Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аударуға мүмкіндігім бар ма және оны қалай жасауға болады?

Мен Қазақстанда уақытша жұмыс істейтін Ресей азаматымын. Ерікті зейнетақы жарналарын аударуға мүмкіндігім бар ма және оны қалай жасауға болады?

Иә, мұндай мүмкіндік бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісімнің (ЕАЭО Келісімі) 3-бабына сәйкес ЕАЭО елдерінің еңбекші-азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарының құқықтарын қалыптастыру сияқты шарттар және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен жүргізіледі. Бұл ЭАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің осы одаққа мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарын өз азаматтарына берілетін шарттарға тең көлемде ұсынатынына кепілдік беретінін білдіреді.

ЭАЭО Келісімінің 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналарының қатарына ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) да кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ЕЗЖ жарнаның осы түрін есепке алатын жеке зейнетақы шотын ашу үшін негіз бола алады. Оның мөлшері мен кезеңділігін салымшы дербес айқындайды.

ЕЗЖ-ны БЖЗҚ-ға екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе "Қазпошта" АҚ арқылы аударуға болады. Кейбір ЕДБ жарналарды онлайн режимінде (ұялы қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарында) аударуға мүмкіндік жасап қойған.

БЖЗҚ сайтында (https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/ipa/vpc.php) толық ақпаратпен танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 июля 2023