Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары бойынша «е-тініш» ақпараттық жүйесіне 2023 жылдың 1 жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 17386 өтініш тіркелген.
Өтініштердің түрлері бойынша келіп түскені: арыздар – 12609, шағымдар -658, ұсыныстар -1191, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, үн қосулар) – 2928.
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 8771 әкімшілік акт қабылданды, оның ішінде, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны -5776, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданғаны -2995.
Өтініш берушілердің көтерген мәселелері: жер және жер пайдалану – 4705, тұрғын үйкоммуналдық мәселелер – 1706, білім беру - 1148, еңбек қатынастары – 914, тұрғын үй бөлу – 672, құрылыс – 620, әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру – 540, мәдениет – 452, жұмыспен қамту – 413, кәсіпкерлік – 410, қаржы бақылау – 322, денсаулық сақтау, санитария және гигиена – 281, , ішкі саясат – 280, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік сатып алукөлік және коммуникация – 225, ауыл шаруашылығы – 210, көші-қон және мемлекеттік шекарадан өту мәселелері – 188, жер қатынастары – 167, мемлекеттік басқару – 166, құжатайналым – 160, қоғамдық және жол қауіпсіздігі – 112, өнеркәсіп және энергетика – 103, азаматтарды жеке қабылдау – 94, табиғат және табиғат пайдалану – 83, спорт және дене шынықтыру – 72, байланыс, цифрландыру және ақпарат – 62, төтенше жағдайлар – 62, мемлекеттік қызмет көрсету – 44, кеден және салық әкімшілігі – 34, санаты анықталмаған және басқа да мәселелер бойынша – 3175.
Сондай-ақ, азаматтардың келесідей өзекті ТОП-3 мәселелері қаралды:
ТОП-1: Жер және жерді пайдалану – 4712 (31,4%);
ТОП -2: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық - 1715 (11,4%);
ТОП -3: Білім беру - 1153 (7,7%).
2023 жылдың І жартыжылдығында облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде 451 қабылдау ұйымдастырылып, 2207 азамат жеке қабылданды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен жеке кездесулері шеңберінде облыс әкімімен 99 азамат жеке қабылданды.
Қабылдау үстінде өтініш иелеріне мәселелері бойынша заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені – 1005, мемлекеттік органдарға өтініш иелерінің мәселесін қарау үшін тапсырма жолданғаны – 1202.
Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 787 азамат өтініш білдірді. Олардың: тұрғын үй - 144, денсаулық - 64, әлеуметтік көмек - 18, білім - 42, жұмыспен қамту-29, жерді пайдалану-8, жол салу-9, кәсіпкерлік-20, құрылыс-2, мәдениет-12, ауыл шаруашылығы-3, қаржы-2, тағы да басқа мәселелер бойынша - 434. Барлығына заң аясында түсініктемелер берілді.