай қызметті ауданнан алуды ұйымдастыруды сұрайды. |
Қазіргі таңда аталған тапсырмаға орай, Тұщықұдық округінің тұрғындары техникалық шарттар және дайын құжаттарды беру үшін Исатай ауданы, Аққыстау ауылы Е.Қазақстан көшесі, №12а мекен-жайында орналасқан «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның Исатай ауданы филалы мекемесінен тиісті құжат қабылдайтын маман бөлінді. |
|
35. |
Аты-жөні: Қуанов Абзал - Тұщықұдық ауылының тұрғыны. Республикалық маңызы бар «Атырау - Астрахань» тас жолының сапасы өте нашар. |
Қазіргі таңда «Атырау - Астрахань» тас жолының құрылыс жұмыстары стандарттарға сай жүргізілуде. Тұщықұдық ауылының тұсын «Тодини Коструциони Дженерали С.П.А» ЖШС-і жүргізуде. Ұзындығы 45 шақырым. Сонымен қатар, аталған жолдың сапасын Жол активтер сапасы мекемесі және техникалық қадағалаушылар қадағалауда. |
|
36. |
Аты-жөні: Каюмова Кабира - Тұщықұдық ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз. Тұщықұдық ауылдық округ әкімі аппаратына жаңа ғимарат салу. |
ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. Бюджеттік өтінім Құрылыс басқармасына 2023 жылғы 2 ақпанда жолданды (№06-05-02-306). Жоба құны – 231 млн.теңге. |
|
Құрманғазы ауданы |
||
|
37. |
Аты-жөні: Қалиев Ғаділхан – Еңбекші ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Еңбекші ауылының ішкі жолының жаңғыртылуын, яғни қалған 6,8 км жол құрылысын жүргізу. |
ЖСҚ жасақталуда. Жобалаушы мекеме «ЛМ Транспроект» ЖШС. Тапсырыс беруші: Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. |
|
38. |
Аты-жөні: Қалиев Ғаділхан – Еңбекші ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Жазғы, күзгі уақыттарда судың деңгейінің төмендеуіне орай Сұрхан каналының Шарон өзеніне қосылатын жерін қазу, түптереңдету жұмыстары жүргізу. |
Облыстық құрылыс басқармасына түптереңдету жұмыстарына қосымша түзету енгізу үшін ұсыныс дайындалуда. |
|
39. |
Аты-жөні: Қалиев Ғаділхан – Еңбекші ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Еңбекші ауылдындағы медициналық пункттің апаттық жағдайда тұруына орай жаңадан медициналық пункт салу. |
Облыстық құрылыс басқармасына жаңадан медициналық пункт салу үшін ұсыныс жолданды. |
|
40. |
Аты-жөні: Қалиев Ғаділхан – Еңбекші ауылының тұрғыны, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Еңбекші ауылындағы жастарға арналған спорт кешені құрылысын салу. |
Спорт кешенінің құрылысына «СуҚұрылысПроект» ЖШС-гімен ЖСҚ жасақталды. Қазіргі таңда құжаттары сараптамаға жолдануда. |
|
41. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылының тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Жыланды ауылының 11 км ішкі автомобиль және 6 км тротуар салу жұмыстарын аяқтау. |
ЖСҚ жасақталуда. Жобалаушы мекеме «ЛМ Транспроект» ЖШС. Тапсырыс беруші: Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. |
|
42. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылының тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Жыланды ауылына спорт кешенін салу. |
Жабық спорт кешенін салу үшін ЖСҚ жасақтауға қажетті қаржы көлемінің есебі шығарылып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолдануда. |
|
43. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылының тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Қиғаш өзеніне шығатын Үштамақ, Бақсай тармақтарын және Шарон өзенінен Райлас, Ражок өткелдерін түптереңдету жұмыстарының 3-ші кезеңіне енгізу. |
Құрманғазы ауданы әкімдігі облыстық Құрылыс басқармасына түптереңдету жұмыстарына қосымша түзету енгізу үшін ұсыныс дайындалуда. |
|
44. |
Аты-жөні: Сұлтанов Сабыржан – Жыланды ауылының тұрғыны, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы. Дыңғызыл ауылдық округіне қарасты Ресеймен арадағы шекараға қоршау (43 км) орнату |
Қоршау жұмыстары Шекара қызметінің ағымдағы жылғы жоспарына енгізілген. |
|
45. |
Аты-жөні: Дүйсенбайқызы Нұргүл – Құрманғазы аудандық мәслихат депутаты. Құрманғазы ауылына кәріз суларын тазарту имаратын (КОС) салу |
ЖСҚ жасақталуда. Жобалаушы мекеме «Эдем Строй» ЖШС. Тапсырыс беруші: Атырау облысының құрылыс басқармасы. |
|
46. |
Аты-жөні: Дүйсенбайқызы Нұргүл – Құрманғазы аудандық мәслихат депутаты. Бөкейхан ауылындағы су желісінің құрылысын аяқтау
|
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан және Кудряшово ауылдарындағы су тазарту имараттары мен су құбырлар желілерін қайта жаңарту» нысанының құрылысы жүргізілуде. Мердігер мекеме «Болат-Д» ЖШС. Келісім шарт №11 24.04.2020 жыл. Құны 685 167,0 мың теңге. |
|
47. |
Аты-жөні: Дүйсенбайқызы Нұргүл – Құрманғазы аудандық мәслихат депутаты. Құрманғазы ауданы өзендердегі түп тереңдетілген учаскелерінде судың тереңдігіне және заңға сәйкес құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне тексеру жүргізу |
Атырау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Атырау облысы шегінде Қиғаш өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық режимін жақсарту құрылысы. № 2. 1-кезек» жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Павлодар Өзен Порты» АҚ-ғы. Жүргізіліп жатырған түптереңдету жұмыстарының сапасын қадағалау мақсатында Құрылыс басқармасының жанынан жұмыс тобы құрылып, қадағалануда. |