«Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Атырау облысы әкімдігінің қаулысы жобасына
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
р/с№ |
НҚА құрылымдық бөлігі |
НҚА қолданыстағы редакциясы |
НҚА құрылымдық бөлігі |
Өзгерістің ұсынылатын редакциясы |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №129 қаулысында: қосымшада: «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: |
|||||
|
1 |
14-тармақтың 2) тармақшасы |
тиiстi мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметтi азаматы» атағын беруге ұсыныс енгiзудi ұйымдастыру; |
14-тармақтың 2) тармақшасы |
тиiстi мәслихатқа «Облыстың құрметтi азаматы» атағын беруге ұсыныс енгiзудi ұйымдастыру; |
|
|
|
14-тармақтың 15) тармақшасы |
облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат, мемлекеттік наградалар жөніндегі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу комиссияларының қызметін қамтамасыз ету |
14-тармақтың 15) тармақшасы |
облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат, мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялар, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссиялар қызметін қамтамасыз ету |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес қосымша функцияларды жүктеу мақсатында |
|
|
14-тармақтың 16) тармақшасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрінің Кеңсесі басшыларының актілерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру |
14-тармақтың 16) тармақшасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі Аппараты басшыларының актілерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру |
|
|
|
14-тармақтың 17) тармақшасы |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу |
|
Жоқ |
|
|
|
14-тармақтың 20) тармақшасы |
әкімдікке, әкімге, оның орынбасарларына және Аппаратқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу есепке алу және қарау |
14-тармақтың 19) тармақшасы |
әкімдікке, әкімге, оның орынбасарларына және Аппаратқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, үн қосуларын, ұсыныстарын, сұрау салуларын қабылдау, тіркеу есепке алу және қарау |
|
|
|
14-тармақтың 22) тармақшасы |
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету; |
|
Жоқ |
|
|
|
14-тармақтың 23) тармақшасы |
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету |
|
Жоқ |
|
|
|
14-тармақтың 24) тармақшасы |
жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету |
|
Жоқ |
|
|
|
14-тармақтың 25) тармақшасы |
ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру |
|
Жоқ |
|
|
|
14-тармақтың 26) тармақшасы |
өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау |
|
Жоқ |
|
|
|
18-тармақтың 11) тармақшасы |
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. |
18-тармақтың 11) тармақшасы |
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; |
|
|
|
18-тармақтың 12) тармақшасы |
Жоқ |
18-тармақтың 12) тармақшасы |
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. |
|
|
|
6-тарау |
Қарамағындағы мекемелердің тізбесі «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
|
Қарамағындағы мекемелердің тізбесі 1. «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 2. «Атырау облысы әкімі аппаратының Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
|